П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет269/497
Дата14.10.2023
өлшемі38,54 Mb.
#113886
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   497
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

СӨЗЖАСАМ
өнерпаз
сияқты туынды сын есімдердің мағы на- 
сы оларға негіз болған 
көйлек, тау, өнер
сөздері 
арқылы анықталады. Өйткені осы негіз сөздердің 
м ағы насы олардан ж асалған 
көйлекшең, таулы,
өнерпаз
деген туынды сөздердің м ағы н асы н а 
арқау, негіз болған. С онды қтан көй лек пен 
койлекш ең, тау мен таулы, өнер мен өнерпаз де- 
ген сөздердің мағынасы байланысты. Туынды сөз 
бен негіз сөздің м ағы н алы қ байланы сы созжа- 
самдық м ағы наны ң негізгі белгісіне жатады.
Туынды сөз жасалғаннан кейін, ол лексико- 
логи ян ы ң ны санасы на айналады , өйткені ол 
тілдегі басқа сөздер қандай қызмет атқарса, олар 
да сондай қы змет атқарады. Бұл ретте сөзжасам 
мен лексикологияны ң байланы сы ан ы қ байқа- 
лады.
Сөзж асам негіз сөзден туынды сөздердің, 
ан ы ғы р ақ айтсақ, туынды түбірлердің жасалу 
ж үйесін зерттейді. Ал ол сөзж асам ды қ ұяда жа- 
салған туынды сөздердің бәрі тілдің сөздік құра- 
мына кірген лексемалар, сөздер. Әр туынды лек- 
сема тілдің лексикалы қ жүйесінен орын алумен 
бірге, ондағы сем антикалы қ топ тарға да қосы - 
лы п, оларды ң құрам ы н кеңітіп отырады. Бірақ 
лекси кан ы ң м ағы налы қ топтары ндағы сөздер 
құрамы ж ағы н ан , ондағы сөздердің құры лы сы 
ж ағы н ан түрлі-түрлі болады. Олар м ағы насы
ж ағы нан ұқсас болғаны мен, тұлғасы түрлі бола 
береді.
Сөзж асамда да м ағы насы ж ақы н сөздердің 
топтары бар. М ысалы,әш ш , 
суретші, оқытушы,
жазушы, етікші
сияқты сөздер м ам анды қты
білдіретін м ағы налы қтопқаж атады . Бірақ мұнда 
сөздің м ағы н а ж ақы нды ғы м ен бірге, тұлға жа- 
қындығы да бар. Ол лексикадағы тұлға түрлілігіне 
сәйкеспейді.
Туынды сөздер өздерінің м ағы н а ортақты - 
ғы на қарай бірлеседі, олар м ағы н алы қ аумақ- 
ты ң (поле) бір бөлімі (элементі) болып табыла- 
ды, өйткені мағы налы қ аумақтың көлемі лекси- 
калы қ ұядан әлдеқайда кең.
Туынды сөздің сөзжасамдық м ағы насы мен 
лексикалы қ мағынасы жалпы мен жеке мағына- 
ның қарым-қатысы деп қаралу керек, өйткені әр 
туынды сөздің, лексикалық мағынасы сөзжасам- 
ды қ м ағы наға кіреді.
Түбірлес сөздердің м ағы налы қ байланысын 
кей ғалымдар сәзж асам ды қ ұямен байланысты 
зерттеген. Олар мағы на ортақтығына байланыс- 
ты бірлесетін түбірлес сөздердің лексикология- 
дағы мағы налы қ аумаққа (семантикалық поле- 
ге) қатысы барын айта отырып, ол м ағы н алы қ
аумақтың бір тармағы (элементі) деп қарайды, 
өйткені м ағы налы қ аумақ, ұғымы одан әлдеқай- 
да кең деп санайды. Сонымен бірге олардың түрлі 
м ағы налы қ аумаққа қатысы болуы да мүмкін.
Туынды создің жасалуына негіз болған сөз 
де, негіз сөз арқылы жасалған туынды сөз де лек- 
сикология үшін жалпы сез ретінде оны ң зерттеу 
нысанасы болып саналады, олардың тұлғасында- 
ғы айырмаш ылықтың лексикология үшін маңы- 
зы жоқ.
Созжасам үшін негіз сөз бен туынды сөздің 
арасында үлкен айырма бар. Негіз сөздің м ағы - 
насы, оны ң туынды сөз ж асауға қатысы, оның 
туынды сөздің құрамында алатын орны, туынды 
сөздің құрамы, туынды сөз жасаушы жұрнақ оның 
бәрі сөзжасам үшін маңызды болып саналады. 
Сонымен байланысты негіз соз бен туынды сөздің 
сөзжасамда айырмасы күшті.
Сөзжасамның морфонология саласымен бай-
ланысы.
Сөзжасамның ең кіші нұсқасы морфема, 
аны ғы рақ айтсақ, ж ұрнақ дедік. Ал тіліміздегі 
жұрнақ атаулының басым көпшілігінің дыбыстық 
варианты бар. Тілде дыбыстық вариантсыз қолда- 
нылатын үнемі бір дыбыстық құрамда қолданы- 
латын ж ұрнақтар бірлі-жарым ғана. Олар 
-хана,
-қой, -паз
сияқты жұрнақтар. Мысалы, 
кітапхана,
дэріхана, емхана, асқана, сэнқой, әуесқой, өнерпаз, әсем-
паз
т.б. Бұл жұрнақтардың ерекшелігіне жатады.
Ж ұрнақтарға тән негізгі заңдылық - жұрнақ- 
тардың бірнеше ды бы сты қ варианттары болу. 
Тілдегі ж ұрнақтарды ң ды бы сты қ варианттары 
м орфонология саласы ны ң заңды лы ғы арқылы 
қалыптасқан. Түркі тілдерінде морфонология заң- 
ды лы ғы түрліше қалы птасқан. Кейбір тілдерде 
қосымшалардың дыбыстық варианттары аз. Мы- 
салы татар тілінде көптік жалғаудың 
-лар, -лер
түрі ғана болса, қазақ тілінде ол 6 дыбыстық ва- 
риантта қолданылады, ал қы рғы з тілінде көптік 
жалғауды ң 12 ды бы сты қ варианты бар. Якут 
тілінде қосымш алардың дыбыстық варианты оте 
коп, өйткені бұл тілде ерін үндесуі, сонар дыбыс- 
тардың үндесуі де бар. Ол заңдылықтардың бәрі 
қосымшаның дыбыстық вариантын көбейткен.
Қосымшалардың дыбыстық варианттары фо- 
нетикалық заңдылық негізінде қалыптасқан. Оны 
м орфонология саласы зерттейді. Сонымен бұл 
арада сөзжасам өзінің жұрнақтарының дыбыстық 
вариантта қолданылуы арқылы тілдің фонетика, 
м о р ф о н о л о ги я
салаларымен байланысатыны анық- 
талды.
Қорыта келгенде, сәзжасам тіл білімінің бар- 
лы қ салаларымен байланысты. Бірақ оған қарап,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   497




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет