АЛЛАҒА МАДАҚ АЙТУ "Уа, Алла тағалам! 18 мың ғаламның, көктер мен жердің, жаным мен тəнімнің Иесі, Аса құдіретті, Аса кешірімді, Раббылардың Раббысы, Патшалардың патшасы, Ұлы, Алла тағалам! Саған ғана мадақ айтамын, Саған ғана хамд айтамын. Сен барлық құдіреттің Иесісің, барлық мұқтаждықты өтейтін Сен ғанасың".
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ МҰХАММЕДКЕ (С.Ғ.С) САЛАУАТ АЙТУ:
" Аллаһумма салли 'алə Мухаммадин уə 'алə али Мухаммад"
"Аллахым Мұхаммедке жəне оның жұбайлары мен ұрпағына Ибраһим отбасына салауат еткеніндей рахым ет жəне Мұхаммедке жəне оның жұбайлары мен ұрпағына Ибраһим отбасына берекет бергеніңдей береке бер Сен расында Даңқтысың əрі Мақтаулысың".
ИСТИҒФАР (КЕШІРІМ ТІЛЕУ) АЙТУ: Я, Алла тағалам! Сен аса кешірімдісің, кешіргенді жақсы көресің, мені де кешірші. Сенің рахымың мен мейірімің күнəларымды кешірет деген үміт береді. Менің бұрынғы жəне кейінгі істеген үлкен-кіші, жасырын-жария, біліп-білмей істеген күнəларымның барлығын кешірші. Сен кешірім Иесісің. Тəубеге келген құлыңды кешірушісің. Істеген күнəларым, қателіктерім үшін қатты өкінем. Менің ата-анамды (аты-жөнін атап), бауырларымның, жақындарымның, барша мұсылмандардың жасаған күналары болса кешірші. Сен Аса кешірімдісің.
Аллахым, қиямет қайым орнағанда мені, ата-анамды, бауырларымды және барша мұсылмандарды кешіріміңе бөлеп, қабір азабынан, тозақ отынан сақтап, Фирдаус Жәннатына кіруімізді нәсіп еткейсің.
Сондай-ақ, өмірден өткен жақындарымның (аты-жөндерін толық атап) және барша мұсылмандардың мына дүниеде біліп-білмей істеген, жасырын-жария, үлкен-кіші, күнəларның барлығын кешіре гөр. Олардың тар қабірін кеңейтіп, ішін жарық етіп, нұрға толтыра гөр. Ақыретте тозақтың азабынан сақтап, Жәннатыңнан орын бере гөр.
... деп истиғфар айтып болғаннан кейін өзіңіздің дүниелік/ақыреттік қажеттілігіңізді сұрап дұға жасайсыз. Соңын Аллаға деген мадақпен аяқтайсыз.
АЛЛАҒА МАДАҚ АЙТУ "Уа, Алла тағалам! 18 мың ғаламның, көктер мен жердің, жаным мен тəнімнің Иесі, Аса құдіретті, Аса кешірімді, Раббылардың Раббысы, Патшалардың патшасы, Ұлы, Алла тағалам! Саған ғана мадақ айтамын, Саған ғана хамд айтамын. Сен барлық құдіреттің Иесісің, барлық мұқтаждықты өтейтін Сен ғанасың".