Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Ол үшін еріген мыстан бұлақ ағыздық»



Pdf көрінісі
бет229/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   266
«Ол үшін еріген мыстан бұлақ ағыздық»
2
, – деген. 
Сүлейменнің қазылығы 
Аллаһ тағала жоғарыдағыларға қоса, Сүлейменге үкім 
шығаруда асқан даналық нәсіп еткен. Бір күні Дәуіттің алдына екі 
көрші кісі дауласып, төрелік сұрап келеді. Олардың бірінің 
қойлары, енді бірінің бау-бақшасы бар еді. Түнде қораның есігі 
ашық қалып, қой иесінің қойлары бақшаға кіріп, оны жеп қояды. 
Дәуіт бақшаның егесіне әлгінің қойларын алып береді. Екеуі 
тысқа шыққанда не үкім берілгенін білген Сүлеймен әкесіне 
кіріп: «Бұдан да жақсырақ үкім беруге болмас па еді, уа, 
Аллаһтың пайғамбары!» – дейді. Дәуіт ұлынан: «Ол қандай 
үкім?» – деп сұрады. Сонда Сүлеймен: «Бақшаның егесіне 
1
«Сәбә» сүресі, 12-аят. 
2
«Сәбә» сүресі, 12-аят. 


254
 
 
қойлар, ал қой иесіне бақша беріліп, қой иесі бақшаға егін егіп, 
оны қалпына келтіргенше бақша иесі қойдан пайдалана тұрса... 
Бүлінген бақша қалпына келтірілгеннен кейін екеуі қайта 
алмасады», – дейді. Әрине, бұл алдыңғыға қарағанда ұтымды 
шешім еді. Құранда Аллаһ тағала осы оқиғаға қатысты:
«Дәуіт пен Сүлейменді, екеуі бір адамдардың қойы түнде 
егінге түсіп, соған билік айтқанда, биліктерін көріп тұрдық. 
Сонда оны Сүлейменнің көкейіне салдық. Негізінен, 
әрқайсысына үкім мен білім бердік»
1
, – деген. 
Сондай-ақ Дәуітке бір күні балаға таласқан екі әйел келеді. 
Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«Екі әйел балаларын өздерімен бірге алып жүрген кезде 
қасқыр шауып, бірінің баласын алып кетеді. Сонда олар екінші 
балаға таласып, үлкен әйел: «Қасқыр сенің балаңды алып 
кетті», – дейді. Ал кішісі: «Керісінше, сенікін алып кетті», – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет