Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет80/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   266
«Аллаһ бізге 
Жеткілікті, Ол – қандай жақсы Уәкіл!» Мұны Ибраһим отқа 
тасталғанда айтқан»
, – деген
2

Сондай-ақ басқа да әлсіз хабарлар бар: «(Ибраһим отқа 
лақтырылғанда) оған ауада Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) келіп: «Ей, 
Ибраһим! Қажеттілігің бар ма?» – дейді. Сонда ол: «Саған жоқ», 
– деді». Яғни қажеттілігім саған емес, Аллаһқа деген-ді. Тағы бір 
риуаятта «Жаңбыр періштесі: «Қашан бұйрық алсам, жаңбыр 
жаудырамын», – деген» деп айтылған. Ал Аллаһтың әмірі бәрінен 
де жылдам болды. Құдірет Иесі: 
«Ей, от! Ибраһимге салқын, 
зиянсыз бол», – дедік»
3
, – деп айтқан. 
Ибраһим отқа түскен кезде Аллаһ тағала оған отты салқын 
етті. Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): 
«Егер Аллаһ 
«Ибраһимге зиянсыз бол» деп айтпағанда, оған 
(оттың)
 
салқыны зиян қылар еді»
4
, – деген. 
Ибраһим пайғамбар отқа лақтырылған кезде жер бетіндегі 
бүкіл жан-жануар, жәндіктер отты сөндірмек болды. Тек кесіртке 
ғана отты өршіту үшін оны үрлеген. Сондықтан Умму Шәриктен 
(Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз 
1
«Әнбия» сүресі, 68-аят. 
2
Хадисті әл-Бұхари жеткізген. 
3
«Әнбия» сүресі, 69-аят. 
4
Яғни үсіп қалар еді. 


91
 
 
(с.а.с.): 
«Ол Ибраһимге 
(от)
үрлеген»
, – деп кесірткені өлтіруге 
бұйырған
1

Сонымен, Ибраһим оттың ішіне түсті. Өрт ол байланған жіпті 
ғана жандырды. Адамдар бұл көріністі бақылап отырды. От 
жанып, күлге айналды. Кенет олар оттың ортасында рақатқа 
бөленіп отырған Ибраһимді көрді. Кейіннен ол: «Ешбір күндер 
мен түндерде (от) ішінде болғаннан жағымды өмір кешпедім. 
Өмірім мен тіршілігімнің барлығы сондағыдай болса деп 
тілеймін», – деген. 
Адамдар мұны көріп, таңғалысты. Олар сондай ұлы 
кереметтің куәсі болды! Сөйтіп, Ибраһим оттан бір жері де 
күйместен сау-сәлемет шықты. Алайда оған Луттан басқа ешкім 
иман келтірмеді. Аллаһ тағала: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет