Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет206/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

Сонда жаннаттан бір есік ашылып, 
(Мұса)
оған назар салды. 
(Аллаһ тағала)
: «Ей, Мұса! Бұл – Менің оған дайындағаным», – 
деді. Мұса: «Уа, Раббым! Құрметің мен ұлылығың хақы. Егер 
(мүмін)
 жаратқан кезіңнен Қиямет күніне дейін екі қолсыз, екі 
аяқсыз бетімен жер сырған болса да, барар жері осы болса, еш 
бақытсыздық көрмейді», – деді. Сосын 
(Мұса)
: «Уа, Раббым! 
Кәпір пендеңе дүниеде кеңшілік берілген», – деді. Сонда 
тозақтан бір есік ашылып
(Аллаһ тағала)
: «Ей, Мұса! Бұл – 
Менің оған дайындағаным», – деді. 
(Мұса)
: «Уа, Раббым! 
Құрметің мен ұлылығың хақы. Егер 
(кәпір)
 жаратқан кезіңнен 
Қиямет күніне дейін дүниеге ие болса да, барар жері осы 
болса, еш игілік көрмейді», – деді»
2

«Мұса: «Уа, Раббым! Сені зікір етіп, Өзіңе дұға қылатын 
бір нәрсе үйрет», – деген. 
(Аллаһ тағала)
: «Ей, Мұса! 
«Аллаһтан өзге құдай жоқ» деп айт», – дейді. 
(Мұса)
: «Уа, 
Раббым! Пенделеріңнің бәрі осыны айтады», – деді. 
(Аллаһ 
тағала тағы да)
: «Аллаһтан өзге құдай жоқ» деп айт», – дейді. 
(Мұса)
: «Мен өзіме ғана арналған бір нәрсе қалаймын», – деді. 
(Сонда Аллаһ тағала)
: «Ей, Мұса! Жеті қат көктер мен 
жерлердің тұрғындары таразының бір басында тұрып, екінші 
басына «Аллаһтан өзге құдай жоқ» 
(деген сөз)
қойылса, 
«Аллаһтан өзге құдай жоқ» 
(деген сөз)
басып кетер еді», – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет