баласының ішкі түйсік сезім і дүрыс бағытталса, ақыл-ойы да соған орай іс-әрекетке барады. Ғұламаның этикалык көзқарасы адам жөніндегі ұғымға негізделіп, этикалық идеялары коғамдағы іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылып отырды. Аристотель өз ілімінде адамгершілік пен этиканы адамдардың маңызды сипатта- масы деп таныды. Ол «Политика» деген еңбегінде былай деп жа- зады: «Мейірбандық пен зұлымдық, әділеттілік пен әділетсіздік, т.б. жанұя мен мемлекеттің негізін қалайтын ұғымдарды сезім тұрғысынан қабылдау адамның ғана қолынан келеді». Яғни, адамгершіліктің көзі енжарлық пен дәрменсіздікте емес, керісінше, белсенділік пен жасампаздықта деп түсінді. Адамның әділетті, жігерлі болуы оның игілікті ісімен тығыз байланысты. Әркім өзін бақытқа лайықтымын деп есептеуге құқылы.