251
СҮЛЕЙМЕН (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ)
Сүлейменге Дәуіттен қалған мұра
Дәуіт дүниеден қайтқан соң, билік тағын оның ұлдарының бірі
Сүлеймен иемденді. Аллаһ тағала:
«Сүлеймен Дәуітке мұрагер болды»
1
, – дейді.
Аяттағы
«мұрагер»
деген сөзден мал-дүниеге қатысты емес,
пайғамбарлық пен патшалық істеріндегі мұрагерлік мақсат
тұтылған. Өйткені Пайғамбардың (с.а.с.):
«Біз, пайғамбарлар,
мирас қалдырмаймыз. Біздің қалдырғанымыз – садақа»
, – деп
айтқаны бар
2
.
Сүлеймен пайғамбар билікке ие болумен бірге атақ-даңқы да
асқан. Тарихта жер бетінде Сүлейменнен асқан қуатты патша
өткен емес және Қиямет күніне дейін болмайды да. Өйткені
Аллаһ тағала оған көптеген керемет мұғжиза берген.
Достарыңызбен бөлісу: