Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


« (Мұхаммед!)  Раббыңның ад қауымына не істегенін



Pdf көрінісі
бет56/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   266
«
(Мұхаммед!) 
Раббыңның ад қауымына не істегенін 
көрмедің бе? Ұзын діңгекті Ирамды; сондай елдерде ол 
тәрізді жасалмаған еді»
3
, – деген. 
Олар қалалар, көшелер және үйлер салып, құрылыс өнерін 
биікке көтерді. Тіпті бұл тұрғыда олар жөнінде сан түрлі 
кереметтер де айтылады. Олардың өздері далалық жерлерде 
шатыр үйлерде тұрып, тауларда сарайлар соғатын. Қалаларының 
көшелері өте үлкен болатын. Бұл олардың ермегі еді. Кейбір 
1
«Ағраф» сүресі, 69-аят. 
2
Хадисті Ибн Хиббан жеткізген. 
3
«Фәжр» сүресі, 6-8 аяттар. 


65
 
 
тарихшылар, «олардың қорғандары күміс пен алтыннан 
тұрғызылған еді», деп те жазады. Десе де, ад тайпасында басқа 
елдерде болмаған нәрселер пайда болды. Олар өркениет пен 
өнердің биік шыңына жетті. Аллаһ тағала ад тайпасында пайда 
болған өркениетті Һудтың сөзімен баяндап:
«Әр төбеге әншейін ескерткіш құрылыс жасайсыңдар 
ма?»
1
– деп айтқан. 
Олар тау басына сарайлар соғатын. Һуд оларға: «Мұның 
себебі не? Сендер жазық далада тұрсаңдар да, тауға сарай 
тұрғызасыңдар? Бұл ойын ба, әлде ермек пе?» – деп сауал 
тастаған еді. 
Ад тайпасы соншалықты дәрежеге жетті, оларға ешкім қарсы 
келмеді. Олар сол замандағы елдердің барлығын биледі. Құранда:
«Мәңгі өмір сүрулеріңді үміт етіп ғимараттар саласыңдар 
ма? Егер күшпен ұстасаңдар, өктем түрде ұстадыңдар»
2
, – 
делінген.
 
Һудтың дағуаты 
Топан су басылып, ад тайпасы пайда болғанға дейін жер 
бетінде өмір сүрген Нұхтың ұрпағы бір Аллаһқа сыйынумен күн 
кешкен-ді. Уақыт өте келе шайтан ад қауымын азғырып, олар 
қайтадан пұттарға табына бастады. Нұхтың қауымынан кейін 
алғаш пұтқа табынған ад тайпасы болды. Сонымен, Аллаһ тағала 
оларға Һудты пайғамбар етіп жіберді. Һуд оларды Аллаһқа 
шақыра бастады. Аллаһ тағала: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет