П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет609/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   605   606   607   608   609   610   611   612   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

5.3.6. Болшектік сан есім
Бөлшектік сан есімдер - заттар мен құбылыс- 
тардың бөлшектік санын, үлесін білдіреді.
Бөлшектік сан есім морфологиялық құрамы 
жағынан күрделі болып келеді. Ол сан есімдердің 
белгілі бір грамм атикалы қ формалары арқылы 
тіркесуінен жасалады.
Бөлшектік сан есімдер тілде жай бөлшек және 
онды қ болш ек болып жұмсалады. Ж ай бөлш ек 
сандар сан есімдер тіркесінің бөлімі ш ы ғы с не- 
месе ілік септігінің бірінде, ал алымы тәуелдік 
тұлғада тұру арқылы жасалады. Қ араш ы қ лаш - 
қарлары ны ң 
үштен бірі
Ж әнібек ж ағы на шықты 
(Есенберлин) деген сойлем де бөлш ектік сан 
есімнің алымы ш ы ғы с септігінде тұрған сөз 
үштен
және бөлімі тәуелдік тұлғада тұрған 
бірі
создері арқылы жасалған.
Бөлш ектік сан есімдер есептік сан есімдерге 
жарты, жарым, ширек
сөздерінің тіркесуі арқы- 
лы және жеке тұрып қолданылуы арқылы да жа- 
салады. Әуреленіпжйр/гш километрдей жер жыл- 
ж ыдық (М омышұлы).Ж 7/?ьш ж олға келгеніміз- 
де артымыздан директор қуып жететін (М ақата- 
ев). Бір түйе 
бір жарым
ж ы лқы , бір жылқы - 
бір
жарым
өгіз болады (М үсірепов). Екі 
жарты -
бір бүтін (М ақал). Ал соңғы
бір жарым
айда 
екеуі күн сайын кездесіп тұрды десе де болған- 
дай (Жұмаділов).
Біздің ұлы жеңісімізге 
ширек
ғасыр толды 
(Қазыбаев). М ұн дағы
жарым, жарты, екінің бірі,
тең жартысы
деген ұғы м ды білдіреді де, 
ширек
сөзі 
төрттің бірі
деген ұғымда қолданылған. 
Ширек ғасыр -
жүз жылды төртке бөлгендегі бірін, 
яғн и жиырма бес жылын айтады.
О нды қ бөлш ектік сан есім бөлімі 
ондық,
жүздік, мыңдық
сияқты болып жасалады. 
Бес бүтін
оннан үш
немесе үш ондық (5,3), 
бес бүтін жүзден
бес
немесе бес жүздік (5,05) т.б. Бөлінетін жәрдем- 
ақы 
2,5
миллиард сомнан астам (“Соц. Қ аз.”). 
Ұлы баба кесенесінің биіктігі - 37,5 метр (“Ег. Кдз.”). 
7,5мың тұрғы ны бар бұл қаланың озіндік тари- 
хы қалыптаса бастаған (“ Білім және еңбек”).


САН ЕС ІМ
479
5.4. Л ЕК С И К А -С ЕМ А Н ТИ К А Л Ы Қ Ж А ҒЫ НА Н
САН ДЫ Қ Ұ ҒЫ М Д Ы
Б ІЛ Д ІР Е Т ІН С Ө ЗД Е Р
Қазіргі қазақ тілінде сем антикалы қ ж ағы - 
нан сан есімдерге ж ақы н сөздер бар. Олар: 
қос,
егіз, жарты, жарым, жалқы, жалғыз, дара, сыңар,
шақырым
т.б. Бұл сөздер мөлш ерлік м ағы нада 
қолданылады, бірақ лексика-грамматикалық ерек- 
шеліктеріне қарай әр түрлі сөз таптары на жата- 
ды. Бұзаубақтың бар малы 
ж алғы з
қоңы р сиы- 
ры (М айлин). Ш еттерінен 
қос
ат, інген, жамбы 
(тайтұяқ) сияқтыларды атасты (Әуезов).
Туған Кубан, туған Дон! 
Егіз
оскен саясың 
(Әбілов). Оларды лексика-семантикалық ерекше- 
ліктеріне қарай мынандай м ағы н алы қ топтарға 
болуге болады:
Санны ң тура м ағы насы нда қолданылатын 
создер: - тең жартысын білдіретін создер: 
жарты,
жарым.
Мыс.:
-бір
ұғымын білдіретін создер: 
жалғыз, дара,
жалқы.
-екі
ұғымын білдіретін сөздер: 
сыңар, егіз, қос,
пар.
- төрттен бір
м ағы насы н білдіретін сөз: 
ширек
сөзі.
- салмақ өлшемдерін білдіретін сөздер: 
мыс-
қал
(I гр.), 
қадақ
(750 гр.), 
келі
(I кг)., 
пүт
(16 кг.), 
батпан
(100 кг.).
- көлем өлшемдерін білдіретін сөздер: 
бір
шымшым, бір шокім, бір уыс, қос уыс, бір тілім
(нан), 
бір үйір, бір қолтық, бір шүйке, бір қүшақ, бір
қап, бір шелек, бір қасық, бір тамшы, бір шана, бір
арба, бір табақ, бір шоқ (үкі, тал), бір топ
(адам), 
бір қарын, бір сандық, бір қалта.
- қалы ңды қ өлшемін білдіретін сөздер: 
пы-
шақ сырты, қылыш сырты
(3-5 мм. шамасы), 
шы-
нашақ, елі, бармақ
(1-2,5 см
.),екі елі, үіи елі..., сере
(7; 10 сіүц) т.б.
- ұзы нды қ өлш емін білдіретін сөздер: 
елі
(1,5 см.), 
екі елі, үш елі..., түтам, сынық сүйем
(14-15 см.), 
сүйем
(17-18 см .), 
қарыс, кере қарыс
(20-22 см.), 
кез
(50 см.), 
аршын
(75 см.), 
қүлаш
(
1, 80-2 м.), 
жарты қүлаш
т.б.
- қаш ы қты қ өлш емдерін білдіретін сөздер: 
адым, қадам
(1 м
.)т аяқ тастам
(10-15 м.), 
“ә й ”
дейтін жер 
(100 
м.),дауыс жететін жер
(250-300 м.), 
шақырым
(1 км.), 
иек астында, бір төбе астында
(4-5 км.), 
қозы көш жер
(5-6 км.), 
көз үшында
(6- 
7 км.), 
тай шаптырым
(4-5 км.), 
қүнан шапты-
рым
(8-10 км.), 
ат шаптырым
(25-30 км.), 
бір
күндік жер, айшылық жол
т.б.
Ескерт у.
К ейбір м ы сал д ард ағы сан ды қ 
ұғымды білдіретін создер ауыс мағынасында қол- 
данылған.
5.5. САН Е С ІМ Н ІҢ С Ө Й Л Е М Д Е Г І АТҚАРАТЫН 
Қ Ы З М Е Т І
Сан есім нің негізгі қызметі - м ағы насы жа- 
ғынан затгы ң нақты санын білдіру б олған ды қ- 
тан, әдетте, сөйлемде сан есім анықтауыш қы з- 
метін атқарады. С оны мен бірге сан есім белгілі 
жағдайда сойлемнің барлық мүшелерінің қызметін 
де атқара алады.
1. Сан есім заттың мелш ерін, саны н, ретін, 
бөлшегін білдіретіндіктен, зат есім алдында келіп, 
анықтауыш болады. Ондайда сан есім өзі ан ы қ- 
тайтын зат есіммен орын тәртібі арқылы қабыса 
байланысады. Ж ұмысқа араласып адам бола бас- 
таған ы 2-.?ж ылдан бері ғана (М омыш ұлы). Ор- 
тасында 
бес
үлкен ақ үйлері бар көп үйлі ауыл 
(Әуезов).
Сан есім ілік септігінде тұрып та, матаса бай- 
ланысып анықтауыш бола береді. Мұқаң 
екеуміздің
арамызды алтын копірдей жалғайтын - ұлы Абай- 
дың рухы еді (Қаратаев). 
Екеуінің
осы тұрысы - 
қылмысты адамның сыртынан бақылаған күзет- 
тегі қарауыл секілді (М айлин).
2. Сан есім атау сегітігінде тұрып, бастауыш 
қызметін атқарады. 
Екеуі де
жарасымды қал- 
жың сияқты (Мүсірепов). 
Үіиеуіміз
жүргенде, то- 
лып жатқан күш едік (Махамбет).
3. Сан есім сөйлем аяғы нда келіп жіктеліп, 
баяндауыш болады. Екінші - ұят, сосын ш ы н- 
дық - 
үшініиі
(Баласағұни). “ Бурабай” - қазақ 
даласы ны ң ең әдемі де қасиетті жерінің 
бірі
(Ш а ш к и н ). Е ндігі с о ң ғ ы ке зе к - 
ек е у ін ік і
(Жүнісов).
4. Сан есім барыс, табыс, жатыс, ш ы ғы с, 
көмектес септіктерінің бірінде тұрып, езі бағы - 
нып тұрған сөзге меңгеріле байлынысып, жана- 
ма, тура толықтауыш қызметін атқарады. Аңдыс- 
ты рған 
екеуін
құдайым-ай! (Абай). Құран мен 
Інжілдің 
бірін
жазып оты рғандай, сәнм ен, бап- 
пен отыр (Мүсірепов).
5. Сан есімдер септік жалғауын қабылдамай- 
ақ, етістік алдында тікелей келіп, пысықтауыш
болады. Үстінен 
“бес’\ “т өрт ”т п
сатылай тол- 
ты ры лған ж иы рма бес көк аттестат қөлымызда 
өтырды (Нұршайықөв).
6. Сан есім зат есіммен немесе қатыстық сын 
есіммен тіркесе келіп, сөйлемнің күрделі мүшесі, 
тіпті кейде үйірлі мүшесі де бола алады. Бұл ша- 
тыр 
төрт бүрышты,
кеңдігі 
жүз адым,
биіктігі 
үш найза
(Ж ұмабаев). Қазақ эдетінде, 
қырықтан
асқан
әйел құдай жолына берілуі керек (М ай- 
лин).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   605   606   607   608   609   610   611   612   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет