Талғамсыздық қисығы және оның қасиеттері
Талғамсыздық қисығының иілуі алмасудың шекті нормасын білдіреді. А игілігін В игілігімен алмастырудың шекті нормасы (MRS) деп тұтынушының қанағаттану деңгейі өзгермейтіндей болып А игілігін бір бірлікке көбейтуге «ауыстыратын» В игілігінің мөлшерін айтады.
MRSab= B/A
Сонымен, тұтынушы тәртібінің экономикалық теориясы өте қарапайым: тұтынушылар өздері сатып ала алатын тауарлар жиынтығынан ең жақсысын таңдайды.
Тұтынушы бар қаражатын А және В тауарларын сатып алуға жұмсайды делік. Егер оның бюджетін немесе бар қаражатын I деп , ал А және В тауарларының бір өлшемінің бағаларын Pа , Pв деп белгілесек, бюджеттің шектеулі екендігін келесі теңсіздік түрінде бейнелеуге болады:
I > Pа * А + Pв * В
Бұл теңсіздік жазықтықта жартылай жазықтыққа сәйкес келіп, ол жартылай жазықтықтың шекарасы
I = Pа * А+ Pв * В
түзуімен анықталады. Бұл бюджет сызығы деп аталып , А, В тауарларын сатып алуға бюджеттің толық жұмсалатынын, яғни ақшалай табыстың тұрақты көлемінде алуға болатын екі өнімнің әр түрлі комбинацияларын көрсетеді. Жазықтықтағы бюджет сызығының бейнесі суретте келтірілген.Соңғы теңдеуді былай деп жазуға болады:
I Pa
B = ¾ - ¾ * A
Pb Pb
Бұл жердегі (Pa / Pb) – бюджет сызығының бұрыштық коэффициентін бейнелейді.
Табыс және бағада болатын өзгерістер.
Табыс және бағада болатын өзгерістер бюджет сызығының қозғалысына әкеледі. Табыстың өсуі тұтынушыға бұрын қолы жетпеген жиынды сатып алуға мүмкіндік береді. Сондықтан ол бюджет сызығын координат осімен жоғары жылжытады. Бұл уақытта, бюджет сызығының көлбеуі өзгертпейді. Табыстың азаюы бюджет сызығын координаттар осіне жақындатып, параллель жылжытады. А тауарына бағаның арзандауы осы тауарға сұранысты арттырады , бұл кезде В тауарының бағасы тұрақты деп есептейміз.
Тұтынушылар талғамы дұрыс қалыптасуы үшін, олар бюджеттерінің шектеулі екендігін ескертіп, ең көп пайдалылық алып келетін тауарлар құрамын анықтаулары қажет. Бұдан ең ұтымды тауарлар құрамы бюджет сызығы мен талғамсыздық қисықтарының жанама нүктесінде екенін білеміз.
Бұл қиылысу нүктесінде талғамсыздық қисығының иілуі коэффициенті бюджеттің сызықтың бұрыштық коэффициентіне тең. Талғамсыздық қисығының иілуін MRS, ал бюджет сызығының иілуі Pb / Pa білдіретіндіктен, тұтынушы тепе-теңдік жағдайға келесі шарт орындалған кезде жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |