Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Олар іңірде әкелеріне жылап келді»



Pdf көрінісі
бет140/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   266
«Олар іңірде әкелеріне жылап келді»
деген аятта Аллаһ 
тағала көз жасының әрдайым ақиқат бола бермейтініне нұсқау 


156
 
 
жасаған. Ағмаш есімді бір ғалым ең әділ қазылардың қатарына 
жататын Шурайхтың мәжілісінде отырғанда, бір әйел кісі 
әлдебіреумен дауласып келіп, еңіреп жылай бастайды. Сол кезде 
Ағмаш: «Көрмей тұрмысың? Ол жылап тұр ғой», – дейді. Оған 
Шурайх: «Расында, Юсуфтың бауырлары да іңірде жылап келген 
еді. Әділ үкім шығар», – деп жауап береді. Яғни төрелік көз 
жасына емес, ақиқатқа қарап айтылады. 
4. Юсуфтың 
«Қожайыныңның жанында мені ескер!»
деген 
сөзінде мақлұқтан қолынан келетін көмекті сұрауға болатынына 
дәлел бар. 
5. Юсуфтың 
«Мені мемлекеттің қазына бастығы қыл. 
Өйткені мен оны сақтауды білемін»
деген сөзінен: бойында бір 
іске деген қабілет әрі аманатшылдық қасиет табылатынына 
сенген адам сол жұмыстың өзіне жүктелуін сұрауға 
болатындығын көреміз. 


157
 
 
АЙЮБ (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ) 
Аллаһ тағала Құранда төзімділік пен сабырлықта адамдарға 
өнеге-ғибрат еткен пайғамбарлардың бірі, Аллаһтың елшісі – 
Айюб ибн Мус ибн Разах ибн әл-Ғис ибн Исхақ ибн Ибраһим. 
Аллаһ тағала: 
«Оның 
(Ибраһимнің)
ұрпақтарынан Дәуіт, 
Сүлеймен, Айюб, Юсуф, Мұса және Һарунға
(тура жол 
көрсеттік)
»
1

«Сондай-ақ Ибраһим, Исмаил, Исхақ, Яғқуб пен 
ұрпақтарына және Иса, Айюб, Юнус, Һарун және Сүлейменге 
уахи еттік»
2
, – деп айтқан. 
Аллаһ тағала оны елші етіп таңдап, Шам аймағындағы Хуран 
деген елге жіберді. Тәпсір және тарих ғұламаларының пікірінше, 
Аллаһ тағала оған көптеген нығметтер тарту еткен. Оның 
аумақты жерлері, үйір-үйір малдары мен қызметкерлері, ірі-ірі 
сауда көздері болған. Жеті ұл, жеті қыз перзент сүйген дені сау, 
бақуат кісі еді. Шын мәнінде де, Аллаһ оған деген нығметтерін 
аямаған-ды. Сосын Аллаһ тағала оны төзімділікте өзінен 
кейінгілерге үлгі-өнеге болуы үшін сынауды қалады. Өйткені 
пайғамбарлар ең көп сынаққа алынатын адамдар.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет