Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет188/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   266
деді»
2
.
Сонан соң Самириге:
«Ей, Самири! Сенің істегенің не?» – деді. Самири болған 
жайтты әңгімелеп: «Олар көрмеген бір нәрсені көрдім. 
Елшінің 
(Жәбірейілдің)
ізінен бір уыс топырақ алып, оның 
ішіне салдым. Оны маған нәпсім жақсы көрсетті», – деді»

Исраилдіктер Аллаһ көрсеткен тоғыз мұғжизаны, теңіздің 
екіге жарылуын, перғауынның сол теңізге батуы мен өздерінің 
одан құтқарылуын көріп-біле тұра, Асқақ Аллаһқа күпір келтірді. 
1
«Таһа» сүресі, 86-94 аяттар. 
2
«Ағраф» сүресі, 150-151 аяттар. 


210
 
 
Мұнан соң Мұса Самиридің бұл әрекетіне үкім шығарып:
«Енді кет! Ғұмырыңда: «Маған жұғыспа» деп өтесің. 
Күдіксіз саған әсте өзгермейтін жаза тағы бар. Айнымай 
табынған тәңіріңе қара! Расында, оны өртеп, сонан соң 
дарияға тастап жібереміз», – деді»

Мұса айтқандай, Самири жаман жұқпалы ауруға ұшырап, 
адамдар оған жақындамай қашатын болды. Ал бұзау мүсінін 
Мұса майдалап, бөлшектеп, өртеп теңізге лақтырып жіберді де, 
қауымына:
«Тәңірлерің – Аллаһ қана. Одан басқа ешбір құдай жоқ. 
Оның білімі әр нәрсені сыйдырады»
1
, – деді. 
Аллаһ тағала бұзау мүсінге табынғандарға қатысты:
«Күдіксіз сондай бұзауды тәңір тұтқандарға Раббылары 
тарабынан қаһар тиіп, дүние тіршілігінде қорлыққа 
ұшырайды. Қаралаушыларды осылай жазалаймыз»
2
, – деген 
үкім шығарды. Осы сәттен бастап олар Қиямет күніне дейін 
Аллаһтың азабы мен қаһарына ұшырады. Сол үшін де біз 
мұсылмандар әр намазымызда: 
«Бізді тура жолға сала көр! 
Ашуға ұшырағандар мен адасқандардың емес, нығметке 
бөлегендеріңнің жолына!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет