Өз міндеті мен жауапкершілігін терең сезіне білу, іскерлікті, кішіпейілділікті, мэдениеттілікті қастерлеу - журналистің кәсібіне, күнделікті қызметіне эбден сіңісті болған этикалық касиет бо- лып табылады. Жеке бастың мүддесін көздеп, өзінің қарақан басының қамы үшін баспасөз мінберін пайдалануға эрекеттену БАҚ кызметкерлері арасында кездесіп жатады. Мұны этикалық, моральдық жағынан азғындау деп таныған жөн. Адал эрі эділ болу - журналист этикасының ең бір игі қасиеті. Өмірдің объективтік шындығын көпке жеткізуші, сол аркылы қоғамдық пікірді калыптастырушы, төртінші билік иелерінің ешқашан да өтірік айтуға, жалған ақпарат таратуға қақысы жок. Бұл екінші жағынан журналист этикасының да қастерлі касиеті болып табылады. Журналистік мамандықтың бір ерекшелігі, эртүрлі көз-