Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет196/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

 
 
Бір күні таңертең исраилдіктер бір көсемдерінің өлтірілгенін 
көреді. Оның өліміне кінәліні іздегенмен, таба алмайды. Сонан 
соң Мұсаға келеді. Мұса оларға: «Егер уахи келмесе, мен біле 
алмаймын», – деп жауап береді. Исраилдіктер Мұсаға: «Онда 
Раббыңа дұға қыл», – деп өтінді. Ол Аллаһқа дұға қылғанда, уахи 
келді, Мұса қауымына Аллаһтың әмірін жеткізіп: 
«Аллаһ бір 
сиыр бауыздауларыңды бұйырды», – деді. Олар: «Бізді 
келемеж қылмақсың ба?» – деді. 
(Мұса)
: «Надандардан 
болудан Аллаһтан пана сұраймын», – деді»

Яғни Аллаһ маған уахи еткен нәрседен басқаны айтудан 
Аллаһ сақтасын. 
Аллаһтың әміріне исраилдіктер бұл жолы да қиқарлық 
көрсетіп, Мұсаға: «Бізді әжуалап тұрсың ба? Раббың бізге қандай 
сиыр сойсын дейді, соны сұра», – деп, кез келген бір сиырды 
сойып, Аллаһтың әмірін орындаудың орнына, оның түр-түсін, 
сипатын сұрап, өздеріне машақат тілеп алды. Мұнан кейінгі 
оқиға:
«Олар: «Раббыңа біз үшін дұға қыл, бізге оның не екенін 
білдірсін», – деді. 
(Мұса)
: «Аллаһ: «Ол сиыр кәрі де емес, жас 
та емес, соның арасында», – дейді. Ал енді бұйырылғанды 
орындаңдар», – деді. Олар: «Раббыңа біз үшін дұға қыл, бізге 
оның түсін білдірсін», – деді. 
(Мұса)
: «Аллаһ: «Ол сап-сары 
сиыр, оның өңі көрушілерді сүйіндіреді», – дейді», – деді. 
Олар тағы: «Раббыңа біз үшін дұға қыл, ол не, бізге білдірсін. 
Өйткені бізге сиырлар бір-біріне ұқсас секілді. Әрине, Аллаһ 
қаласа, тура жолда боламыз», – десті. 
(Мұса)
: «Расында, 
Аллаһ: «Ол жер жыртуға және егін суаруға жегілмеген, дені 
сау, бойында еш теңбілі жоқ сиыр», – дейді», – деді. Сөйтіп, 
олар оны бауыздады
(алайда мұны)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет