Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет157/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

 
 
пайдасы тиер немесе бала қып алармыз»
1
, – деді. Сонда 
перғауын: «Саған болар, ал маған жоқ», – деп жауап қатты. 
Өйткені ол да іштей сәбидің исраилдік екенін білген-ді. Әйтпесе 
тапа-тал түсте нәрестесін кім дарияға тастайды? 
Мына жақта оның анасының жүрегі алаңдауда еді. Ол бар 
нәрсені жиыстырып қойып, тек Мұсаны ойлаумен болды. Бұл 
туралы Аллаһ тағала: 
«Мұсаның анасының жүрегі боп-бос боп 
қалды. Егер жүрегін иман келтіргендерден болуға бекітпесек, 
оны білдіріп ала жаздады»
2
, – дейді. 
Мұса перғауын сарайында қарны ашып жылай бастады. Оған 
көптеген емізуші әйелдер әкелгенмен, ешқайсысын ембеді. Сонда 
олар емшек ана іздеп базарға келді. Аллаһ тағала: 
«Оны 
емізушілерден тыйдық»
3
, – дейді. 
Сонда оның әпкесі сарай адамдарына барып: 
«Сендерге оны 
бағатын, оған қамқор болар бір отбасын көрсетейін бе?» – 
деді»
4
. Оларға бір қараша үйде иісі жағымды бір әйел бар екенін, 
оны барлық балалардың еметіндігін айтты. Сөйтіп, олар Мұсаны 
өз анасына алып барды да, бала емді. Әсия әйелге елші жіберіп, 
перғауын сарайында тұруға ұсыныс жасады. Бірақ Мұсаның 
анасы отбасы, бала-шағасы барын алға тартып сарайға барудан 
бас тартты. Сосын, амал жоқ, Мұсаны ақыға бағуы үшін оған 
табыстап кетті. Әсия Мұсаның анасына көп құрмет көрсетті. 
Сондай-ақ перғауынның адамдары да оған тарту-таралғылар 
жасайтын. 
Аллаһ 
тағала: 
«Сөйтіп, 
көзайым 
болып, 
қайғырмауы үшін және Аллаһтың уәдесінің хақ екендігін 
білуі үшін оны
(Мұсаны) 
өз анасына қайтардық»
5
, – деген. 
1
«Қасас» сүресі, 9-аят. 
2
«Қасас» сүресі, 10-аят. 
3
«Қасас» сүресі, 12-аят. 
4
«Қасас» сүресі, 12-аят. 
5
«Қасас» сүресі, 13-аят. 


179


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет