Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет264/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

 
 
«Көндіңдер ме әрі осыған орай жүктегенімді қабыл алдыңдар 
ма?» – деді»
1
деген сөзінің тәпсірінде Ибн Аббас (Аллаһ әкесі 
екеуіне разы болсын): 
«Аллаһ қандай пайғамбар жіберсе, егер ол 
тірі бола тұрып, Мұхаммедті 
(пайғамбар қылып)
 жіберсе, оған 
иман келтіріп, жәрдем бересің деп уәде алған. Және де оған 
үмбетінен, егер олар тірі тұрып, Мұхаммедті 
(пайғамбар 
қылып)
 жіберсе, оған иман келтіріп, жәрдем бересіңдер деп уәде 
алуға бұйырған»
, – дейді
2

Исраилдіктердің соңғы пайғамбары Иса мен пайғамбарымыз 
Мұхаммедтің (с.а.с.) арасы шамамен алты жүз жылдай. 
Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарлық міндетін халыққа жиырма үш 
жыл бойы жеткізді және өзінен кейінгілерге де соны 
жалғыстыруды бұйырды. Ислам ғұламалары Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) өмір жолы туралы көптеген еңбектер жазған. 
1
«Әлі Имран» сүресі, 81-аят. 
2
Мұны Ибн Кәсир риуаят еткен. 


293
 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
Жаратушының жәрдемімен «Пайғамбарлар қиссасы» атты 
кітабымыз соңына жетіп отыр. Аллаһ тағала:
«Әрине, пайғамбарлардың қиссаларында ақыл иелері 
үшін өнеге бар»
1
, – деп айтқандай, көптеген тәлім-тәрбиеге, 
ғибратқа толы оқиғалармен таныстық.
Адам пайғамбардың қиссасында әлемдердің Раббысы 
Аллаһты жоққа шығарғысы келіп, жасанды тарих жазған 
атеистердің сөздері жалған екенін түсініп, шынайы тарихтың 
бастауынан сусындадық. Сол хақиқи бастау – бүкіл өмірдің мәні. 
Себебі Аллаһ тағала:
«Жын мен адамзатты Өзіме құлшылық қылулары үшін 
ғана жараттым»
2
, – деген.
Егер 
жаратылуымыздағы 
мақсатты 
дұрыс 
білмесек, 
өміріміздің мәнін түсінбей өтеміз. Бұл өмір – бізге сынақ
сынақтан сүрінбей өтсек, ақыретіміз жемісті болмақ.
Сондай-ақ Адамның қиссасында лағынет Ібілістің Адам мен 
оның ұрпағына деген дұшпандығымен таныстық. Оның мақсаты 
– бүкіл адамзатты азғырып, өзімен бірге тозаққа түсіру. Сол үшін 
ол адамзатты барынша Аллаһ алдындағы міндетін орындатпай
жолдан тайдыруға тырысады. Ал тозаққа тартудың ең тиімді әдісі 
– Жаратушыға ортақ қостыру. Сол ортақ қостыру әдісі Нұхтың 
заманынан әлі күнге дейін жалғасып келеді және Қиямет күніне 
дейін жалғаса бермек. Әр пайғамбардың кезінде қоғамдық немесе 
экономикалық және тағы 
басқа 
ауытқулар 
кездескен. 
Пайғамбарлар елін бір Аллаһқа ғана құлшылық етуге шақырумен 
қоса, осы ауытқуларды түзету үшін қалай күрес жүргізгендерін 
көрдік. 
1
«Юсуф» сүресі, 111-аят. 
2
«Зәрият» сүресі, 56-аят. 


294


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет