206
«Мұса уәделі мерзімімізде келіп, Раббы онымен тілдескен
кезде: «Раббым, маған өзіңді көрсет, Сені көрейін»
, – деді.
Дидарын көрсетуді өтінген Мұсаға Аллаһ тағала:
«Мені әсте көре алмайсың, бірақ тауға қара, егер ол
орнында тұра алса, сен де Мені көресің»
, – деді.
Аллаһ қарауға бұйырған тау Тұр емес, басқа тау еді. Мұса
тауға көз салып тұрды.
«Сонда Раббы тауға көрініс берген
сәтте, оны быт-шыт қылды»
.
Сол сәтте Аллаһ тағаланың нұрынан тау шашылып, күл-парша
болып, топыраққа айналып кетті. Көз алдында кенеттен болып
өткен бұл таңғажайып көріністен бойын үрей билеп, қорыққан
«Мұса талып түсті. Есі кіре сала: «Сен Пәксің, Саған тәубе
қылдым әрі мен – иман келтіргендердің алғашқысымын», –
деді»
1
.
Аллаһ тағаланы көздер көре алмайды. Исра және Миғраж
хадисінде келгеніндей, бірде Айша (Аллаһ оған разы болсын)
Пайғамбарымыздан (с.а.с.):
«Раббыңды Миғражда көрдің бе?»
–
деп сұрағанда:
«Нұр ғой, қайдан көрейін»
, – деп
жауап берген
2
.
Яғни Пайғамбарымыз (с.а.с.) да Аллаһты көрмеген.
Сондай-ақ тағы бір хадисте, Аллаһтың пердесі нұр делінсе, бір
риуаяттарда от делінеді. Егер ол перде алынса, алдындағыны
өртеп жібереді
3
.
Мұнан соң Аллаһ тағала:
Достарыңызбен бөлісу: