Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет108/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   266
 
 
Сонда Ибраһим біраз ойға батып: «Сендер үш жүз мүміні бар 
елді мекенді жоясыңдар ма?» – деді. Олар: «Жоқ», – деді. Ол: 
«Егер онда екі жүз болса ше?» – деді. Олар: «Жоқ», – деді. Ол: 
«Егер онда қырық мүмін болса ше?» – деп сұрады. Олар: «Біз 
оны жоймаймыз», – деді. Ол: «Егер онда он төрт болса ше?» 
Олар: «Он төрт болса, онда жоймаймыз». Ол: «Егер онда біреу 
болса ше?» – деп сұрады. Олар: «Тіпті біреу болса да, оны 
жоймаймыз», – деді. Сонда ол:
«Онда Лут бар», – деді. 
(Олар)
: «Ол жерде кімнің бар екенін 
жақсырақ білеміз; 
(азапта)
қалушылардан болатын әйелінен 
басқа, оның өзін және үй-ішін, әлбетте, құтқарамыз», – деді»
1

Ибраһимнің 
періштелермен 
Луттың 
қауымы 
туралы 
сөйлескені жайлы Аллаһ тағала басқа бір аятта: 
«Ибраһимнен 
қорқыныш 
кетіп, 
қуаныш 
келген 
кезде, 
Бізбен 
(елшілерімізбен)
Лут елі жайында тартысты. Шынында, 
Ибраһим өте жұмсақ, аса абай, тәубешіл»
2
, – дейді. 
Яғни ол Лут елінің осыншалықты зұлымдықтары мен 
бұзықтықтарына қарамастан, оларға тағы да мұрсат берілуін 
қалады. Сол уақытта Аллаһтан: 
«Ей, Ибраһим! Бұдан жүзіңді 
бұр! Өйткені Раббыңның әмірі келген. Расында, оларға 
қайтарылмайтын азап келеді»
3
, – деген әмір келді. 
Сонымен, періштелер Садум жаққа аса сымбатты жас жігіттер 
кейпінде келді. Бұл ешқандай желеу қалмау үшін ақырғы сынақ 
болатын. Аллаһ тағала періштелерге: «Пайғамбарларының оларға 
қарсы куәлік беруін күтіңдер», – деп тапсырды. Яғни Лут өз 
қауымына қарсы үкім айтқанша, оларды жоймауларын ескертті. 
Сөйтіп, олар елді мекенге келіп кірді. Ауыл сыртынан су әкеле 
жатқан Луттың қызы бұл көрікті жас жігіттерді көрді де, 
адамдардың оларға қарсы қылмыс жасауынан қорқып, олардың 
1
«Анкабут» сүресі, 32-аят. 
2
«Һуд» сүресі, 74-75 аяттар. 
3
«Һуд» сүресі, 76-аят. 


123


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет