Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет149/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   266
 
 
адамдар бар. Тек Юнустың елінде ғана жеке-дара имансыздық 
болмаған, олардың барлығы түгелдей иман келтірді. Бұл – Аллаһ 
тағаланың кереметі мен рақымшылығының көрінісі. 
Юнус жайын ішінде 
Юнус болса қауымының иманға бет бұрғанын білмеді. Ол 
теңізге барып, кемеге мінді. Кемеде адам көп болатын. Аллаһ 
тағала:
«Сол уақытта ол 
(адам)
 толы кемеге қашқан еді»
1
, – дейді. 
Теңізге шыққан соң дауыл соғып, кеме суға бата бастады. 
Олар жүктерін суға лақтырып едәуір жеңілдеткенмен, кеме әлі де 
болса ауыр еді. Сонда кемедегілер ақылдаса келе: «Адам тастау 
керек. Жеребе тартамыз. Кімге шықса, соны суға лақтырамыз. 
Кеме жеңілдегенге дейін осылай етеміз», – деп шешті. Сөйтіп, 
олар жеребе тартқанда, ол Юнуске түсті. Адамдар оны 
лақтырғысы келмей, екінші рет салғанда, жеребе тағы да Юнуске 
шықты. Сол кезде шешініп, суға түспекке ыңғайланғанда адамдар 
оны тоқтатып, үшінші рет тастады. Жеребе тағы да Юнуске 
шықты. Аллаһ тағала: 
«Жеребе тартқанда, ол жеңіліске 
ұшырады»
2
, – деп айтқан. 
Сонда барып адамдар оны теңізге лақтырды. Сол кезде теңіз 
тынышталды. 
«Сөйтіп, оны кит жұтты. Ол 
(өз-өзін)
 айыптауда 
еді»
3

Аллаһ тағала балыққа оның етін жеме, сүйегін сындырма деп 
уахи етті. Сонда Юнус өз-өзін айыптай бастады. Ал кісінің өзін 
айыпты деп біліп, өз-өзін жазғыруы тәубенің алғашқы сатысына 
жатады. Балықтың іші оған ғажап бір абақты іспеттес еді. Юнус 
1
«Саффат» сүресі, 140-аят. 
2
«Саффат» сүресі, 141-аят. 
3
«Саффат» сүресі, 142-аят. 


169
 
 
балықтың қарнында үш не жеті күн немесе қырық күн қалған деп 
айтылады. Ол Раббысына дұға қыла бастады. Аллаһ тағала:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет