Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет20/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

сондай-ақ, 
сендердің 
жария 
ететіндерің 
мен
жасырғандарыңды білемін деп айтпадым ба? – деді»
1
.
Бұл жерде періштелер нені жасырған еді? Олар «Аллаһ 
ешқашан бізден құрметті және білімді жаратылыс жасамайды» 
деген сөздерін жасырған болатын. 
Адамға періштелердің сәжде қылуы 
Сонымен, Аллаһ тағала Адамның құрметті әрі білімді екенін 
көрсеткеннен кейін періштелерге оған сәжде қылуды бұйырды. 
Олардың арасында Ібіліс те бар еді. Ол бұған дейін Аллаһқа 
ешқашан қарсы келмеген ізгі жындардың бірі болатын. Аллаһ 
тағала оны жасаған ғибадатының құрметі ретінде көкке көтеріп, 
дәрежесін періштелермен теңестірген-ді. Бірақ ол әсілінде 
періште емес болатын. Періштелермен қатар Адамға сәжде қылу 
Ібіліске де бұйырылған еді. Бірақ ол Аллаһ тағаланың бұйрығына 
қарсы келді. Сөйтіп, Аллаһтың қаһарына ұшыраған ол жұмақтан 
қуылып тынды. Бұл туралы Аллаһ тағала:
«Біз сендерді жараттық, одан кейін тұлғасын сомдадық, 
кейін періштелерге «Адамға сәжде қылыңдар!» – дедік. Сонда 
олар сәжде етті. Тек, Ібіліс сәжде етушілерден болмады»
, – 
деп айтқан. 
(Аллаһ Ібіліске)
:
 – Мен бұйырғанымда сәжде етпейтіндей, саған не кедергі 
болды? – деді.
Ол:
 – Мен одан артықпын. Сен мені оттан жараттың, ал оны 
лайдан жараттың, – деді.
(Аллаһ)
:
1
«Бақара» сүресі, 32-33 аяттар. 


26
 
 
 – Бұл жерден 
(жаннаттан) 
түс. Сенің бұл жерде 
тәкаппарлық етуіңе орын жоқ. Шығып кет! Сен қор 
етілгендерденсің, – деді.
(Ібіліс)

 – Маған олар қайта тірілетін күнге дейін мұрсат бер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет