Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет204/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   266
«Егер сол жерде 
(Бәйтул-Мақдисте)
болсам, 
сендерге жол жиегіндегі қызыл құм шоғырынан 
(Мұсаның)
 
қабірін көрсетер едім»
, – дегенін жеткізген
1

Мұсаның Аллаһ тағалаға қойған сауалдарынан 
Пайғамбарымыздан (с.а.с.) келіп жеткен хадисте: 
«Мұса 
Раббысынан: «Дәрежесі ең төмен жаннаттық кім?» – деп 
сұраған. Аллаһ тағала: «Ол – жаннаттықтар жаннатқа 
кіріп болғаннан кейін келген бір кісі. Оған: «Жаннатқа кір», – 
делінеді. Сонда ол: «Жаннатқа қалай кіремін?! Адамдар 
орындарын иемденіп, тиесілерін алып қойды ғой», – дейді. 
1
Хадисті әл-Бұхари жеткізген. 


226
 
 
Оған: «Жаннатта өзіңе дүниедегі патшалардың бірінде болған 
нәрсенің болуын қалайсың ба?» – делінеді. Ол: «Иә, уа, 
Раббым», – дейді. Оған: «Саған осы және тағы да сол 
сияқты», – делінеді. Ол: «Уа, Раббым, разымын», – дейді. Оған: 
«Саған осы және он есе сол сияқты», – делінеді. Ол: «Уа, 
Раббым, разымын», – дейді. Оған: «Саған осымен бірге көңілің 
тартқан және көзің қызыққан нәрселер», – делінеді», – деп 
жауап қайтарған. Мұса Раббысынан тағы: «Дәрежесі ең 
жоғары жаннаттық кім?» – деп сұрады. Сонда Аллаһ тағала: 
«Саған олар жайлы әңгімелеп беремін: Мен олардың қадір-
қасиетін Өз қолыммен егіп, оны аяғына жеткіздім. Оны көз 
көрмеген, құлақ естімеген және ол адамзат көкейіне 
келмеген», – деп жауап берді. Аллаһ тағаланың кітабында да 
осы мағына қуатталған: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет