Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет16/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   266
«Мен сендердің білмейтіндеріңді 
білемін!»
3
– деді.
Сонда періштелер өзара әңгімелесіп: «Раббымыз қалаған 
нәрсесін жаратады. Ол ешқашан Өзінің алдында бізден құрметті 
әрі білімді жаратылысты жаратпайды», – деді. 
1
«Бақара» сүресі, 30-аят. 
2
«Бақара» сүресі, 30-аят. 
3
«Бақара» сүресі, 30-аят. 


21
 
 
Себебі олар барша мақлұқтарды: көктер мен жерді, жануарлар 
мен жындарды көрді. Сондай-ақ өздерінің Аллаһқа мадақ айтып, 
Оның әмірі мен тапсырмаларын бұлжытпай орындайтынын, 
көктер мен жердегі Оның бұйрықтарын қалтқысыз іске 
асыратынын және өздерінің Аллаһтың алдындағы ең құрметті 
құлдар екенін білетін. Олар Аллаһ тағаланың ең білімді әрі 
қадірлі құлдары болатын. 
Аллаһ тағала Адамды жаратпақ болған кезде жерден топырақ 
әкелуге бұйырды. Әбу Мұса әл-Ашғариден (Аллаһ оған разы 
болсын) жеткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): 
«Аллаһ Адамды бүкіл 
жер бетінен бір уыс 
(топырақ)
 алып жаратты. Сөйтіп, Адам 
балалары жердің ерекшелігіне қарай пайда болды. Олардан ақ, 
қызыл, қара 
(түстілері)
және олардың арасындағылары, жеңіл 
және қатты 
(мінезділері)
мен олардың арасындағылары, 
сондай-ақ жақсы, жаман және олардың арасындағылары 
бар»
1
, – деген.
Сонымен, адамдардың түр-түсінің және мінез-құлықтарының 
ерекшелігі жер бедерімен, табиғатымен байланыстырылады.
Бұл жаратылыс (Адам) топырақтан бастау алды. Сосын ол 
сумен араластырылып, лайға айналды. Сондықтан Құранның 
кейбір аяттарында Адамды топырақтан, ал кейбірінде балшықтан 
(саздан) жаратылды делінген:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет