Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет85/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   266
 
 
оған: «Аллаһ кәпірдің тұзағын қайтарды», – деді. Осылай 
Аллаһтың сынағының соңы Сарраның абыроймен күйеуіне 
оралуымен бітті. Содан кейін Ибраһим Мысырды тастап, 
Палестинаға бет алды. 
Ибраһим Палестина жерінде 
Палестинаға келіп қоныс тепкен соң, оған Лут келді. Ибраһим 
оған Садум деген жердегі өте бұзық, күнәкар бір елге барып, 
оларды Аллаһтың жолына шақыруды бұйырды. Сондай-ақ ол ел 
«әл-Мутафика» деп те аталатын. Сөйтіп, Лут Садумға жүріп 
кетті. Ал Ибраһим, Сарра және оның күңі Ажар Палестинада 
қалды. Ибраһим сонда өмір сүріп, адамдарды Аллаһқа дағуат 
етіп, саудамен айналысты. Ол әжептәуір мал-дүниелі болды. 
Бірақ әйелі Сарра өзінің бала көтермейтінін түсінді. Ал Ибраһим 
балалы болуды қалайтын. Сонда Сарра оған Ажарды қосты. 
Сөйтіп, Ажар Исмаилды дүниеге әкелді. Бұл уақытта Ибраһим 
сексен алтыға шыққан-ды. Сарраның жүрегінде әйелге тән 
табиғатпен қызғаныш туды. Ол Ибраһимге: «Біз екеумізді бір 
жерде ұстама», – деді. Бұл жайында Сарра Ажарға зияндық 
әрекет жасамақ болған деген негізсіз әңгімелер айтылады. 
Бұлардың шындыққа ешқандай қатысы жоқ. Дегенмен арада 
қызғаныштың болғаны рас. Сарра имандылығына, жоғары 
дәрежесіне және абыройына қарамастан, Ажарға қатысты 
қызғаныш сезіміне берілді. Мұндай жағдай Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) әйелдерінің арасында да орын алған. Сондықтан бұл – 
әйелдерге тән табиғи құбылыс. Ибраһим де мұны сезіп, Ажар 
екеуін бөлектеуге ден қойды. 
Мекке жерінде 
Ибраһимге Ажар мен емшектегі баласы Исмаилды Меккеге 
алып бару туралы Аллаһтан бұйрық келді. Сонымен, Ибраһим 


97
 
 
оларды алып, Меккеге сапар шекті. Ибраһим жеке өзі болғанда 
сапарға пырақпен
1
аттанатын. Ал жалғыз болмаса, әдеттегідей 
жол жүріп, сапар шегетін. Сондықтан олар Мекке топырағына 
кәдімгі жаяу жолаушының жүрісімен жол тартса керек...
Бірақ Ибраһим Ажар мен Исмаилды зиярат жасағанда 
пырақпен келіп-кететін. 
Сонымен, олар Меккенің елсіз, сусыз жазығына жетті. 
Ибраһим Ажар мен баласын сонда тастап, оларға бір ыдыста 
құрма, бір ыдыста су қалдырып, өзі кері қайтты. Ажар 
Ибраһимнің артынан жүгіріп: «Ей, Ибраһим! Қайда барасың?.. 
Бізді қайда қалдырып бара жатырсың?!.. Мұнда адам баласы, 
дәнеңе жоқ қой?!..» – деді. Ол артына қарамай жүре берді. Ал 
Ажар артынан жүріп, бірнеше рет оның аялдауын өтінді. 
Ибраһим бұрылмады. Сонда Ажар оған: «Мұны саған Аллаһ 
бұйырды ма?» – деді. Ол: «Иә», – деді. Сонда Ажар: «Олай болса, 
Ол бізді өлтірмейді», – деді. 
Сонымен, Ажар анамыз қалды да, Ибраһим кері қайтты. 
Ибраһим олар көрмейтіндей бір айналмаға жеткенде, Қағба жаққа 
қарап, қолын көтеріп, Аллаһқа жалбарып: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет