неше? нешінші? қаншасы? сөздері жатады. Д е-
мек сұрау есімдіктері мағыналары тым жалпыла-
ма түрде берілетін
кім? не? сияқты субстантивтік
ж ән е
қай? қайсы? деген атрибутивтік сөздерден
тұрады. Сұрау есімдіктері осылай субстантивтік
ж әне атрибутивтік сөздер болып келуі негізінде
заттың атын білу үшін қойылатын сұрақтар және
затты ң белгісін білу м ақсаты н да қой ы латы н
сұрақтар болып екі жікке бөлінеді.
Сұрау есімдіктерінің бәріне бірдей тән өзіндік
ерекш елік деп айтарлықтай бірыңғай морфоло-
гиялы қ түрленуі не синтаксистік қы зметі жоқ.
Олар қай сөз табы на байланысты сұрала айтыл-
са, сол сөз табы ны ң орны на қолданылады. С он-
дықтан олардың грамматикалық формалары мен
синтаксистік қы зметтері сол жауап боларлы қ
сөздерінің қасиеттеріне байланысты ғана белгі-
ленеді. М әселен,
кім? не? сөздері зат есімдерше
түрленіп, солардай қызмет атқаратын болса,
қай? қандай? сөздері - сын есім сияқты ,
қалай? қай- да? қайдан? қашан? сөздері - үстеулер сияқты ,
қанша? неше? нешінші? қаншасы сөздері сан есім-
дер сияқты морфологиялық түрлену формаларын
қабылдап, синтаксистік қызметтері де сол сөз тап-
тарымен бірдей болып келеді.
М ысалы: -
Жоқ, білгем жоқ. К ім
деген екен ?
-
Қасен деген жігіт дейді (Аймауытов).
-
Иә, ол қандай аурудан қайтыс болдъР. - Көкірек ауруынан (Исабеков).
-
Жастардан қанша кісі барасыздар ?
-
Отыз-қырық болар (Аймауытов).
-
Жамал қайда кет кені - деп шүбэланып сұрай бастады. Ш олпан да һеш нәрсе білмегенсіп: -
Ж амалж ан тысқа шыққан шығар. (Дула-
тов).
Демек, сұрау есімдіктерінің өзге есімдік сөздер
тобы нан бөліп алатындай іштей грамматикалық
бірлігі болмайды. Белгілі бір формалар не қы з-
меттер арқылы бастары бірікпейтін сөздер болып
саналады. Яғни, сұрау есімдіктерінің басын қосып
біріктіріп тұратын негізгі белгі - олардың сұрау-
л ы қ мәнде қолданылуы.
С өйлемнің жалпы м ағы налы қ ерекшелігіне
ж әне қолданылу өзгеш елігіне қарай сұрау есім-
діктері кейде өзінің негізгі сұраулық мағынасын
бермейді. Я ғни заттар мен құбылыстар амал, ме-
кен, мезгіл т.б. ұғымдар дәрежесінде қолданыла-
ды. Ондайда бұл есімдіктерге жауап болатын
сөзд ер қаж ет етіл м ей д і де, ол жауап сұрау
есімдігінің өз бойынан жалпылама түрде сезілетін
заттық және белгілік, мекендік не мезгілдік, экс-
прессивтік т.б. м ағы налары арқылы беріледі.
Кім
көрінгені би болып, малымызды талап ала берді (Аймауытов).