Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Раббымыз!  Ұрпақтарымның кейбірін егінсіз ойпатқа, құрметті үйің



Pdf көрінісі
бет86/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   266
«Раббымыз
Ұрпақтарымның кейбірін егінсіз ойпатқа, құрметті үйің 
(Қағбаның)
2
 жанына орналастырдым. Раббымыз! Олар намаз 
оқысын! Адамдардың жүректерін оларға бұрушы ет! Сондай-
ақ 
оларды 
шүкіршілік 
етулері 
үшін 
жемістермен 
ризықтандыр!»
3
, – деп дұға қылды. 
Анасы мен баласы екеуден-екеу, елсіз, сусыз сахарада қалады. 
Ұзамай азық-ауқаттары таусылады. Анасының омырауындағы 
сүті де сарқылып, аштық пен шөл қысқан сәби жылай бастайды. 
Баласының шыңғырғаны жанына қатты батқан ананың жүрегі 
абыржиды. 
1
Пырақ – пайғамбарлар мінетін жануар. 
2
Бұл кезде Қағба әлі құрылмаған еді, бірақ оның орны белгілі болатын. 
3
«Ибраһим» сүресі, 37-аят. 


98
 
 
Бауыр еті баласы үшін қиналып не істерін білмей сасқан ана 
әлдебір көмек, жәрдем бола ма деген үмітпен маңындағы 
төбелерге шығып, төңірекке көз жүгіртеді. Сафаға
1
шығып, 
маңайды шолып қарайды. Әрине, бұл кезде Қағба құрылмаған, ал 
Зәмзәм суының көзі ашылмаған еді. Енді Ажардың көзі сол 
маңдағы жақын төбе Маруаға түсіп, сол жаққа қарай бет алды. 
Бұл төбеге де шығып, жан-жақты шола бастады. Ажар үшінші бір 
төбеге шығып қарағысы келіп еді, баласынан ұзап кетуден 
қауіптеніп, қайтадан Сафаға оралды. Сәлден соң Маруаға қайта 
келді. Абыржыған ана екі төбенің арасында ерсілі-қарсылы 
осылайша 
жүгіре 
берді. 
Ана 
жүрегінің 
қысылуынан, 
абыржуынан, қобалжуынан туған бұл әрекет мұсылмандар үшін 
оның өзінен кейін мәңгілік рәсім болып қалыптасты. Санаққа 
алар болсақ, Ажар анамыз Сафа мен Маруаның арасында жеті рет 
жүгіріп өткен екен. Ажар анамыз сол әрекетте жүргенде, 
Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) түсіп, Исмаилдың қасынан өзінің 
қанаттарының бірімен «Зәмзәм» бұлағының көзін ашты. Міне, 
осылайша Зәмзәм бұлағы шығып, Исмаил мен Ажар анамыз аман 
қалады. Осы сәттердің бірінде журһум деген тайпа суы бар қоныс 
іздеп жүрген еді. Бұл журһум тайпасы йемендік таза араб 
ұрпақтары болатын. Олар «Мариб» бөгеті бұзылғаннан соң 
Йеменді тастаған еді. Йеменде үлкен бір бөгет болатын. Адамдар 
оны су қоймасы ретінде пайдаланатын. Сол су құймасы бұзылған 
уақытта ежелгі араб тайпалары Йеменнен Араб жазирасының 
басқа жерлеріне қоныс аударды. Ал шөл далада судың ауадай 
қажет екені мәлім. Олар суы бар жер тауып, сонда өмір сүрмекші 
болды. Журһум тайпасы саудамен айналысқандықтан, қай жерде 
су көзі барын жақсы білетін. Олар Шам өлкесін бетке алып келе 
жатқан-ды. Журһумдіктер «Мекке даласы» деп аталатын жерде 
құстардың ұшып жүргенін көрді. Бұл жерді олар «Бәккә» деп те 
атайтын. Олар Зәмзәмнің төбесінде құстар айналшақтап ұшып 
1
Төбенің аты. 


99


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет