Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет199/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   266
сапарымызда 
шаршадық», – деді. 
(Юшағ)
: «Көрдің бе? Таста демалғанда 
балықты ұмытқан екенмін. Маған оны айтуды шайтан 
ұмыттырды. Ол таңғажайып түрде теңізден жол алды», – 
деді. 
(Мұса)
: «Міне, іздегеніміз – осы», – деп екеуі ізінше кері 
қайтты. Сонда екеуі Өз тарабымыздан мейірімге бөлеп, Өз 
қасымыздан білім үйреткен пенделеріміздің бірін тапты»
.
Екеуі 
осылай артқа 
қайтып, 
Қыдырды 
кездестірді. 
Ғұламалардың көпшілігі бұл кісіні пайғамбар болған дейді. 
1
Хадисті әл-Бұхари жеткізген. 


221
 
 
«Мұса оған: «Саған үйретілген даналықтан маған да үйретуің 
үшін саған ерейін бе?» – деді. Ол: «Расында, сен менімен бірге 
(жүруге)
шыдай алмайсың. Ішкі сырын толық білмейтін 
нәрсеге қалай сабыр ете аласың?» – деді. 
(Мұса)
: «Аллаһ 
қаласа, мені сабырлы табасың. Сондай-ақ саған ешбір істе 
қарсы келмеймін», – деді»
.
Сонда Қыдыр: 
«Ал онда маған ілессең, өзім айтпайынша, 
менен ештеңе сұрама», – деді»
. Олар осыған келісіп, Мұса 
Юшағты еліне қайтарып, өздері жолға шығады. 
«Сөйтіп, екеуі 
жолға шықты да, кемеге түсіп, 
(Қыдыр)
оны тесе бастады»

Ішіне су кірген кеме батуға айналды. Кемедегі балықшылар ішке 
кірген суды сыртқа төгіп, әбігерге түсті. Қыдырдың бұлай 
істегеніне Мұса таңырқап: 
«Кемедегілерді суға батыру үшін 
тестің бе? Шынында, сен айыпты іс жасадың»
, – дейді. 
Қыдыр: 
«Саған менімен бірге еш сабыр ете алмайсың демедім 
бе?» – деді»
. Сонда Мұса Қыдырға берген уәдесі есіне түсіп: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет