Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


сенейін бе? Дегенмен Аллаһ – толық Қорғаушы әрі Ол –



Pdf көрінісі
бет134/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   266
сенейін бе? Дегенмен Аллаһ – толық Қорғаушы әрі Ол – 
мейірімділердің ең Мейірімдісі», – деді»
. Олар әкелеріне қанша 
жалынса да, разылық бермеді. 
«Жүктерін ашқанда өздеріне 
қайтарылған нәрселерін тапты да: «Уа, әкеміз! Не істейміз? 
Міне, нәрселеріміз өзімізге қайтарылыпты. Біз отбасымызды 
қамтамасыз етіп, бауырымызды қорғаймыз. Сондай-ақ тағы 
бір түйе
(астық) 
өлшемін алуымызға болады. Негізінде, бұл 
өлшеп әкелгеніміз шамалы», – деді»

Аллаһ тағала Яғқубтың жүрегіне Биняминді туыстарымен 
жіберуді салды. Ол ойлана келе: 
«Бәрің қолға түссеңдер де 
міндетті түрде оны маған әкелулеріңе байланысты Аллаһпен 
серт бергендеріңе дейін оны сендермен бірге жібере 
алмаймын», – деді. Сөйтіп, олар әкелеріне серт берген кезде 
әкелері: «Аллаһ – айтқанымызға Уәкіл», – деді.
(Яғқуб) 
ұлдарына: «Ей, ұлдарым! Қалаға бір қақпадан кірмей бөлек-
бөлек 
қақпалардан 
кіріңдер. 
Сендерге 
Аллаһтың
(жазмышында) 
ешқандай да пайда бере алмаймын. Үкім 
Аллаһқа ғана тән. Оған тәуекел еттім. Сондай-ақ тәуекел 
етушілер Оған тәуекел етсін», – деді. Олар әкелерінің 
әмірімен кірген болса да, оларға Аллаһтың
(жазмышында) 
ешқандай пайда бере алмайтын еді. Тек Яғқуб көңіліндегі бір 
қажетін атқарған болды. Өйткені ол біздің үйретуіміз себепті 
білім иесі еді. Алайда оны адамдардың көбі білмейді»

Оның он бір ержеткен ұлдары болды. Яғқуб оларға көз 
тиюінен немесе жұрттың күншілдік сезімінен қорқып, қала 
қақпаларынан бөлек-бөлек кіруге бұйырды. Өйткені, асылында, 
көз тию – дінімізде бар нәрсе.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«Көз
(тию)
 – ақиқат»
, – деген
1

1
Хадисті әл-Бұхари мен Муслим жеткізген. 


151


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет