бойынша мұсылмандық құқықтың барлық нормалары Құраннан жэне суннадан алынған. Сондықтан да, этика ғылымының нағыз энциклопедиясы - Құран Кэрім, хадистер мен сүрелер. Мухаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с) үмбеттеріне қалдырған хадистері ислам дінін танытуға қоса, жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, ар-иман, обал-сауап, тағы басқа әдеп нор малары жайындағы ұлы өнеге болып табылады. Бірнеше мысал- дар келтірсек, Пайғамбарымыз (с.а.у) хадистерінде: «Нағыз таза жүрек адам ол - мінез-құлығы жақсы болған мүмін», - деген (Имам Нэуэуи, Хадистер жинағы (риядус-салихин). 2012. 271 б.). Әбу Дэрда (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.а.у): Қиямет күні мүміннің таразысында көркем мінезден де ауыр басатын ешнәрсе болмай- ды. Расында, Аллаһ тағала бейпілауыз дөрекіні жек көреді», -