П компоненттерден


-мысал. 10%-дық сілті ерітіндісін дайындау үшін 200мл 30%-дық (масса бойынша) NaOH ерітіндісіне (r = 1,33г/мл ) қанша су құю керек? Шешуі



бет6/12
Дата31.12.2021
өлшемі26,9 Kb.
#21344
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
зертханалық жұмыс 14

6-мысал10%-дық сілті ерітіндісін дайындау үшін 200мл 30%-дық (масса бойынша) NaOH ерітіндісіне (r = 1,33г/мл ) қанша су құю керек?

Шешуі: 200мл NaOH ерітіндісінің массасы 200мл × 1,33г/мл = 266г, сонда бұл ерітіндіде 266 ×0,3 = 79,8г 30%-дық NaOH болады. Есеп шарты бойынша бұл масса (79,8г) сұйытылған ерітіндінің жалпы массасының 10%-дық құрайды. Сонда алынған ерітінді массасы (79,8/10) ×100 = 798г болады. Олай болса, алғашқы ерітіндіге 798 – 266 = 532г су қосу керек.

7-мысал. 500мл 3М тұз қышқылының ерітіндісін дайындау үшін 2М және 6М ерітінділерінің қандай көлемдерін араластыру керек. Араластырған кезде көлемдер өзгерісін есептемеу керек.

Шешуі: 500мл 3М тұз қышқылында 0,5×3 = 1,5моль НСІ болады, 6М ерітінді көлемін х деп белгілесе, 2М ерітінді көлемі (0,5 – х)л, сонда х,л 6М ерітіндіде 6х моль НСІ болады, ал (0,5 – х) л 2М ерітіндіде – 2(0,5 - х) моль НСІ болады. Ерітіндідегі НСІ-дың жалпы мөлшері 1,5моль болатындықтан, былай жазамыз: 6х + 2(0,5 - х) = 1,5; х = 0,125л . Олай болса, қажет ерітіндіні дайындау үшін 125мл 6М және 375мл 2М НСІ ерітінділерін алып, араластырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет