Пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру
кезiнде жер қойнауын ұтымды әрi кешендi
пайдалану жөнiндегi бiрыңғай қағиданы
бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 10
ақпандағы № 123 Қаулысы. Күшi жойылды - Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 31 тамыздағы № 492
қаулысымен
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 19, 234-
құжат; "Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 13 тамыз № 368-372
(26766)
Ескерту. Күшi жойылды – ҚР Үкiметiнiң
31.08.2016 № 492 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған
күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
РҚАО-ның ескертпесi!
ҚР мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы
өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату мәселелерi бойынша
2014 жылғы 29 қыркүйектегi № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР
Инвестициялар және даму министрiнiң 2015 жылғы 17
қарашадағы № 1072 және Қазақстан Республикасы
Энергетика министрiнiң 2015 жылғы 30 қарашадағы № 675
бiрлескен бұйрығы.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы
Заңының 16-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан
Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Пайдалы қазбаларды барлау
мен өндiру кезiнде жер қойнауын ұтымды әрi кешендi
пайдалану жөнiндегi бiрыңғай қағида бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасының Мұнай және газ кен
орындарын игерудiң бiрыңғай ережелерiн бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18
маусымдағы № 745 қаулысының (Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 28, 245-құжат) күшi
жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен
бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
К. Мәсiмов
Қазақстан
Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 10
ақпандағы
№ 123
қаулысымен
бекiтiлген
Пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру кезiнде жер
қойнауын ұтымды әрi кешендi пайдалану жөнiндегi
бiрыңғай қағида
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында пайдалы қазбаларды
барлау мен өндiру кезiнде жер қойнауын ұтымды әрi
кешендi пайдалану жөнiндегi бiрыңғай қағида (бұдан әрi
– Қағида) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану
туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24
маусымдағы Заңының 16-бабының 3) тармақшасына сәйкес
әзiрлендi.
2. Осы Қағида пайдалы қазбаларды барлау мен
өндiру кезiнде жер қойнауын ұтымды әрi кешендi
пайдалану жөнiндегi бiрыңғай тәртiптi анықтайды.
3. Осы Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар
пайдаланылады:
сарқынды сулар – адам тұрмыста және өндiрiстiк
қызметте қолданғаннан босатылатын су немесе елдi мекен
мен өндiрiстiк ұйымдар аймағынан шығарылуға жататын
ластанған сулар;
геологиялық қорлар – шоғырларда болатын
көмiрсутек шикiзатының қорлары;
көмiрсутек шикiзаты – шикi мұнай, газ конденсаты,
табиғи газ және iлеспе газ, битум, сондай-ақ шикi
мұнайды, табиғи газды тазартқаннан кейiн жанатын
тақтатастарды және шайырлы құмдарды өңдегеннен кейiн
алынған көмiрсутектер;
көмiрсутек шикiзатының кен орны – аумақ бойынша
бiр алаңға арналған және қолайлы тектоникалық
құрылыммен немесе басқа түрдегi тұтқыштармен байланысты
бiр немесе бiрнеше шоғырларда құрамында табиғи
шоғырланған пайдалы қазбасы бар жер қойнауының бөлiгi;
көмiрсутек шикiзатының қорлары – мұнайдың,
конденсаттың массасы, сондай-ақ стандартты шарттарға
(0,1 МПа және 20
o
С) келтiрiлген, табылған, барланатын
және игерiлетiн шоғырлардағы газдың көлемi;
көмiрсутек шикiзаты шоғырларын сынамалы пайдалану
– мұнай және мұнай-газ кен орындарында жүргiзiлетiн
және бұрғыланған барлау ұңғымаларын уақытша пайдалануды
көздейтiн операциялар;
көмiрсутек шикiзаты шоғырларын игерудi реттеу –
түрлi технологиялық және техникалық iс-шаралар
кешенiнiң көмегiмен көмiрсутек шикiзатын алу процесiн
басқару;
күрделi геологиялық құрылымы бар кен орындары –
қорларының жетпiс пайызынан астамы қуатының өзгерiп
тұратындығымен не пайдалы қазба денелерiнiң бұзылып
орналасуымен немесе пайдалы қазбаның сақталмаған
сапасымен және негiзгi құнды компоненттерiнiң теңдей
емес бөлiнуiмен не коллектордың немесе өнiмдiлiк
қаттардың коллекторлық қасиеттерiнiң бiртектес
болмауымен не ерекше жоғары қаттық қысыммен
сипатталатын кен орындары;
қазба бiрлiгi – пайдаланылуы пайдалы қазбаның
саны мен сапасы бойынша өндiрудiң неғұрлым дәл жеке
есебi жүзеге асырылуы мүмкiн, қазбаның технологиялық
схемамен және игерудiң бiрыңғай жүйесiмен жүзеге
асыралатын, бастапқы қорларды (блок, панель, лава,
кемердiң бөлiгi) дұрыс есептеумен кен орнының неғұрлым
үнемдi және технологиялық оңтайлы учаскесi;
рентабельдi геологиялық қорлар (алынатын) – жер
қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғау талаптарын
сақтай отырып қазiргi сыналған технологиялар мен
техниканы пайдалану кезiнде үнемдiлiгi жағынан алынуы
тиiмдi геологиялық қорлардың бөлiгi;
рентабельдi емес геологиялық қорлар – жер
қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғау талаптарын
сақтай отырып қазiргi сыналған технологиялар мен
техниканы пайдалану кезiнде үнемдiлiгi жағынан алынуы
тиiмсiз геологиялық қорлар;
шоғыр – қиманың бiр қат-коллекторына, екi-үш және
одан көп байланыстағы қаттар-коллекторларына немесе кен
орындары таужыныстары-коллекторларына орайластырылған
табиғи бiртұтас сугаздинамикалық резервуарда көмiрсутек
шикiзатының жиналуы. Кен орнының геологиялық
қимасындағы шоғырлар саны өнiмдi қаттар санына сәйкес
немесе одан аз болуы мүмкiн.
2. Көмiрсутек шикiзатын барлау мен өндiру кезiнде жер
қойнауын ұтымды әрi кешендi пайдалану
2.1 Көмiрсутек шикiзаты кен орындарын барлау
4. Жер қойнауындағы шоғырлар көмiрсутек
шикiзатының бастапқы табиғи фазалық жай-күйi бойынша
бiр фазалық және екi фазалық болып бөлiнедi.
Бiр фазалыққа жататындар:
ерiтiлген газы бар мұнайдан ғана тұратын мұнай
шоғырлары;
төмен молекулярлы көмiрсутек шикiзатынан тұратын,
құрамында табиғи газ ғана бар газ шоғырлары;
газ күйiндегi көмiрсутектi конденсаты бар газдан
тұратын газконденсатты шоғырлар.
Екi фазалық шоғырлар бастапқы табиғи түрiнде
қаттарда бiр мезгiлде бүркеме түрiнде мұнайдың үстiнде
жатқан мұнай мен бос газды немесе шоғырдың
газконденсатты бөлiгiн және мұнай шоғыршағын ұстайды.
5. Көмiрсутек шикiзаты шоғырлары жалпы көлемiнiң
мұнайға қаныққан Vн бөлiгi көлемiнiң үлесiне байланысты
тұтастай алғанда екi фазалық шоғырларға жататындар:
Vн>0,75 кезiнде газды немесе газ конденсатты
бүркемесi бар мұнайлы;
0,5
газконденсат мұнайлы;
0,25
газконденсатты;
Vн<0,25 кезiнде газды немесе мұнай шоғыршағы бар
газконденсатты.
Екi фазалық шоғырлар үшiн игерудiң бастапқы
жүйесi бiрiншi кезектi фазаны алуға бағытталады, оның
көлемiнiң үлесi шоғырдың жалпы көлемiнен асып түседi
(50 пайыздан жоғары). Фазаны iрiктеу кезегi бойынша
түпкiлiктi шешiм техникалық-экономикалық есептерге
негiзделедi.
6. Көмiрсутектi шикiзат кен орындары кен орынның
барлық шоғырларындағы көмiрсутектi шикiзаттың жалпы
көлемiнде мұнайға қаныққан Vн бөлiгi көлемiнiң үлесiне
байланысты мыналарға бөлiнедi:
0,5
газмұнайлы);
0,25
мұнай-газконденсатты);
Vн <0,25 кезiнде газды немесе газконденсатты.
Мұнай қорлары шоғырдың жалпы көлемiнен 30
пайыздан аз болған жағдайда, төмен көлемiн мұнай қоры
құраған жағдайда, қат қысымын агенттi айдау арқылы
ұстау түрiнде iрiктеудi алмастырумен
мұнайгазконденсатты кен орнының мұнайлы және
газконденсатты бөлiктерiн бiр мезгiлде игеруге рұқсат
етiледi.
7. Құрылымының күрделiлiгiне байланысты кен
орындары (шоғырлар) мыналарға бөлiнедi:
өнiмдi қаттар ауданы мен қимасы бойынша қалыңдығы
мен коллекторлық қасиеттерiнiң төзiмдiлiгiмен
сипатталатын, тектоникалық бұзылмаған немесе нашар
бұзылған құрылымдарға орайластырылған қарапайым
құрылым;
өнiмдi қаттар ауданы мен қимасы бойынша қалыңдығы
мен коллекторлық қасиеттерiнiң төзiмсiздiгiмен немесе
литологиялық алмасулардың немесе бiртұтас шоғырларды
жеке блоктарға бөлетiн тектоникалық бұзылыстардың
болуымен сипатталатын күрделi құрылым;
шоғырларды жеке блоктарға бөлетiн литологиялық
алмасулардың немесе тектоникалық бұзылыстардың бiр
мезгiлде үйлесуiмен, осы блоктардың шегiндегi өнiмдi
қаттарының қалыңдығы мен коллекторлық қасиеттерiнiң
төзiмсiздiгiмен сипатталатын өте күрделi құрылым, мұнай
газ асты аймақтарында табанды су болып жататын және
бiртектi емес қаттардың жiңiшке жиектерiнде болатын
газ-мұнайлы және мұнай-газды шоғырлар.
8. Барлау далалық геологиялық-геофизикалық
зерттеулерден, геофизикалық ұңғылық зерттеу кешенiн
әзiрлеумен параметрлiк, iздеу және барлау-бағалау
бұрғылаудан, тасбағанды және қаттық флюидтерiн алудан
және олардың зертханалық зерттеулерiнен, iздестiру және
барлау ұңғымаларын сынаудан және тәжiрибе жасаудан
тұрады
9. Барлау ұңғыманы бұрғылау санатына, санына,
орналасуына және мерзiмiне, олар шешетiн мiндеттерге,
қажеттi зерттеулердiң кешенi мен көлемдерiне
негiзделетiн iздестiру жұмыстарының бекiтiлген жобасы
бойынша жүргiзiледi.
10. Бұрғылау процесiндегi зерттеулердiң түрлерi
әрбiр жеке барлау ұңғымасы үшiн жобалау ұйымы жасаған
геологиялық-техникалық нарядпен анықталады. Алынған
деректер кондицияларды сенiмдi негiздеу, белгiленген
тәртiпте бекiтiлуiмен көмiрсутек шикiзатының қорын
есептеу үшiн және игерудi жобалау үшiн жеткiлiктi болуы
қажет.
11. Кен орындары қорларын жiктеу жер қойнауын
зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган
белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
12. Iздестiру жұмыстары жобасында мыналар
қамтылады және негiзделедi:
қолда бар тарихи деректердiң көлемi, қанықтылығы
және мәнi, барлау учаскесiнiң зерттелу дәрежесi;
барлау мiндеттерi, сейсмикалық сұлбалар мен
олардың бағдарлары торының тығыздығы, сейсмикалық
барлау және өзге де геофизикалық дала жұмыстарын
белгiлеу әдiстемесi, өңдеу және интерпретациялау
жұмыстары;
арнайы зерттеулердiң өзге де түрлерiн қолдану;
iздеу және барлау ұңғымаларын орналастыру
нүктелерi, олардың жобалық тереңдiктерi мен
констркуциялары, бұрғылаудың тәсiлдерi мен кезектiлiгi;
тасбағанды iрiктеу интервалы, өнiмдi қаттар
ағынын сынау;
бұрғылау процесiнде мұнай-газды қаттарды сыннан
өткiзу және сынау тәртiбi;
ұңғымаларды геофизикалық және гидродинамикалық
зерттеулер тасбағанды және қаттар флюидтерi тереңдiк
сынамаларын iрiктеу және зертханалық зерттеу;
барлау ұңғымаларын бұрғылау, сынау және сынамалы
пайдалану кезiнде жер қойнауын және қоршаған ортаны
қорғау жөнiндегi iс-шаралар;
жұмыстардың орындалу көлемi мен мерзiмдерi;
барлау жұмыстарының қаржылық бөлiгi және
күтiлетiн тиiмдiлiгi;
барлау ұңғымаларын орналастыру кезiнде мұнай-
газды, газ-мұнайлы және мұнайгазконденсатты шоғырлар
үшiн осы шоғырлардың мұнайлы және газды бөлiктерiн
зерттеу қажеттiлiгi ескерiледi;
iздестiру және барлау ұңғымаларының конструкциясы
тиiстi ұңғымаларды салу жобаларына негiзделедi.
13. Кен орны бойынша тұтастай алғанда барлау
процесiнде мыналар зерттеледi:
литологиялық-стартиграфиялық қима, мұнай-газды
өнiмдi қаттардың, контурлардың және өткiзбейтiн
бөлiмдердiң орналасуы, өнiмдi қаттардың орналасу
шарттарындағы негiзгi заңдылықтар;
суарынды жүйелердi белгiлеумен және барлық
сыналған сулы қаттардың суларының физикалық-химиялық
қасиеттерiн сипаттаумен және олардың қорын бағалаумен
кен орны қимасының гидрогеологиялық сипаттамасы;
шоғырлар жабындарының, олардың заттық құрамы мен
қасиеттерiнiң сипаттамасы;
кен орны қимасындағы термобарийлық заңдылықтар.
14. Әрбiр шоғыр бойынша мыналар орнатылады:
шоғырдың құрылымдық-тектоникалық құрылысы;
шоғырдың гидродинамикалық жұмыс режимi;
өнiмдi қаттардың, ортақ қаттардың және тиiмдi
мұнай-газға қаныққан қалыңдықтардың шегiндегi
өзгерiстер;
мұнай-газдылық контурлары;
таужыныстарының литологиялық қасиеттерi;
таужыныстары-коллекторларының сүзу-сыйымдылықтық
ерекшелiктерi, олардың шоғыр көлемiндегi өзгергiштiгi;
су-мұнай, газ-мұнай немесе газ-су контактiлерiнiң
жағдайы дәлелденген;
өнiмдi қаттардың бастапқы және қалдықты мұнай-газ
қанықтылығы;
өнiмдi қаттардың үстiңгi қатының қасиеттерi
(гидрофильдiлiк, гидрофобтылық);
өнiмдi қаттар бойынша сумен және өзге болжамды
агенттермен ығыстыру коэффициентi;
үлестiк құрамына байланысты көмiрсутек шикiзаты,
судың және өзге болжамды агенттер үшiн таужыныстары-
коллекторларының салыстырмалы фазалық өткiзгiштiк мәнi;
бастапқы қаттық қысымдар мен температуралардың
мөлшерi;
қат мұнайының физикалық-химиялық қасиеттерi және
қысымның, температураның, көлемнiң өзгеруiне
байланысты, оның iшiнде стандарттық операцияның, сатылы
сепарация және дифференциалды газсыздандыру деректерi
бойынша (мұнайдың газға қанығу қысымы, газқұрамы,
тығыздық, тұтқырлық, көлемдiк коэффициент және қаттық
жағдайдағы сығылу, отыру коэффициентi және басқалар)
динамика/өзгерiс;
стандарттық шарттарға дейiн газсыздандырылған
мұнайдың физикалық-химиялық қасиеттерi (тығыздық,
кинематикалық тұтқырлық, молекулалық массасы, қайнаудың
басталу және суу температурасы, мұнайдың парафинмен
қанығу температурасы, парафиндердiң, асфальтендердiң,
силикогельдiк шайырлардың, күкiрттiң пайыздық құрамы,
фракциялық және компоненттiк құрамдары);
таужыныстардың және оларды қанықтандыратын
флюидтердiң жылуөткiзгiштiгiнiң, меншiктi жылу
кедергiсiнiң, меншiктi жылу сыйымдылығына орташа
коэффициенттерiнiң мәнi (тұйқырлығы жоғары шоғырлар
үшiн);
қаттық және үстiңгi қаттық шарттардағы
(стандартты және/немесе қалыпты) газдың физикалық-
химиялық қасиеттерi (компоненттiк құрамы, ауа бойынша
тығыздығы, сығылуы, конденсация басталу қысымы,
дифференциалды конденсацияның динамикасы және
басқалар);
конденсаттың физикалық-химиялық қасиеттерi (шикi
конденсаттың отыруы, тығыздық, молекулалық масса,
орнықты конденсаттың қайнауының басталуы және аяқталуы,
парафиннiң, күкiрттiң, шайырдың құрамы);
қат суының физикалық-химиялық қасиеттерi.
Аталған мәлiметтерге ұңғымаларды бұрғылау,
қаттарды бұрғылау кезiнде сынау, ұңғымалық және далалық
– геофизикалық зерттеулер, таужыныстарын литологиялық
зерттеу, тасбаған мен көмiрсутек шикiзатының қасиетiн
зертханалық зерттеу деректерi, кенорнын барлаудың
барлық кезеңдерiнде жинақталған өзге де ақпарат арқылы
қол жеткiзiледi.
15. Барлау процесi кезiнде үстiңгi қаттық шарттар
(рельеф, су арналарының болуы, рұқсат етiлмейтiн
аймақтар және басқалар) зерттеледi, жер қойнауын
пайдаланушылардың қызметiн сумен қамтамасыз ету үшiн
сумен жабдықтау көздерi iздестiрiледi, өнеркәсiптiк
және басқа сарқынды суларды ағызу үшiн кен орындары
бойынша жұтатын қаттар айқындалады, құрылыс
материалдарының шикiзаттық базасы бағаланады.
16. Мемлекеттiк қорық аймақтарының аумағында
геологиялық зерттеуге, пайдалы қазбаларды барлауға
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiнде
белгiленген арнайы экологиялық талаптарды ескере
отырып, жануарлар әлемiн күзету, қайта қалпына келтiру
және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiң
органдармен келiсу бойынша рұқсат етiледi.
17. Барлау ұңғымаларын сынау олардан үш айға
дейiнгi мерзiмде көмiрсутек шикiзатын өндiрудi
ұйымдастыруды көздейдi, жекелеген жағдайларда ұсақ және
орташа кенорындары үшiн әр қат бойынша өнеркәсiптiк-
геологиялық және гидродинамикалық зерттеулер кешенiн
өткiзумен ұңғымаларды сынамалы пайдалануға мүмкiндiк
беретiн дифференциалданған тестiлеу болуы мүмкiн.
Өндiрiлген көмiрсутек қоспасы барлау (бағалау)
ұнғымаларын сынау кезiнде экологиялық сараптама
нәтижелерi бойынша алауда көмiрсутектердi жағу қоршаған
орта үшiн кәдеге жаратудың неғұрлым қауiпсiз әдiсi
болып танылған жағдайларды қоспағанда, мiндеттi түрде
келiсiмшарт талаптарына сәйкес мемлекетке сатылады.
Бұл ретте мынадай деректердi алады:
бастапқы қаттық қысым мен температура;
қаттың жұмыс режимi туралы деректер;
кейiннен игеру жағдайларында болуы мүмкiн
ұңғымалардың дебитi мен забой қысымдары;
әр ұңғыма үшiн ортақ және қаттық флюидттер
бойынша қаттардың интервалдары бойынша меншiктi
(мұнайға қаныққан қалыңдықтың бiр метрiне шаққанда)
өнiмдiлiк коэффициентi;
қаттың кәрiзделiнетiн бөлiгiнiң орташа
өткiзгiштiк коэффициентi;
қаттың суөткiзгiштiк коэффициентi;
газөткiзгiштiк коэффициентi;
пьезоөткiзгiштiк коэффициентi.
18. Көмiрсутек шикiзатының шоғырын сынамалы
пайдалану сынамалы пайдалану жобасына сәйкес
жүргiзiледi, ол көмiрсутек шикiзатының шұғыл қорларының
негiзiнде әзiрленедi және Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiледi.
19. Көмiрсутек шикiзатының шоғырын сынамалы
пайдалану қолда бар ақпаратты нақтылау және шоғырлардың
геологиялық-физикалық сипаттамасы, көмiрсутек
шикiзатының орналасу шарттары, ұңғымалардың өнiмдiлiгi
туралы қосымша ақпаратты алу үшiн жүргiзiледi. Осы
жұмыстар процесiнде көмiрсутек шикiзатының орналасуының
статикалық үлгiсiн құру, кенорындарының қорын есептеу
және шоғырлар мен кенорындарын өнеркәсiптiк игерудi
кейiнгi жобалау үшiн бастапқы ақпаратты жинау және
жинақтау қажет.
20. Сынамалы пайдаланудың басталуы Жұмыс
бағдарламасында көзделген бекiтiлген сынамалы пайдалану
жобасын iске асыру күнi болып есептеледi.
21. Көмiрсутек шикiзаты шоғырларын сынамалы
пайдалану кезiнде алдыңғы өндiрушi және айдаушы
ұңғымалар бұрғылануы және пайдалануға берiлуi мүмкiн.
22. Сынамалы пайдалану кезiнде өндiру мерзiмдерi
мен көлемдерi жеке алғанда әрбiр ұңғыма бойынша
зерттеулердiң мерзiмiмен және көлемiмен анықталады.
Сынамалық пайдалануды жүргiзу қажеттiлiгi, мерзiмi және
сынамалық пайдалану кезеңiнде өндiрудiң көлемi туралы
ұсыныстарды Пайдалы қазбаларды барлау мен игеру
жөнiндегi орталық комиссия (бұдан әрi – орталық
комиссия) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi
уәкiлеттi органға жiбередi.
23. Сынамалы пайдалануды сынамалық пайдалану
жобасын белгiленген тәртiппен бекiтпей, сондай-ақ
сынамалы пайдалану жобасының талаптарын бұзып жүргiзуге
рұқсет етiлмейдi.
24. Көмiрсутек шикiзаты шоғырларын сынамалы
пайдалану жобасында мыналар көзделедi:
пайдалануға енгiзiлетiн барлау ұңғымаларының
тiзбесi, алдыңғы өндiрушi және айдаушы ұңғымалардың
саны мен орналасқан жерi;
ұңғымалардың геологиялық-геофизикалық және
гидродинамикалық зерттеулер кешенi, тасбағандардың және
қаттық флюидтердiң тереңдiктегi және үстiңгi қаттары
сынамаларының зертханалық зерттеулерi мен iрiктеу
интервалдары;
қаттарды ашудың және ұңғымаларды игерудiң тиiмдi
әдiстерiн таңдау;
айдау ұңғымаларының қабылдағыштығын зерттеу;
өндiру мерзiмi және көлемiн негiздеумен
көмiрсутек шикiзатын өндiрудiң, сондай-ақ көмiрсутек
шикiзаты кен шоғырларын сынамалы пайдалану кезеңiнде
болатын зерттеу түрлерiнiң ұйғарынды деңгейлерi.
25. Көмiрсутек шикiзаты шоғырларын сынамалы
пайдалану кезiнде мыналар анықталады:
ұсынылатын ығыстырушы агенттiң (су, басқа
агенттермен) айдауымен айдау ұңғымаларын игерудiң
тиiмдi технологиясы;
айдау ұңғымаларын пайдаланудың ықтимал режимдерi
(айдау қысымы, қабылдаушылық, айдалатын агентке
қойылатын талаптар, ұңғымаларды тазалау тәсiлдерi және
т.б.);
айдау және өндiру ұңғымаларының өзара iс-қимыл
сипаты;
өзара iс-қимыл процесiн күрделендiрушi
геологиялық-геофизикалық себептер (қаттардың орналасуы
мен өткiзгiштiк жағдайларының өзгергiштiгi, әсер ету
белсендiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi және т.б.);
пайдалану процесiнде қаттық қысым мен дебиттердiң
өзгеруi.
26. Ұңғымаларды сынау және шоғырларды сынамалы
пайдалану кезеңiнде алынған көмiрсутек шиказаты
өндiруге арналған келiсiмшарт жасалған сәттен бастап
есептелетiн игеру кезiнде өндiруден айырмашылығы бар
барлау кезiнде өндiрiлген болып табылады. Бұл ретте,
қорды есептеу мақсатында көмiрсутек шикiзатын өндiрудi
1>
Достарыңызбен бөлісу: |