Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет126/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   266
«Өйткені ол ықыласты 
құлдарымыздан еді»
, – дейді. 
Бірақ уәзірдің әйелі алған бетінен қайтпай, Юсуфке жақындап, 
оған жабыса бастады және Юсуфтың қашқанына қарамастан
артынан жүгірді. Аллаһ тағала бұл оқиғаны баяндап: 
«Екеуі 
есікке жүгірді де, әйел оның жейдесін арт жағынан жыртып 
алып қалды»
, – деген. 
Яғни Юсуф есікке ұмтылды, бірақ есік құлыптаулы болатын. 
Ол есікті ашуға әрекет жасады, уәзірдің әйелі болса оған 
жабысып бері тартқанда, көйлегінің арқа тұсы жыртылып
әйелдің қолында қалып қойды. Сол сәтте есік сыртынан ашылып, 
ішке уәзір кіріп келді де, сәнденген, сұлуланған әйелінің Юсуфқа 
жабысып жатқанын көрді. 
«Екеуі оның күйеуін есік алдында 
жолықтырды»
. Сол уақытта әйел бірден өз басын қорғауға 


143
 
 
көшіп: 
«Әйеліңе жамандық ойлаған біреудің жазасы – абақты 
немесе жантүршігерлік азап», – деді»

Яғни уәзірдің оны өлтіруінен қорқып, дереу жазасын өзі 
айтты. Өйткені ол Юсуфты ұнататын. Сонда Юсуф та басын 
арашалап:
«Ол көңілімді өзіне тартпақшы болды», – деді»
. Сонда 
«Әйел жағынан бір айғақ: «Егер 
(Юсуфтың)
 жейдесі алдынан 
жыртылса, әйел рас айтты да, ол өтірікшілерден болмақ. Ал 
жейдесі артынан жыртылса, онда әйел жалған айтты да, ол 
рас айтушылардан», – деп куәлік берді»

«Сонда оның жейдесінің артынан жыртылғанын көрген 
күйеуі: «Міне, бұл сендердің 
(әйелдердің)
қулықтарың. 
Расында, сендердің 
(әйелдердің)
қулықтарың зор», – деді»

Сосын уәзір: 
«Юсуф, мұны қоя сал!
1
» – 
(деп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет