П компоненттерден


Ерігіштік. Қаныққан ерітіндідегі еріген заттың шамасы – ерігіштік



бет7/12
Дата31.12.2021
өлшемі26,9 Kb.
#21344
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Ерігіштік. Қаныққан ерітіндідегі еріген заттың шамасы – ерігіштік деп аталады. Заттардың ерігіштігі еритін зат пен еріткіштің табиғатына, температураға, ал газдар үшін қысымға да тәуелді болады. Қатты және сұйық заттың ерігіштігін ерігіштік коэффициентімен (К) көрсетеді, яғни 100г еріткіште қанық ерітінді түзгенге дейін ери алатын заттың массасы. Газдардың ерігіштігі абсорбция коэффициентімен сипатталады, ол еріткіштің бір көлемінде қанық ерітінді түзілгенге дейін еритін газдың көлемін көрсетеді.

Генри заңы бойынша тұрақты температурада сұйықтың берілген көлемінде еріген газ массасы сол газдың парциал қысымына тура пропорционал. Оның математикалық өрнегі: с = k × P, мұндағы с – газдың ерігіштігі, моль/л; Р – газдың парциал қысымы, атм; k – пропорционалдық коэффициент, не Генри коэффициенті, моль/л×атм. Генри заңынан газдың еритін көлемі (яғни абсорбция коэффициенті) сол (берілген) температурада газдың парциал қысымына тәуелді емес екендігін көруге болады.

Газдар қоспасының еруі Дальтон заңына бағынады: қоспадағы әр газдың ерігіштігі оның парциал қысымына тура пропорционал. Қатты заттардың суда еруі көбінесе эндотермиялық процесс, себебі көп жағдайда гидратация кезінде кристалдық торларды бұзуға жұмсалатын энергиядан аз энергия бөлінеді. Осы екі шаманың қатынасы ерудің жалпы жылу эффектісін (±Q) анықтайды. Егер Q мәні оң болса, қатты заттардың ерігіштігі температураны көтергенде, азаяды, теріс болғанда – артады. Ерігіштіктің температураға тәуелділігін график түрінде бейнелесе – ерігіштік қисығы тұрғызылады, одан заттарды қайта кристалдап тазалағанда алынған заттың шығымын не жоғалтылған мөлшерін анықтайды.



1-мысал. 500г калий селитрасын қайта кристалдап тазалау үшін 600г суда қыздырып еріткен. Алынған ерітіндіні 0°С температураға дейін суытқан. Сонда алынған таза тұздың және тұздың жоғалған мөлшерінің массалық үлестерін қанша болатынын есептеу керек.

Шешуі: Ерігіштік қисығы графигінен бұл тұздың 100г суда 0°С температурада 17г еритіндігін табады. Олай болса, кристалданған соң ерітіндіде 17× 6 = 102г тұз қалады. Тазаланған тұз массасы (шығымы)

500 – 102 = 398г болады, ол тазалауға алынған селитра массасының

398 × 100/500 = 79,6% құрайды. 0°С температурада еру әсерінен тұздың жоғалған шамасы 102× 100/500 = 20,4%.

2-мысал. 1л суда 20°С температурада және 1,013×105Па қысымда H2S газының 2,91л көлемі ерісе, сонда оның қанық ерітіндідегі массалық үлесі нешеге тең?

Шешуі: қ.ж. күкіртті сутектің көлемі 2,91×273/293 = 2,71л, ал оның осы көлемдегі массасы 34×2,71/22,4 = 4,11г. Алынған ерітіндінің массасы:

m (H2O) + m (H2S) = 1000 + 4,11 = 1004,11г, сонда H2S осы ерітіндідегі массалық үлесі 4,11×100/1004,11 = 0,4%.



3-мысал. 60°С температурада калий селитрасының қанық ерітіндісінде 52,4% (масса бойынша) тұз болса, осы температурадағы тұздың ерігіштік коэффициентін табу керек.

Шешуі: Мына пропорция бойынша

47,6г суға ------- 52,4г KNOкеледі

100г суда ------- х , сонда х = 110г. Сонымен тұздың 60°С температурада 100г судағы ерігіштігі 110г болады.

4-мысал. 15%-дық 300г ерітіндіні суытқанда еріген заттың бір бөлігі тұнбаға түскен соң, ерітінді концентрациясы 8% болған. Заттың тұнбаға түскен массасын анықтау керек.

Шешуі: 300г 15%-дық ерітіндіде 45г еріген зат және 255г еріткіш бар. Ерітіндіні суытқанда еріткіш мөлшері өзгермейді. 255г еріткіштегі еріген затты пропорция құрып анықтайды:

92г еріткіште -------- 8г еріген зат бар

255г еріткіште -------- х,г сонда х = 22,2г.

Сонымен, ерітіндіні суытқанда 45 – 22,2 = 22,8г еріген зат тұнбаға түскен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет