Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет251/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

 
 
дұшпандарына 
қарсы 
қолдадық. 
Сондай-ақ 
олар 
дұшпандарынан үстем болды»
1
, – деп айтқан. 
Осылай бар болғаны он екі хауари иман келтіріп, оның 
соңынан ерді. Алайда сонда да болса олардың имандарында 
екіұштылық бар еді. Бұл дүдәмаллық оларды, өзге мұғжизалар аз 
болғандай, Исадан мұғжиза ретінде көктен бір дастарқан түсіруді 
талап етуге итермеледі. Аллаһ тағала:
«Сонда хауарилерге: «Маған әрі елшіме сеніңдер!» – деп 
білдірген едім. Олар: «Біз сендік, шынайы мұсылман 
болғанымызға куә бол», – деген-ді. Сол уақытта хауарилер: 
«Ей, Мәриямұлы Иса! Раббың бізге көктен бір дастарқан 
түсіре ала ма?» – деді. 
(Иса)
: «Егер иман келтірсеңдер, 
Аллаһтан қорқыңдар», – деді. Хауарилер: «Біздің одан 
жегіміз келеді. Жүректеріміз орнықсын әрі сенің бізге шын 
айтқаныңды білейік. Сондай-ақ оған куә болушылардан 
болайық», – десті. Мәриямұлы Иса: «Уа, Аллаһ! Раббымыз! 
Бізге көктен дастарқан түсір! Әуеліміз бен соңғымызға 
мереке әрі Сенен бір белгі болсын. Бізді ризықтандыр! Сен – 
ризықтандырушылардың ең абзалысың», – деді. Аллаһ: 
«Күдіксіз, Мен ол дастарқанды түсіремін. Сонда егер одан 
кейін сендерден кім қарсы келсе, шынайы түрде Мен оны 
дүниеде ешкімді азаптамаған азаппен азаптаймын», – деді»
2
, – 
деген. 
Бір деректе: хауарилердің тілегі қабыл болып, Аллаһтың 
әмірімен оларға көктен дастарқан түсірілді де, олар содан дәм 
татты делінсе, келесі бір хабарда мүлдем түспеген деп айтылған. 
Анығы Аллаһқа мәлім. 
1
«Саф» сүресі, 14-аят. 
2
«Мәида» сүресі, 111-115 аяттар. 


280


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет