93
Олар Харранға келіп, сол жерге
қоныс тепті және сол елді
Аллаһ жолына шақыра бастады. Харрандықтар жұлдыздарға
табынатын еді. Ибраһим оларға
жұлдыздарға сыйынудың бекер
екендігін көрсеткісі келді. Бұл Құран аяттарында:
«Сөйтіп
Ибраһимге айқын сенушілерден болуы үшін аспандар мен
жердің кереметтерін көрсеттік»
2
, – деп әңгімеленеді.
Яғни Аллаһ тағала оған жұлдыздар
мен ғаламшарлардың
сырларын және көктер мен жердің кереметтерін ашты.
Адамдардың көз жанарындағы тосық перде оныкінен алынды.
Сөйтіп, ол қазіргі кездегі обсерваториялар айқындай алмайтын
нәрселерді көретін болды. Кейбір адамдар Ибраһимді
жұлдыздарға
табынған, кейін Аллаһ оны тура жолға бағыттады
деген негізсіз пікірлер айтады. Бұл – үлкен қателік.
Көктер мен
жердегі құпия сырларды анық көрген адам оларды жаратқан
Аллаһтан өзгеге сиына ма?!
Сонымен, Ибраһим харрандықтарға ақиқатты көрсету үшін
олармен сөз таластырды. Аллаһ тағала:
«Түн қараңғыланған кезде,
(Ибраһим)
бір аспан денесін
(ғаламшарды)
көріп: «Міне, осы – менің Раббым», – деді. Ол
Достарыңызбен бөлісу: