Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


сонан кейін мұрсат бермеңдер. Расында, мен өзімнің Раббым



Pdf көрінісі
бет59/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   266
сонан кейін мұрсат бермеңдер. Расында, мен өзімнің Раббым 
әрі сендердің де Раббыларың Аллаһқа тәуекел еттім. Ол 
кекілінен ұстамаған ешбір жәндік жоқ. Күдіксіз Раббым тура 
жолда. Егер жалтарсаңдар да, мен шынында өзім арқылы 
жіберілген нұсқауды сендерге жалғастырдым. Раббым 
1
«Ағраф» сүресі, 66-аят. 
2
«Муминун» сүресі, 33-38 аяттар. 
3
Яғни мұны бұрынғылар да айтқан. 
4
«Шұғара» сүресі, 136-138 аяттар. 


68
 
 
орындарыңа басқа елді әкелсе, сендер оған ешбір зиян 
келтіре алмайсыңдар. Шынында, Раббым – әр нәрсені 
Қорғаушы»
1
, – деді. 
Ад қауымына келген азап 
Сосын Һуд Аллаһ тағалаға дұға қылып:
«Раббым! Мені өтірікші санағандықтары үшін маған 
жәрдем бер!» – деді»
2
.
Сонда Аллаһ тағала:
«Аз 
(уақыттан)
 кейін олар әлбетте өкінушілерге айналады», 
– деді»
3
.
Аллаһ тағала оларға қылмыстарына, мойындамауларына, 
қарсы шығуларына және осындай ұлы пайғамбарды мазақ 
еткендеріне жаза ретінде жел жіберді. Ондай жел бұрын-соңды 
болмаған-ды. Әуелі жаңбыр жаумай, құрғақшылық басталды. 
Ағаштар мен өсімдіктер қурай бастады. Олар жаңбыр күтті. Бір 
күні Аллаһ тағала оларды азаптауды қалаған мезгілде алыстан бір 
қара бұлт көзге шалынды. Мұны көрген олар жаңбыр келді деп 
қуанды.
«Сонда олар апатты алқаптарына қарай келе жатқан 
үлкен бұлт түрінде көрген кезде: «Мынау – бізге жаңбыр 
жаудыратын бұлт», – деді. Негізінде, ол өздерің тез болуын 
сұраған нәрсе – онымен бірге күйзелтуші азап бар жел еді. Ол 
Раббысының әмірімен барлық нәрсені жояды. Таңертең 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет