П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет415/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

ТҮРЛІ РЕҢКТІ ЗАТ ЕСІМДЕР
Зат есім сөзжасамы алуан түрлі. Солардың 
бірі - зат атауларына түрлі реңк мәнін қосу. Адам- 
дар арасындағы түрлі қарым-қатынасқа байланыс- 
ты туатын сан-алуан мәндегі көңіл-күй, ризалық, 
үлкенге құрмет, сый, ілтипат білдіру, жақсы көру, 
кішіні еркелету сияқты адамның ішкі сезімін 
білдіретін реңк мэнді жұрнақтар зат есім сөздердің 
озіне ж алғаны п, оны ң лексикалы қ мағы насы н 
құбылтады. Л ексикалы қ м ағы наны ң құбылуы 
жалпы тіл білімінде де, орыс тіл білімінде де 
сөзжасамға жатады. Оны орыс тіл білімінде түрлен- 
дірілген (модифицированное значение) сөзжасам- 
ды қ мағына деп атаған.
Түрлендірілген сөзжасамдық мағына деп негіз 
сөзде жоқ туынды созге үстелетін түрлі реңк ата- 
лады. Мысалы, 
апатай, ағатай
создерінде апасын, 
ағасын жақсы кору, ілтипат көрсету мәні бар. Ол 
м ағы на - 
апа, аға
негіз сөздерінде ж оқ м ағы на- 
лар. Анығырақ айтқанда,#//#, 
аға
создерінің лек-


ТҮРЛІ РЕҢКТІ ЗАТ ЕСІМДЕР
321
сикалық мағы насы ның үстіне қосымш а мағына 
қосылып, лексикалық м ағы на түрлендірілді.
Зат есімнің лексикалық мағыналарын түрлен- 
діруші сөзжасамдық мағы налары басқа сөз топ- 
тарында жоқ, олар тек зат есімдерге ғана қатыс- 
ты. Зат есімнің бұл мағыналарының белгілі құра- 
мы, ол мағыналарды жасаушы белгілі сөзжасам- 
ды қ жұрнақтар бар. Олар зат есімнің реңк мәнін 
тудыратын жұрнақтар деп аталады.
З а т е с ім н ің л е к с и к а л ы қ м а ғ ы н а с ы н
түрлендіріп, о ған түрлі рең к м әнін қосатын 
жұрнақтар тілде көп емес.
Соңғы зерттеу бойы нш а зат есімнің лекси- 
калық мағынасын түрлендіретін реңк мәнін қоса- 
тын 24 ж ұрнақ бары анықталды.
Олар төмендегілер:
1) = еке, = қа, =ке (Ж ұмеке, М ұқа, Сәке);
2) = й (апай, ағай, әкей, шеш ей);
3) =тай (ағатай, әкетай, көкетай);
4) =ж ан (Ардақжан, көкежан);
5) = қан , =ақан (ботақан, қош ақан);
6) = қай, =кей (балақай, шешекей);
7) = ш ақ, = ш ек (құлы нш ақ, інішек);
8) = ш ы қ, = ш ік (қапш ы қ, көпш ік);
9) =ш а, =ш е (кітапша, өгізше);
10) =ш (Құрмаш , Айнаш);
11) =сы м ақ (көлсымақ, таусымақ);
12) =ш ығаш , =шігеш (байшығаш, ершігеш);
13) =ж ы н, =ж ін (құнаж ы н, дөнежін);
14) =ес (белес, дөңес);
15) = қ а (қы рқа);
16) = ат (қырат);
17) = қал (шатқал);
18) = пат (ойпат);
19) = пан (балапан);
20) = ан ақ (ш ұқанақ);
21)*=қалақ (ш атқалақ);
22) = ақай (итақай);
23) = ек (жетімек);
24) =бай (елпекбай)
Бұл жұрнақтардың тілде атқаратын қызметі 
бірдей емес. Бұлардың ішінде тілде белсенді қыз- 
мет атқаратын өнімділері де бар, қызметі тарыл- 
ған өнімсіздері де бар. Өнімді жұрнақтарға 
=еке,
=ка, =ке, =й, =тай, =жан, =шак, =шек, =шык, =шік,
=ш, =сымак
жатады. Бұлар күнделік өмірде жиі 
қолданылады, орісі кең жұрнақтар.
Ал онімсіз жұрнақтарға 
=шығаш, =шігеш, =ес,
=ка, =пат, =пан, =анак, =калак, =ақай, =ек, =жын
(=жін), =ат, =кал
ж ұрнақтары жатады. Бұл 
жұрнақтар бірді-екілі сөздердің құрамында кез- 
деседі, басқа сөздерге жалғанбайды. Соған қарап,
өлар өзінің сөзж асам ды қ қызметін төқтатқаны
анықталады.
Бұл ж ұрнақтарды ң әрқайсы сы ны ң м ағы на- 
ларында да ерекшелік байқалады. Бұлардың көбі 
бір мағынада қодданылады. Мысалы, 
көлшік, үйшік,
капшык, калашык, кітапша, сандыкша, дөңес
сөзде/ь 
індегі =іиык =шік, кітапша, сандыкшадағы =ша,
дөңестегі =ес, көлсымактағы =сымак
жұрнақта- 
ры тілде бір дара мағы нада қөлданылады, я ғн и
өлар сөзге кішірейту мағынасын қөсады.
Ал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет