ТҰНШЫҒУ ҚАУП
Электрондық қаламды жəне батареяны
балалар жұтып қоймауы үшін қолдары
жетпейтін жерде сақтаңыз.
Тек белгіленген түрдегі батареяны
пайдаланыңыз. Батареяның басқа түрі
қызып кетуі/тұтануы немесе оның
аккумуляторлық қышқылы ағып кетуі
мүмкін.
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін
10
Пайдалану нұсқаулығы
Электрондық қалам/elite Panaboard
Электр қуаты
Орнату жəне орынды ауыстыру
Батареяларды бөлімінде көрсетілген
тек полюстерге сəйкес салыңыз. Қате
салынған батарея жарылып немесе
ағып, жарақаттауы мүмкін.
Зақымданған батареяларды
пайдаланбаңыз. Зақымданған
батареялардан электролит ағуы мүмкін.
Батареяларды зарядтамаңыз,
тұйықтамаңыз, қыздырмаңыз,
сындырмаңыз жəне отқа тастамаңыз.
Батареялар ағуы, қызуы, жарылуы
мүмкін.
Батареяны тастағанда, түйіспелерін
оқшаулаңыз (мысалы, оқшаулау
таспасымен). Басқа батареяларға
тигенде батареялар ағуы, тұтануы
немесе жарылуы мүмкін.
Батареяны дəнекерлемеңіз, себебі ол
ағуы, қызуы немесе жарылуы мүмкін.
Медициналық жабдықтардың жанында
пайдаланбаңыз.
(Операция бөлмесіне, қарқынды ем
бөліміне, жан сақтау бөліміне, т.б.
əкелмеңіз.) Бұл құрылғы шығаратын
электромагниттік толқындар жабдыққа
əсер етіп, оның бұзылуына себепкер
болуы мүмкін.
Автоматты есіктердің, түтін
детекторларының жəне басқа да
автоматты түрде басқарылатын
жабдықтардың жанында
пайдаланбаңыз.
Бұл құрылғы шығаратын
электромагниттік толқындар жабдыққа
əсер етіп, оның бұзылуына себепкер
болуы мүмкін.
Электрокардиостимуляторлардан
кемінде 20 см қашықтықта
пайдаланыңыз. Осы құрылғы
шығаратын электромагниттік толқындар
электрокардиостимуляторлардың
жұмысына əсер етеді.
Құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмаған
жағдайда, оны өшіріп, электр желісінен
ажыратыңыз.
Пайдаланылмайтын құрылғы электр
желісіне ұзақ жалғанып тұрса,
оқшаулаудың нашарлауы электр
тоғының соғуына, токтың қашуына
немесе өрттің пайда болуына апаруы
мүмкін.
Құрылғы тек жеткізілген жинақтағы қуат
сымы арқылы жалғануы керек.
Құрылғыны тұрақсыз жерге
орнатпаңыз.
Құрылғыны кірленген, температурасы
жəне ылғалдылығы жоғары жерлерде
орнатпаңыз.
Құрылғының осындай қолайсыз
жерлерде ұзақ орналасуы өрттің пайда
болуына немесе электр тоғының
соғуына апаруы мүмкін.
Өрт немесе электр тоғының соғу
жағдайларын болдырмау үшін,
құрылғыға жаңбыр тамшыларының
немесе басқа сұйықтықтың тиюіне жол
бермеңіз.
Құрылғыны тасымалдағанда, қуат
сымын міндетті түрде айнымалы ток
розеткасынан ажыратыңыз.
Қуат сымы жалғанған құрылғыны
тасымалдау сымның зақымдануына
апарып, осыған байланысты өрт шығуы
немесе электр тоғы соғуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ
11
Пайдалану нұсқаулығы
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін
4
Пайдалану барысындағы сақтық
шаралары
Батарея
Қауіпсіздік туралы
ақпарат
(тек Ұлыбритания үшін)
Ыңғайлы жəне қауіпсіз қолдану үшін, осы құрылғыда
қапталған үш істікшелі штепсельдік ұш бар.
Штепсельдік ұштың 5 амперлік ерігіш
сақтандырғышы бар. Сақтандырғышты
ауыстырғанда, оның 5 ампер күшке арналғанын
жəне ASTA немесе BSI – BS1362 стандартына
сəйкес келетінін тексеріп алыңыз.
Сақтандырғыштың сыртында ASTA
немесе
BSI
белгісінің бар екенін тексеріңіз. Штепсельдік
ұшта сақтандырғыштың алынбалы қақпағы бар
болса, сақтандырғышты ауыстырғаннан кейін оны
міндетті түрде қайта орнатыңыз. Сақтандырғыш
қақпағы жоғалған жағдайда, бұл штепсельдік ұшты
қақпақты қайта салмастан пайдалануға болмайды.
Сақтандырғыш бөлімінің қосалқы қақпағын
жергілікті Panasonic дилерінен алуға болады.
ЕГЕР ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ҚАПТАЛҒАН
ШТЕПСЕЛЬДІК ҰШ РОЗЕТКАҒА СƏЙКЕС
КЕЛМЕСЕ, САҚТАНДЫРҒЫШТЫ ШЫҒАРЫП
АЛЫП, ШТЕПСЕЛЬДІК ҰШТЫ КЕСІП ТАСТАҢЫЗ
ДА, ҚАУІПСІЗ ТҮРДЕ ТАСТАҢЫЗ.
КЕСІЛГЕН ШТЕПСЕЛЬДІК ҰШТЫ 13 АМПЕРЛІ
РОЗЕТКАҒА САЛУ ЭЛЕКТР ТОҒЫНЫҢ АУЫР
СОҒУЫНА СЕБЕПШІ БОЛУЫ МҮМКІН.
Жаңа штепсельдік ұшты жалғағанда, төменде
көрсетілген тəртіп бойынша сымдардың белгілерін
тексеріңіз. Күмəнді жағдайларда, білікті
мамандарға хабарласыңыз.
ЕСКЕРТУ
Бұл құрылғыны жерге қосу қажет.
АБАЙЛАҢЫЗ
Осы қуат сымындағы сымдар төменде
көрсетілгендей кодтарға сəйкес боялған:
Жасыл жəне сары:
жер
Көк:
бейтарап
Қоңыр:
кернеулі
Құрылғыны екеулеп тасымалдаған
дұрыс. Бұл талапты қадағаламаса,
құрылғы құлауы немесе жарақаттауы
мүмкін.
Құрылғыны орнатып немесе
тасымалдап болғаннан кейін,
роликтерді бекітіп, жиналатын
тұрақтылық аяқтарын жайыңыз.
Құрылғы құлағанда немесе
зақымданғанда, оны өшіріп, қуат
сымын ажыратыңыз. Бұл талаптың
орындалмауы өртке немесе электр
тоғы соғуына апаруы мүмкін.
Құрылғы қабырғаға орнатылған болса
да, экранына немесе қақпағына
(төменгі) сүйенбеңіз.
Құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмайтын
болса, батареяларын шығарыңыз.
Əйтпесе, батарея ағуы мүмкін. Аққан
батареяларды пайдаланбаңыз.
Роликтерді
бекіту
(Бекіту үшін
басыңыз)
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін
12
Пайдалану нұсқаулығы
Құрылғының қуат сымындағы сымдар штепсельдік
ұштың түйіспелерін білдіретін түстерге сəйкес
келмеген жағдайда, келесі əрекеттерді орындаңыз.
ЖАСЫЛ-САРЫ сымды Е əріпті немесе жерге
қосудың
белгісі бар штепсельдің клеммасына,
не болмаса ЖАСЫЛ я ЖАСЫЛ-САРЫ түсті
клеммаға жалғаңыз.
КӨК түсті сымды N əріпті немесе ҚАРА түсті
штепсельдің клеммасына жалғаңыз.
ҚОҢЫР түсті сымды L əріпті немесе ҚЫЗЫЛ түсті
штепсельдің клеммасына жалғаңыз.
Сақтық шаралар
Сəйкестікке жауапты тарап нақты мақұлдамаған
өзгерістер мен модификациялар пайдаланушының
осы құрылғыны басқару құқығынан айыруы мүмкін.
Батареяны қолдану туралы ақпарат
Дұрыс қолданылмаған жағдайда, батарея ағуы (бұл
құрылғының коррозиясына апарады) немесе
жарылып кетуі мүмкін. Сондықтан, төменде
берілген сақтық шараларын əрдайым қадағалаңыз.
•
Электрондық қалам батареяның заряды
таусылғандықтан жұмыс істемей қалса,
батареяны дереу шығарып, жергілікті заңды
ережелерге сəйкес тастаңыз. Заряды таусылған
батарея электрондық қаламның ішінде қалса,
ағып кетуі мүмкін.
Батареяны тастау туралы ақпарат
Сақтандырғышты ауыстыру əдісі:
Ерігіш
сақтандырғыштың
бөлімін бұрауышпен
ашып, сақтандырғышты
ауыстырыңыз.
Após o uso as pilhas/baterias
contidas neste produto poderão
ser dispostas em lixo doméstico.
Бразилияға арналған
Тайваньға арналған ( 台灣 )
13
Пайдалану нұсқаулығы
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін
4
Басқа ақпарат
Пайдалану туралы ескерту
Электр құралдарының жанында істеп тұрған
elite Panaboard тақтасы кедергі туғызуы мүмкін.
Телевизорлар, радио қабылдағыштар, радио
телефондар немесе сымсыз құрылғылар
сияқты электр құралдарынан аулақ
орналастырыңыз.
МЕДИЦИНА
Жеке медициналық жабдықтың (мысалы,
электрокардиостимуляторлар) өндірушісіне
хабарласып сол жабдықтың ішінде сыртқы
жоғары жиілікті (ЖЖ) энергиядан жеткілікті
түрде қалқалау мүмкіндігінің бар-жоғын
анықтаңыз. (Құрылғы 2,402 пен 2,481 ГГц
арасындағы жиілік диапазонында істейді, ал
шығыс қуатының деңгейі — 0,001 Вт.) Ішкі
ережелері бойынша рұқсат етілмеген болса,
бұл құрылғыны медициналық құрылымдарда
пайдаланбаңыз. Ауруханалар мен
медициналық құрылымдарда сыртқы жоғары
жиілікті (ЖЖ) энергияға сезімтал жабдықтар
пайдаланылуы мүмкін.
Еуропалық Қауымдастық (ЕҚ)
үшін
Panasonic System Networks Co., Ltd.
компаниясы осы құрылғының радио байланысы
мен телекоммуникациялық жабдықтарға
қатысты 1999/5/EC директивасының (R&TTE)
маңызды талаптарына сəйкес келетінін
мəлімдейді.
Осы нұсқаулықта сипатталған Panasonic
компаниясының тиісті өнімдерінің сəйкестік
мəлімдемелерін төмендегі веб-сайттан алуға
болады.
http://www.doc.panasonic.de
Contact to Authorised Representative:
Panasonic Testing Centre
Panasonic Marketing Europe GmbH
Winsbergring 15, 22525 Hamburg, Germany
Біздің компания құрылғының қолданысына,
зақымына байланысты немесе екеуіне
қатысты орын алатын жағдайларға жауапты
болмайды.
Пайдалану
14
Пайдалану нұсқаулығы
Пайдалану
Бірге берілетін құралдар
Тақтамен бірге elite Panaboard келесі құралдар жеткізілгенін тексеріңіз.
Құрамында кез келген құрал болмаған жағдайда, дилеріңізге хабарласыңыз.
Құралдардың тізімі
* 2,4 ГГц жиілікті USB сымсыз адаптері elite Panaboard құралына орнатылған.
FCC ID: ACJ5Z6UE-608049/IC: 216A-UE608049
Ескертпе
•
Жоғарыдағы суретте АҚШ-та қолданыоатын қуат сымы көрсетілген. Штепсельдік ұштың түрі елге/
аймаққа қарай əртүрлі болады.
•
Түпқойма бөлек сатып алынады.
•
Электрондық қаламның қосымша ұшын осы пайдалану нұсқаулығымен бірге сақтаңыз.
•
Қаламның алмастыру ұштары сатылады (бет 35).
•
Кейбір елдерде/аймақтарда кепілдік берілмейді.
DVD-ROM дискісін пайдалану туралы ақпарат
Қуат сымы
(3 м)
1
USB кабелі
(5 м)
1
DVD-ROM дискісіндегі
бағдарламалық құрал
1
AAA батареясы (LR03)
(бір рет қолданылатын)
1
Электрондық қалам
1
Электрондық қалам ұшы
(ауыстырылатын)
1
Пайдалану нұсқаулығы (негізгі
функциялар)
(бұл құжат)
1
Кепілдік
1
USB сымсыз адаптері
2,4 ГГц* жиілікті
1
DVD-ROM дискісін зақымдап алмау үшін, төмендегі əрекеттерді орындаңыз:
•
дискінің бетіне қолыңызды тигізбеңіз жəне үстіне жазбаңыз;
•
дискіні қорғау қорабынсыз сақтамаңыз;
•
дискіні күн сəулесі тікелей түсетін жерде немесе жылу көзінің қасында қалдырмаңыз;
•
дискінің қорабына ауыр зат қоймаңыз жəне құлатып алмауға тырысыңыз;
•
тазалау үшін, дискінің шеттерінен ұстап таза, құрғақ, жұмсақ шүберекпен ортасынан шетке қарай
күш салмай сүртіңіз.
Пайдалану
15
Пайдалану нұсқаулығы
4
Бөлшектерінің атаулары жəне қолданысы
Экран
Ескертпе
•
USB концентраторы арқылы қосылған сыртқы құрылғылардың дұрыс жұмыс істеуіне кепілдік
берілмейді.
•
USB концентраторы арқылы қосылған үлкен қуатты сыртқы құрылғылар (мысалы, сканерлер
немесе CD/CD-R диск жетектері) дұрыс істемеуі мүмкін. Тиісті құрылғының дилерінен анықтап
алуға болады.
•
elite Panaboard құрылғысы USB концентраторына жалғанған перифериялық құрылғылар істеп
тұрғанда қолданылса, elite Panaboard құрылғысы кеш əрекет етуі мүмкін жəне электрондық
қалам дұрыс істемеуі мүмкін. Бұндай мəселе туындаса, перифериялық құрылғыларды тікелей
компьютерге жалғаңыз.
Ескертпе
•
elite Panaboard құрылғысы саусақ тигізілгенде орын алатын электростатикалық кедергісінің
өзгерісін анықтайды. Осыған байланысты, тырнақ, қолғап киілген қол, қолғап киілген қолмен
ұсталған электрондық сызу құралы тигенде, əрекет болмауы мүмкін.
•
Бір біріне жақын орналасқан (10 см қашықтығында) көп нүктені түрту кезінде, тек бір нүкте
анықталуы мүмкін, не болмаса сызықтар біріккен немесе қиылысқан түрде сызылуы мүмкін.
Тақтаның экраны
Саусақтың немесе электрондық қаламның орнын белгілейді.
Компьютер экранының мазмұнын проектордың көмегімен көрсетіңіз.
Жарық диодты қате көрсеткіші (қызыл)
Қате орын алғанда, қызыл түспен жыпылықтайды.
Қуат ажыратқышы/жарық диодты қуат көрсеткіші (жасыл)
Қуат қосқышы басылған сайын, elite Panaboard тақтасын қосады немесе
өшіреді.
Қуат қосулы болғанда, жасыл болып жанып тұрады.
Қалам науасы
Есіктің ортасын басып қалам орналасуы мүмкін қаламның науасын
ашыңыз.
USB динамигі
Аудио сигналды компьютерден немесе аудио кіріс портынан сигналды
шығарып, стереофоникалық дыбыс береді.
Дыбыс деңгейінің дискісі
Динамиктің дыбыс деңгейін реттеуге мүмкіндік береді.
Сыртқы аудио кіріс порты
Бейнемагнитофонның (немесе DVD ойнатқышының, т.с.с.) аудио шығыс портын осы портқа
жалғап, дыбыстың USB динамигі арқылы шығарылуын тексеріңіз.
USB концентраторы (2 порт)
Осы порттардың көмегімен сыртқы құрылғыларды elite Panaboard тақтасына тікелей жалғауға
болады (бет 20).
USB порты
USB кабелі (бірге беріледі) арқылы компьютерді тікелей жалғауға қолданылады.
Қуат сымы
Айнымалы ток ұясы
Қосымша құрылғылардың қуат ұясы
Тек elite Panaboard қосымша құралдарына арналған.
Бұл ұяға басқа құрылғыларды жалғамаңыз.
Пайдалану
16
Пайдалану нұсқаулығы
Электрондық қалам
Ескертпе
•
Төмен жəне жоғары түймелерін elite Panaboard құрылғысынан (кедергі болмаған жағдайда)
шамамен 10 м диапазонда пайдалануға болады.
Электрондық қаламның функциялары
Қара/Қызыл/Көк/Жасыл
Маркердің көмегімен таңдалған түспен жазады.
Маркер сызығының қалыңдығы мен басқа параметрлерді
Сурет салу мəзірінде орнатуға болады.
Өшіргіш
Маркердің көмегімен сызылған сызықтарды өшіреді.
Өшіргіштің өлшемі мен басқа параметрлерді Суре салу мəзірінде
орнатуға болады.
Сары/Сары-жасыл/Қызғылт
Таңдалған түсті белгілейтін құрал көмегімен белгілейді.
Белгілеу құралы сызығының қалыңдығы мен басқа параметрлерді
Сурет салу мəзірінде орнатуға болады.
Аз қуатты режим
Электрондық қаламды аз қуатты режимге ауыстырады.
Қалам автоматты дербес қосылудың немесе өшудің қимылдарын
анықтайды. Өзіңізбен бірге, пайдаланбастан алып жүретін
болсаңыз, қаламды батарея зарядын үнемдеу үшін алдын ала
энергияны үнемдеу режиміне өткізіңіз.
Таңдау дискісі
Электрондық қаламның функцияларын таңдайды.
Жарық диодты күй көрсеткіші (жасыл)
Электрондық қаламның қуаты қосулы болғанда жанып
тұрады. Электрондық қалам батареясының заряды төмен
болғанда, жыпылықтап тұрады. Жаңа батарея дайындап,
ескі батареяны жақын уақытта алмастырыңыз.
Жоғары түймесі
Қашықтан басқару құралының көмегімен компьютерде
«Беттерді кері аудару пернесі» басылғандағы функцияны
орындайды.
Төмен түймесі
Қашықтан басқару құралының көмегімен компьютерде
«Беттерді ілгері аудару пернесі» басылғандағы
функцияны орындайды.
Батарея бөлімінің
қақпағы
Электрондық қалам ұшы
Ұштың қақпағы
Мəзір түймесі
Сурет салу мəзірін экранға шығару үшін, осы түймені
басып тұрып экрандық тақтаға қаламды тигізіңіз (бет 26).
Белдік ілгегі
Белдіктерді (бар болса) тағуға арналған.
(Белдік бірге берілмейді. Электр тоғы асыра ықпал
еткенде сым ажыратылатын белдікті пайдаланыңыз.)
Пайдалану
17
Пайдалану нұсқаулығы
4
Ескертпе
•
Электрондық қалам мен саусақ бірге қолданылғанда, elite Panaboard құрылғысы оларды бөлек
анықтай алмайды. Электрондық сызу құралы мен саусақ арасында ауысқанда, кемінде 1 секунд
күтіңіз. Жылдам алмастырылғанда немесе электрондық қалам мен саусақты бірге тигізгенде,
нəтиже elite Panaboard құрылғысы екеуінің бірінші анықтағанына байланысты болады.
•
Жарық диодты күй көрсеткішінің электрондық қалам қолданылғанда жанып тұрғанын тексеріңіз.
•
Жұмысында ақау болмауы үшін, электрондық қаламды қолданбағанда оның ұшын ұстамаңыз.
Батареяларды орнату (ауыстыру)
Электрондық қаламды тіркеу
elite Panaboard құрылғысы шамамен 10 м қашықтықтағы электрондық қаламдарды автоматты түрде
анықтайды, алайда жақын жерде басқа электрондық тақталар бар болса, байқаусызда сондай
тақталардың электрондық қаламдары анықталуы да мүмкін. Осыған ұқсас, басқа электрондық
тақталар да elite Panaboard құрылғысының электрондық қаламдарын анықтауы мүмкін. Электрондық
қаламды elite Panaboard құрылғысында төмендегі жағдайларда тіркеңіз:
•
электрондық қаламдағы түймелер жауап бермейді;
•
elite Panaboard құрылғысы электрондық қаламға elite Panaboard құрылғысына саусақ тигендей
əрекет етсе;
•
elite Panaboard құрылғысы орындалып жатпаған əрекетке жауап бергенде;
•
elite Panaboard құрылғысы қатемен істейді.
Электрондық қалам тіркелгеннен кейін, оны басқа электрондық тақтада пайдалану мүмкін емес.
(Тақта электрондық қалам емес саусақ тигізілгендей əрекет етеді.)
Тіркелген электрондық қаламдарды басқа тақталарда пайдалану үшін, қаламдардың тіркеуін жойыңыз.
«Электрондық қаламды тіркеу» жəне «Бағдарламалық құралдың анықтамасы» ішіндегі «Электрондық
қаламды тіркеуден бас тарту» бөлімдерді қараңыз.
Анықтамалық ақпаратты пайдалану жолдарын «Бағдарламалық құралдың мəліметін қарау» бөлімінен
қараңыз (бет 27).
1.
Батарея бөлімінің қақпағының бекітпесін
шешіп ( ), оны ашыңыз ( ).
•
Қақпақты орнатқанда осы процедураны
керісінше орындаңыз.
2.
Батареяны салыңыз (ауыстырыңыз) да,
қақпақты қайта жауып, бекітпесін салыңыз.
•
AAA түріндегі сілті батареяны ғана
пайдаланыңыз, сондай-ақ жəне
жақтарының дұрыс салынғанын тексеріңіз.
•
Қолданылған батареяның түйіспелерін
таспамен жауып, оларды еліңіздегі/
аймағыңыздағы тастау ережелеріне сай
мүмкіндігінше жылдам тастаңыз.
Пайдалану
18
Пайдалану нұсқаулығы
Сыртқы құрылғыларды жалғау
1.
Қуат сымын (бірге беріледі) elite Panaboard тақтасына жалғап, айнымалы ток розеткасына
жалғаңыз.
•
Қуат сымын оңай ажырататын етіп elite Panaboard тақтасына жақын орналасқан розеткаға
жалғау керек.
•
Түпқойма қолданылатын болса (қосымша жеткізіледі) төменде көрсетілгендей қуат
сымын айнымалы ток розеткасына жалғаңыз.
•
Жерге қосу туралы ақпарат
Егер жерге қосу линиясын жалғау мүмкін болмаса, дилеріңізге хабарласыңыз. Жерге қосу
қызметінің бағасы elite Panaboard тақтасының бағасына қосылмаған.
•
Жеткізілетін жинаққа кіретін қуат сымы тек elite Panaboard тақтасымен бірге пайдалану
үшін арналған. Оны басқа құрылғылармен пайдаланбаңыз.
Қуат сымы
(бірге беріледі)
Қуат сымын төменгі жақта жалғау кезінде.
Қуат сымын elite Panaboard тақтасының
астыңғы жағының бойымен жалғағанда.
Пайдалану
19
Пайдалану нұсқаулығы
4
2.
elite Panaboard тақтасын компьютерге USB кабелінің (жеткізілетін жинақта бар) көмегімен
жалғаңыз.
•
elite Panaboard: «B» қосқышын (кіші) elite Panaboard тақтасының USB портына жалғаңыз.
Компьютер: «А» қосқышын (үлкен) компьютердің USB портына жалғаңыз.
•
elite Panaboard тақтасын USB концентраторы арқылы жалғаңыз. Жұмыстың дұрыс орындалуына
кедергі болады.
Ескертпе
•
elite Panaboard software/book орнатылмайынша, elite Panaboard құрылғысын компьютерге
USB арқылы жалғамаңыз.
Бағдарламалық құралды орнату үшін, USB кабелін тек «elite Panaboard software/book
бағдарламалық құралын орнату» (бет 22) бөліміндегі əрекеттерді орындағаннан кейін
жалғаңыз.
3.
Компьютерді проекторға қосыңыз.
•
Компьютерді проекторға қосу үшін қолдану нұсқаулығындағы сəйкес нұсқаулықты пайдаланыңыз.
USB портына
USB кабелі
(бірге беріледі)
Бейне кабелі
Айнымалы ток
Айнымалы
ток
Компьютер
Проектор
Пайдалану
20
Пайдалану нұсқаулығы
Сыртқы құрылғыларды жалғау
1.
Сыртқы құрылғыны elite Panaboard тақтасына USB кабелі (жеткізілетін жинаққа кіреді)
арқылы жалғаңыз.
•
elite Panaboard: «А» қосқышын (үлкен) elite Panaboard тақтасының USB портына жалғаңыз.
Сыртқы құрылғы: «B» қосқышын (кіші) сыртқы құрылғының USB портына жалғаңыз.
Қолданыс орнын таңдау туралы ақпарат
•
elite Panaboard тақтасын күн сəулесі тікелей түсетін жерге орнатпаңыз.
•
elite Panaboard тақтасын 10
°
C температурасынан төмен, сондай-ақ ауа температурасы құбылмалы
болатын жерде пайдаланбаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |