Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережелерді бекіту туралы



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі79,54 Kb.
#7014

Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік 

комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы 

ережелерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 472 

бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 мамырда № 11200 тіркелді

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан 

Республикасы Заңының 19-бабы 

 сәйкес 


:

3) тармақшасына



БҰЙЫРАМЫН

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия 

туралы ереже осы бұйрықа 

 сәйкес;

1-қосымшаға

      2) пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ереже осы бұйрыққа 2-

 сәйкес бекітілсін.

қосымшаға

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер 

қойнауын пайдалану комитеті:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін

күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» 

ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 

интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін

он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң 

департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген 

іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының 

Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

       Инвестициялар және даму

              министрі                                    Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛДІ»:

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ___________________ В. Школьник

      2015 жылғы 24 сәуір

Қазақстан Республикасы       

Инвестициялар және даму министрінің 

2015 жылғы 21 сәуірдегі     

№ 472 бұйрығына         

1-қосымша          



Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қоры жөніндегі

мемлекеттік комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (

бұдан әрі - ҚР ҚМК) жер қойнауына мемлекеттік сараптаманы (бұдан әрі - Сараптама) жүзеге 

асырады.


      2. ҚР ҚМК қызметін ұйымдастыру, олардың құрамы, жұмыс регламенті және іс жүргізу осы 

Ережемен айқындалады.

      3. ҚР ҚМК жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның 

ведомствосының жанынан құрылады және жұмыс істейді.

      4. ҚР ҚМК құзыретіне кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбалардың 

барлық түрлері бойынша Сараптама жатады.



2. ҚР ҚМК міндеттері мен функциялары

      5. Негізгі міндетке сәйкес ҚР ҚМК Сараптама барысында мыналарды:

      1) пайдалы қазбалар қорларының саны, сапасы, құрамы, технологиялық қасиеттері, сондай-ақ 

жер қойнауының ерекшеліктері туралы деректердің дұрыстығын;

      2) пайдалы қазбаларды өндіру және өндіруге байланысты емес мақсатта жер қойнауы 

учаскелерін пайдалану шарттары үшін геологиялық, тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, 

инженерлік-геологиялық, техникалық-экономикалық деректердің толықтығы мен дұрыстығын;

      3) кен орындарын қазудың экономикалық тиімділігінің техникалық-экономикалық негіздемесін, 

көмірсутек шикізатын алу коэффициенттерін, минералдық-шикізаттық базаны кеңейту жөніндегі 

қорытындылар мен ұсыныстарды, пайдалануға арналған қорлар мен жер қойнауы учаскелерінің 

дайындығы дәрежесін;

      4) жер қойнауын геологиялық зерделеу мен бағалау жөніндегі іздестіру, барлау, 

тәжірибелік-пайдалану жұмыстарың нәтижелері мен сапасын;

      5) пайдалы қазбалардың кен орындарын жоюдың немесе консервациялаудың, пайдалы қазбаларды 

есептен шығарудың немесе қалған қорлардың теңгерімділік тиесілігінің өзгеру негізділігін 

айқындайды.

      6. ҚР ҚМК өз қызметінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгеріміне қоюға негіз болып табылатын 

барланған пайдалы қазбалар қорының рентабельділігі туралы қорытынды береді;

      2) пайдалы қазбалар қорының саны мен сапасын, олардың республика экономикасы үшін маңызын

, өндірудің тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық және басқа да жағдайларына 

объективті баға береді;

      3) келісімшарттық аумақтағы барлау нәтижесінде коммерциялық табу фактісін растайды;

      4) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және 

пайдалануға жарамды жер қойнауы учаскелері туралы геологиялық ақпаратқа мемлекеттік сараптама 

жүргізеді.

      7. ҚР ҚМК Сараптама барысында:

      1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан, жер қойнауын зерттеу және 

пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдар мен мекемелерден және жер 

қойнауын пайдаланушылардан өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты, 

құжаттарды және материалдарды сұратуы және алуы;

      2) Сараптама процесінде өз құзыреті шегінде тәуелсіз сарапшыларды тартуы;

      3) қажеттілігіне қарай сараптама жүргізілетін объектілерде көшпелі отырыстарды өткізуі;

      4) жер қойнауын пайдаланушы құзыретті орган қолданыстағы келісімшартқа тиісті өзгерістер 



енгізгенге дейін келісімшарттық талаптарда айтылған жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу

мерзімдер бұзған жағдайда, сараптамаға ұсынылған есептерді кері қайтаруы;

      5) өз функцияларына кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауы мүмкін.

3. ҚР ҚМК қызметін ұйымдастыру

      8. ҚР ҚМК отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі.

      9. ҚР ҚМК отырыстары жұмыс және пленарлық отырыстар болып бөлінеді. Жұмыс бабында қарау 

нәтижесі ҚР ҚМК шешімінің жобасы болып табылады. ҚР ҚМК пленарлық отырысында сарапталатын 

есептер бойынша шешім қабылданады.

      10. ҚР ҚМК алқалы органдар болып табылады. Шешім отырысқа қатысып отырған комиссия 

мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Шешімдерді қабылдау кезінде дауыстар тең болған 

жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

      11. ҚР ҚМК жұмыс органы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті болып табылады.

      12. ҚР ҚМК отырыстарына комиссияның мүшелері болып табылмайтын лауазымды тұлғалар 

шақырылуы мүмкін.

      13. ҚР ҚМК төрағасы оның қызметіне жетекшілік етеді, әдістемелік басшылықты жүзеге 

асырады. Төраға болмаған кезде оның міндеттерін ҚР ҚМК төрағасының орынбасары атқарады.

      14. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ҚР ҚМК-ге жүктелген міндеттерді

орындауда оларға жәрдем көрсетеді.

      15. ҚР ҚМК ғылыми хатшысы Сараптамаға есептердің қабылдануын және оларды комиссиялардың 

пленарлық отырыстарына дайындауды ұйымдастырады.

      16. Сараптаманың нәтижелері пайдалы қазбалар қорларын бекіту туралы, қорларды санаттар 

бойынша бөлу, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірудің көлемдері мен мерзімдері, көмірсутекті 

шикізатты алу коэффициенттері, пайдалы қазбалар қорларын есептен шығару, жер қойнауы туралы 

ақпаратты өнеркәсіптік, ғылыми және басқа мақсаттарда қолдану мүмкіндіктері, ұсынымдар туралы 

деректер, сондай-ақ ҚР ҚМК құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша шешімдер көрініс 

табатын хаттамамен ресімделеді.

      17. Сараптаманың нәтижелері көрсетілген хаттамаға отырысқа төрағалық етушінің қолы 

қойылады және ҚР ҚМК барлық қатысқан мүшелерінің бұрыштама қолдары қойылады.



4. ҚР ҚМК құрамы

      18. ҚР ҚМК төрағадан, оның орынбасарларынан, ғылыми хатшыдан және комиссиялар мүшелерінен

тұрады.

      19. ҚР ҚМК төрағасы жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган 



ведомствосының басшысы болып табылады. ҚР ҚМК төрағасының ҚР ҚМК төрағасы болмаған кезеңде ҚР 

ҚМК құзыреті шегінде құжаттарға қол қою құқығын иеленетін орынбасары бар.

      20. ҚР ҚМК төрағасының орынбасары жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті

орган ведомствосы басшысының орынбасары болып табылады.

      21. Ғылыми хатшылар мен комиссия мүшелері жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі 

уәкілетті органның білікті қызметкерлері болып табылады.

      ҚР ҚМК жеке құрамы Комитет төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

5. ҚР ҚМК жұмыс регламенті және іс қағаздарын жүргізу

      22. ҚР ҚМК кезекті жылға арналған жұмыс жоспары жер қойнауын пайдаланушылардың өтінімдері

негізінде қалыптастырылады.

      23. Жер қойнауын пайдаланушылар Сараптамаға есеп ұсыну мерзімін көрсете отырып, 

өтінімдерді жібереді.


      24. Аумақтық бөлімшелер жоспарланатын жылдың 20 қаңтарына дейінгі мерзімде ҚР ҚМК атына 

жер қойнауын пайдаланушылардың өтініші бойынша жиынтық мәліметтерді жібереді.

      25. ҚР ҚМК жұмысының жиынтық жоспарын ҚР ҚМК төрағасы бекітеді.

      26. Жер қойнауын пайдалану құқығы бар жеке немесе заңды тұлға «Жер қойнауын 

пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру 

қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 

жылғы 31 наурыздағы № 396 

 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу 

бұйрығымен

тізілімінде № 11028 тіркелген) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі 

операцияларды жүргізу туралы есептер беру қағидаларына сәйкес жүргізілген геологиялық барлау 

жұмыстары туралы түпкілікті есепті (бұдан әрі - есеп) Сараптамаға ұсынады.

      27. Жоспарланатын жылдың 30 қаңтарынан кейін түскен жер қойнауын пайдаланушылардың 

өтінімдері ҚР ҚМК тіркеледі. Аталған есептерге Сараптама мынадай түрде жүргізіледі:

      1) бірінші кезекте жиынтық жұмыс жоспарына сәйкес есептер қарастырылады;

      2) екінші кезекте жоспарланатын жылдың 20 қаңтарынан кейін келіп түскен өтінімдер бойынша

есептер олардың түсу кезектілігіне сәйкес қарастырылады.

      28. Жер қойнауын пайдаланушы есепті - кемінде екі данада, есепке қоса берілген 

анықтамалар мен тәуелсіз сарапшылардың сараптама қорытындыларын - кемінде төрт данада 

Сараптамаға жібереді.

      29. ҚР ҚМК қарауына түсетін есепті алдын ала тиісті қор жөніндегі өңіраралық 

комиссиялармен (бұдан әрі - ҚӨК) қаралады және оның қорытындысымен сүйемелденеді.

      30. Сараптамаға келіп түсетін есепті ғылыми хатшы осы Ереженің 28 және 29-тармақтарында 

көзделген, белгіленген талаптардың сәйкестігі мәніне бағаланады.

      31. Ұсынылған есеп осы Ереженің талаптарына сәйкес болған кезде, оны ғылыми хатшы 

тіркейді, одан кейін Сараптамаға қабылданған болып есептеледі, бұл туралы жер қойнауын 

пайдаланушыға түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жазбаша хабарланады.

      32. ҚР ҚМК мүшелеріне олардың тіркелуіне қарай Сараптамаға есептердің келіп түсуі туралы 

ғылыми хатшы хабарлайды. 

      33. ҚР ҚМК қарауына түскен есеп комиссия төрағасының орынбасарына беріледі, ол келіп 

түскен материалдардың салалық бағытына сәйкес комиссия мүшелерінің ішінен сараптама жүргізуге 

жауаптыларды айқындайды.

      34. Сараптама геология және жер қойнауын пайдалану саласында арнайы білімі бар және 

сараптама нәтижелеріне мүдделі емес тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, есеп тіркелген сәтітен 

бастап үш айға дейінгі мерзімде жүргізіледі. Аса күрделі не көлемі үлкен есепті қараған 

жағдайда, Сараптаманы жүргізу мерзімі комиссия төрағасының шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін, 

бірақ екі айдан аса ұзартылмайды.

      35. Тәуелсіз сарапшылардың тізімін ҚР ҚМК төрағасының ұсынымы бойынша жер қойнауын 

зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның ведомство басшысы бекітеді.

      36. Тәуелсіз сарапшылардың есепті сараптау қорытындыларын алғаннан кейін және комиссияның

жауапты мүшелері есепті зерттегеннен кейін жер қойнауын пайдаланушылар өкілдерінің, есеп 

орындаушылардың тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен ҚР ҚМК жұмыс отырысы өткізіледі.

      37. ҚР ҚМК-нің жұмыс отырыстары ҚР ҚМК төраға орынбасарының, ал ол болмаған кезде 

комиссияның сараптама өткізуге жауапты мүшесінің төрағалық етуімен жүргізіледі. Жұмысты қарау 

нәтижесі ҚР ҚМК шешімнің жобасы болып табылады.

      38. Комиссияның пленарлық отырыстары ҚР ҚМК төрағасының төрағалық етуімен өткізіледі. 

Төраға болмаған жағдайда, отырысты оның орынбасары өткізеді.

      39. Пленарлық отырыс өткізілгенге дейін үш жұмыс күні бұрын ғылыми хатшы ҚР ҚМК-нің 

мүшелеріне қаралатын объекті бойынша есептің негізгі мазмұны қысқаша түрде көрсетілген 

анықтаманы танысу үшін ұсынады. ҚР ҚМК мүшесінің талабы бойынша оған тәуелсіз сарапшылардың 

қорытындылары және өзге материалдар ұсынылады.

      40. Егер ҚР ҚМК-нің пленарлық отырысына комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 

жартысы қатысқан жағдайда, ол заңды деп есептеледі. ҚР ҚМК-нің мүшелері өзінің отырысқа қатысу 

жөніндегі уәкілеттігін басқа тұлғаға бере алмайды.

      41. Пленарлық отырыстарда шешімдер оның мүшелері даусының көпшілігімен қабылданады.

      42. Шешім қабылдау кезінде комиссия мүшелері тең дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған 



жағдайда, төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      43. Қабылданған шешімге келіспейтін ҚР ҚМК-нің мүшелері ерекше пікір білдіруге құқылы. 

Ерекше пікір оның негіздемесін қамтитын жеке құжатпен ресімделеді және қаралатын материалдарға 

қоса беріледі.

      44. ҚР ҚМК төрағасының, ал ол болмаған кезде - орынбасарының тапсырмасы бойынша шешімнің 

жобасы сырттай дауыс беру тәртібімен комиссия мүшелеріне жіберілуі мүмкін.

      45. Комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беруге арналған мерзімі дауыс беру үшін хаттама 

жобасын таратқан күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс. Сырттай дауыс беру мерзімі 

аяқталғанға дейін комиссия мүшелері ғылыми хатшыға өздерінің пікірін білдіретін жазбаша 

жауаптарды жібереді. Көрсетілген мерзімде жазбаша жауап ұсынбаған жағдайда, комиссия мүшесі 

қабылданған жоба шешіміне дауыс берді деп есептеледі. Егер жоба бойынша комиссия мүшелерінің 

жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда, сырттай дауыс беру өтті деп есептеледі. Шешім 

жобасы бойынша сырттай дауыс берудің нәтижелері хаттамамен ресімделеді.

      46. ҚР ҚМК пленарлық отырысының хаттамасы отырыс өткен күннен бастап он төрт жұмыс күні 

ішінде жасалады. Хаттамада Сараптамаға ұсынылған есептің материалдары туралы мәліметтер, 

сараптама барысында анықталған ескертулер, ҚР ҚМК шешімі және олардың ұсынымдары қамтылады.

      47. ҚР ҚМК пленарлық отырысының дайындалған хаттамасы күнтізбелік отыз күн ішінде тиісті 

аумақтық бөлімшеге, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және 

жер қойнауын пайдалану комитеті «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» 

республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – «Қазгеоақпарат» РГАО) жіберіледі. Ғылыми 

хатшы Сараптамадан өткен есепті «Қазгеоақпарат» РГАО геологиялық қорына тұрақты сақтауға 

тапсыру туралы хабарландырудың көшірмесін алған сәттен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде 

жер қойнауын пайдаланушыға ҚР ҚМК-нің пленарлық отырысының хаттамасын жібереді.

      48. Сараптамадан өткен есепке, есеп орындаушылары пленарлық отырыста қабылданған шешімдер

және ҚР ҚМК хаттамасында көрініс тапқан қажетті толықтырулар мен түзетулер енгізеді.

      49. Енгізілген түзетулердің сәйкестігін ұсынылған есепті сараптаудан өткізуге жауапты 

тұлғалар тексереді және есепті орындаушылардың, ескертулер бейімі жөніндегі тәуелсіз сарапшының

және ҚР ҚМК жұмыс органы маманының қолдары қойылған актімен куәландырылады.

      50. Сараптамадан өткен есепке тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін, 

сондай-ақ оларды қосымша түзетулерсіз қабылдаған жағдайда, жүргізілген геологиялық барлау 

жұмыстары туралы Сараптамадан өткенін куәландыратын мөртабан қойылады.

      51. Қабылданған қорлардың санаттары, хаттаманың нөмірі, пленарлық отырыс өткізілген күні,

сондай-ақ сарапталатын материалдардың қаралуына жауапты тұлғаның қолы мөртабанда көрініс табады

. Мөртабандар есеп мәтінінің титул парағында және қорлардың бұғатталғанын мен санаттарға 

бөлінгенін көрсететін графикалық қосымшалардың әрбір парағына қойылады.

      52. Егер сарапталатын есепке жасалған Сараптаманың нәтижесі бойынша ҚР ҚМК теріс 

қорытындысы алынса, жер қойнауын пайдаланушы хаттамада жазылған ескертулер мен ұсынымдарды 

ескере отырып, оларды пысықтаған кезде есепті қайталама сараптамаға ұсына алады.

Қазақстан Республикасы       

Инвестициялар және даму министрінің 

2015 жылғы 21 сәуірдегі     

№ 472 бұйрығына         

2-қосымша         

Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі өңіраралық

комиссиялар туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі өңіраралық комиссиялар (бұдан әрі - ҚӨК) жер қойнауына

мемлекеттік сараптаманы (бұдан әрі - Сараптама) жүзеге асырады.


      2. ҚӨК қызметін ұйымдастыру, олардың құрамы, жұмыс регламенті және іс жүргізу осы 

Ережемен айқындалады.

      3. ҚӨК жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық 

бөлімшелерінің (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер) жанынан құрылады және жұмыс істейді.

      4. ҚӨК құзыретіне кең таралған пайдалы қазбалардың түрлері бойынша Сараптама, сондай-ақ 

Қазақстан Республикасының қоры жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - ҚР ҚМК) 

Сараптамасына келіп түсетін есептерді алдын ала қарау жатады.

2. ҚӨК міндеттері мен функциялары

      5. Негізгі міндетке сәйкес Сараптама барысында ҚӨК мыналарды:

      1) пайдалы қазбалар қорларының саны, сапасы, құрамы, технологиялық қасиеттері, сондай-ақ 

жер қойнауының ерекшеліктері туралы деректердің дұрыстығын;

      2) пайдалы қазбаларды өндіру және өндіруге байланысты емес мақсатта жер қойнауы 

учаскелерін пайдалану шарттары үшін геологиялық, тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, 

инженерлік-геологиялық, техникалық-экономикалық деректердің толықтығы мен дұрыстығын;

      3) кен орындарын қазудың экономикалық тиімділігінің техникалық-экономикалық негіздемесін, 

көмірсутек шикізатын алу коэффициенттерін, минералдық-шикізаттық базаны кеңейту жөніндегі 

қорытындылар мен ұсыныстарды, пайдалануға арналған қорлар мен жер қойнауы учаскелерінің 

дайындығы дәрежесін;

      4) жер қойнауын геологиялық зерделеу мен бағалау жөніндегі іздестіру, барлау, 

тәжірибелік-пайдалану жұмыстардың нәтижелері мен сапасын;

      5) пайдалы қазбалардың кен орындарын жоюдың немесе консервациялаудың, пайдалы қазбаларды 

есептен шығарудың немесе қалған қорлардың теңгерімділік тиесілігінің өзгеру негізділігін 

айқындайды.

      6. ҚӨК өз қызметінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) қор жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы түрінде пайдалы қазбалар қорларының 

мемлекеттік теңгеріміне қоюға негіз болып табылатын барланған пайдалы қазбалар қорының 

рентабельділігі туралы қорытынды береді;

      2) пайдалы қазбалар қорының саны мен сапасын, олардың республика экономикасы үшін маңызын

, өндірудің тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық және басқа да жағдайларына 

объективті баға береді;

      3) келісімшарттық аумақтағы барлау нәтижесінде коммерциялық табу фактісін растайды.

      7. ҚӨК Сараптама барысында:

      1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан, жер қойнауын зерттеу және 

пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдар мен мекемелерден және жер 

қойнауын пайдаланушылардан өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты, 

құжаттарды және материалдарды сұратуы және алуы;

      2) Сараптама процесінде өз құзыреті шегінде тәуелсіз сарапшыларды тартуы;

      3) қажеттілігіне қарай сараптама жүргізілетін объектілерде көшпелі отырыстарды өткізуі;

      4) жер қойнауын пайдаланушы құзыретті орган қолданыстағы келісімшартқа тиісті өзгерістер 

енгізгенге дейін келісімшарттық талаптарда айтылған жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу

мерзімін бұзған жағдайда, сараптамаға берілген есептерді кері қайтаруы;

      5) өз функцияларына кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауы мүмкін.

3. ҚӨК қызметін ұйымдастыру

      8. ҚӨК отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі.

      9. ҚӨК отырыстары жұмыс және пленарлық отырыстар болып бөлінеді. Жұмыс бабында қарау 

нәтижесі ҚӨК шешімінің жобасы болып табылады. ҚӨК пленарлық отырысында сарапталатын есептер 

бойынша шешім қабылданады.

      10. ҚӨК алқалы органдар болып табылады. Шешім отырысқа қатысып отырған комиссия 



мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Шешімдерді қабылдау кезінде дауыстар тең болған 

жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

      11. ҚӨК жұмыс органдары қарауға келіп түскен есептердің салалық бағыты бойынша тиісті 

аумақтық бөлімшелердің мамандарынан құрылатын жұмыс топтары болып табылады.

      12. ҚӨК отырыстарына комиссияның мүшелері болып табылмайтын лауазымды тұлғалар шақырылуы 

мүмкін.


      13. ҚӨК төрағалары тиісті өңіраралық комиссияның қызметіне басшылық етеді.

      14. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ҚӨК-ге жүктелген міндеттерді 

орындауда оларға жәрдем көрсетеді.

      15. ҚӨК ғылыми хатшылары Сараптамаға есептердің қабылдануын және оларды комиссиялардың 

пленарлық отырыстарына дайындауды ұйымдастырады.

      16. Сараптаманың нәтижелері пайдалы қазбалар қорларын бекіту туралы, қорларды санаттар 

бойынша бөлу, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірудің көлемдері мен мерзімдері, көмірсутекті 

шикізатты алу коэффициенттері, пайдалы қазбалар қорларын есептен шығару, жер қойнауы туралы 

ақпаратты өнеркәсіптік, ғылыми және басқа мақсаттарда қолдану мүмкіндіктері, ұсынымдар туралы 

деректер, сондай-ақ ҚӨК құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша шешімдер көрініс табатын 

хаттамамен ресімделеді.

      17. Сараптаманың нәтижелері көрсетілген хаттамаға отырысқа төрағалық етушінің қолы 

қойылады және ҚӨК барлық қатысқан мүшелерінің бұрыштама қолдары қойылады.

4. ҚӨК құрамы

      18. ҚӨК төрағадан, оның орынбасарларынан, ғылыми хатшыдан және комиссиялар мүшелерінен 

тұрады.

      19. ҚӨК төрағалары тиісті аумақтық бөлімшелердің басшылары болып табылады. ҚӨК 



төрағаларының орынбасарлары тиісті аумақтық бөлімшелердің басшыларының орынбасарлары болып 

табылады.

      20. Ғылыми хатшылар мен комиссия мүшелері жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі 

уәкілетті органның, геологиялық мамандықтары бар білікті қызметкерлері болып табылады.

      ҚӨК жеке құрамы тиісті аумақтық бөлімшелер басшысының бұйрығымен бекітіледі.

5. ҚӨК жұмыс регламенті және іс қағаздарын жүргізу

      21. ҚӨК кезекті жылға арналған жұмыс жоспары жер қойнауын пайдаланушылардың өтінімдері 

негізінде қалыптастырылады.

      22. Жер қойнауын пайдаланушылар Сараптамаға есеп ұсыну мерзімін көрсете отырып, 

өтінімдерді жібереді.

      23. Аумақтық бөлімшелер жоспарланатын жылдың 20 қаңтарына дейінгі мерзімде ҚР ҚМК атына 

жер қойнауын пайдаланушылардың өтініші бойынша жиынтық мәліметтерді жібереді.

      24. ҚӨК жиынтық жоспарларын олардың төрағалары бекітеді.

      25. Жер қойнауын пайдалану құқығы бар жеке немесе заңды тұлға «Жер қойнауын 

пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру 

қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 

жылғы 31 наурыздағы № 396 

 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу 

бұйрығымен

тізілімінде № 11028 тіркелген) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі 

операцияларды жүргізу туралы есептер беру қағидаларына сәйкес жүргізілген геологиялық барлау 

жұмыстары туралы түпкілікті есепті (бұдан әрі - есеп) Сараптамаға ұсынады.

      26. Жоспарланатын жылдың 30 қаңтарынан кейін түскен жер қойнауын пайдаланушылардың 

өтінімдері ҚӨК тіркеледі. Аталған есептерге Сараптама мынадай түрде жүргізіледі:

      1) бірінші кезекте жиынтық жұмыс жоспарына сәйкес есептер қарастырылады;

      2) екінші кезекте жоспарланатын жылдың 20 қаңтарынан кейін келіп түскен өтінімдер бойынша

есептер олардың түсу кезектілігіне сәйкес қарастырылады.



      27. Жер қойнауын пайдаланушы есепті - кемінде екі данада, есепке қоса берілген 

анықтамалар мен тәуелсіз сарапшылардың сараптама қорытындыларын - кемінде төрт данада 

Сараптамаға жібереді.

      28. Сараптамаға келіп түсетін есепті ғылыми хатшы осы Ереженің 27-тармағында көзделген 

белгіленген талаптардың сәйкестігі мәніне бағалайды.

      29. Ұсынылған есеп осы Ереженің талаптарына сәйкес болған кезде, оны ғылыми хатшы 

тіркейді, одан кейін Сараптамаға қабылданған болып есептеледі, бұл туралы жер қойнауын 

пайдаланушыға түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жазбаша хабарланады.

      30. ҚӨК мүшелеріне олардың тіркелуіне қарай Сараптамаға есептердің келіп түсуі туралы 

ғылыми хатшы хабарлайды. 

      31. ҚӨК қарауына түскен есеп комиссия төрағасының орынбасарына беріледі, ол келіп түскен 

материалдардың салалық бағытына сәйкес комиссия мүшелерінің ішінен сараптама жүргізуге 

жауаптыларды айқындайды.

      32. Сараптама геология және жер қойнауын пайдалану саласында арнайы білімі бар және 

сараптама нәтижелеріне мүдделі емес тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып есеп тіркелген сәтінен 

бастап үш айға дейінгі мерзімде жүргізіледі. Аса күрделі не көлемі үлкен есепті қараған 

жағдайда, Сараптаманы жүргізу мерзімі комиссия төрағасының шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін, 

бірақ екі айдан аса ұзартылмайды.

      33. Тәуелсіз сарапшылардың тізімін ҚР ҚӨК төрағасының ұсынымы бойынша жер қойнауын 

зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның ведомство басшысы бекітеді.

      34. Тәуелсіз сарапшылардың қорытындыларын алғаннан және комиссияның жауапты мүшелері 

есепті зерделегеннен кейін жер қойнауын пайдаланушы өкілдерінің, есепті орындаушылардың, 

тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен ҚӨК жұмыс отырысы өткізіледі.

      35. ҚӨК-нің жұмыс отырыстары ҚӨК төраға орынбасарының төрағалық етуімен өткізіледі. 

Жұмысты қарау нәтижесі ҚӨК шешімнің жобасы болып табылады.

      36. Комиссиялардың пленарлық отырыстары ҚӨК төрағасының төрағалық етуімен өткізіледі. 

Төраға болмаған жағдайда отырысты оның орынбасары өткізеді.

      37. Пленарлық отырыс өткізілгенге дейін үш жұмыс күні бұрын ғылыми хатшы ҚӨК-нің 

мүшелеріне қаралатын объект бойынша есептің негізгі мазмұны қысқаша түрде көрсетілген 

анықтаманы танысу үшін ұсынады. ҚӨК мүшесінің талабы бойынша оған тәуелсіз сарапшылардың 

қорытындылары және өзге материалдар ұсынылады.

      38. Егер ҚӨК-нің пленарлық отырысына комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы 

қатысқан жағдайда, ол заңды деп есептеледі. ҚӨК-нің мүшелері өзінің отырысқа қатысу жөніндегі 

уәкілеттігін басқа тұлғаға бере алмайды.

      39. Пленарлық отырыстарда шешімдер оның мүшелері даусының көпшілігімен қабылданады.

      40. Шешім қабылдау кезінде комиссия мүшелері тең дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған 

жағдайда, төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      41. Қабылданған шешімге келіспейтін ҚӨК-нің мүшелері ерекше пікір білдіруге құқылы. 

Ерекше пікір оның негіздемесін қамтитын, жеке құжатпен ресімделеді және қаралатын материалдарға

қоса беріледі.

      42. ҚӨК төрағасының, ал ол болмаған кезде - орынбасарының тапсырмасы бойынша шешімнің 

жобасы сырттай дауыс беру тәртібімен комиссия мүшелеріне жіберілуі мүмкін.

      43. Комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беруге арналған мерзімі дауыс беру үшін хаттама 

жобасын таратқан күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс. Сырттай дауыс беру мерзімі 

аяқталғанға дейін комиссия мүшелері ғылыми хатшыға өздерінің пікірін білдіретін жазбаша 

жауаптарды жібереді. Көрсетілген мерзімде жазбаша жауап ұсынбаған жағдайда, комиссия мүшесі 

қабылданған жоба шешіміне дауыс берді деп есептеледі. Егер жоба бойынша комиссия мүшелерінің 

жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда, сырттай дауыс беру өтті деп есептеледі. Шешім 

жобасы бойынша сырттай дауыс берудің нәтижелері хаттамамен ресімделеді.

      44. ҚӨК пленарлық отырысының хаттамасы отырыс өткен күннен бастап он төрт жұмыс күні 

ішінде жасалады. Хаттамада Сараптамаға ұсынылған есептің материалдары туралы мәліметтер, 

сараптама барысында анықталған ескертулер, ҚӨК шешімі және олардың ұсынымдары қамтылады.

      45. ҚӨК-нің пленарлық отырыстарының хаттамалары қаралғаннан кейін күнтізбелік отыз күн 

ішінде, бірақ кемінде тоқсанына бір рет ҚР ҚМК атына жіберіледі. Ғылыми хатшы Сараптамадан 



өткен есепті тиісті аумақтық бөлімшенің геологиялық қорына тұрақты сақтауға беру туралы 

хабарландырудың көшірмесін алған сәттен бастап екі апталық мерзімде жер қойнауын пайдаланушыға 

ҚӨК-нің пленарлық отырысының хаттамасын жібереді.

      46. Сараптамадан өткен есепке, есеп орындаушылары пленарлық отырыста қабылданған шешімдер

және ҚР ҚМК хаттамасында көрініс тапқан қажетті толықтырулар мен түзетулер енгізеді.

      47. Енгізілген түзетулердің сәйкестігін ұсынылған есепті сараптаудан өткізуге жауапты 

тұлғалар тексереді және есепті орындаушылардың, ескертулер бейімі жөніндегі тәуелсіз сарапшының

және ҚӨК жұмыс органы маманының қолдары қойылған актімен куәландырылады.

      48. Сараптамадан өткен есепке тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін, 

сондай-ақ оларды қосымша түзетулерсіз қабылдаған жағдайда, жүргізілген геологиялық барлау 

жұмыстары туралы Сараптамадан өткенін куәландыратын мөртабан қойылады.

      49. Қабылданған қорлардың санаттары, хаттаманың нөмірі, пленарлық отырыс өткізілген күні,

сондай-ақ сарапталатын материалдардың қаралуына жауапты тұлғаның қолы мөртабанда көрініс табады

. Мөртабандар есеп мәтінінің титул парағында және қорлардың бұғатталғанын мен санаттарға 

бөлінгенін көрсететін графикалық қосымшалардың әрбір парағына қойылады.

      50. Егер сарапталатын есепке жасалған Сараптаманың нәтижесі бойынша ҚР ҚМК немесе ҚӨК 

теріс қорытындысы алынса, жер қойнауын пайдаланушы хаттамада жазылған ескертулер мен 

ұсынымдарды ескере отырып, оларды пысықтаған кезде есепті қайталама сараптамаға ұсына алады.



© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет