Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Олар  (Ибраһимге)  кірген кезде: «Сәлем», – десті



Pdf көрінісі
бет92/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

«Олар 
(Ибраһимге)
 кірген кезде: «Сәлем», – десті. 
(Ибраһим 
де)
: «Сәлем, бөгде қауым», – деді. Дереу үйіне барып, семіз бір 
бұзау әкелді. Оны оларға жақындатып: «Жемейсіңдер ме?» – 
деді. 
(Тамаққа қол созбағандарын көріп)
, олардан тіксініп, 
қорықты. Олар: «Қорықпа!» – деді де, оны білімді бір ұлмен 
сүйіншіледі. Сонда 
(Ибраһимнің)
 жұбайы, демін ішіне тартып 
келіп, өз бетін ұрды да: «
(Мен)
 бір бедеу кемпір», – деді. Олар: 
«Раббың осылай деді. Ол – аса Дана, бәрін Білуші», – деді»
1
, – 
деген. 
Сонда барып Ибраһим олардың періште екенін білді. Өйткені 
олар: 
«Қорықпа, расында, біз Луттың қауымына жіберілдік»
2

– деген-ді.
Сөйтіп, періштелер өздерінің басты мақсаттары не екенін 
айтты. Аллаһ тағала:
«
(Ибраһим)
: «Ей, елшілер! Бұйымтайларың не?» – деді. 
Олар: «Шын мәнінде, біз бір күнәкар елге жіберілдік. Оларға 
лайдан тас жаудыру үшін! 
(Бұл)
 Раббыңның алдында шектен 
шыққандар үшін белгіленген», – деді»
3
, – деп айтқан. 
1
«Зәрият» сүресі, 25-30 аяттар. 
2
«Һуд» сүресі, 70-аят. 
3
«Зәрият» сүресі, 31-34 аяттар. 


105
 
 
Олар өздерінің келу себебін айтып жатқанда, Сарра 
қонақтарға қызмет жасап жүрген еді. Мұны естіп күлді. 
Ғалымдар: «Ол Луттың қауымы жойылатынын естіген кезде 
қуанды. Өйткені олар жер бетін бұзақылыққа толтырған 
болатын», – деп пікір білдірген. Лут: «Жер бетінде бұлардан 
кесірлі ешбір елдің тұрғындарын білмеймін», – деген.
Аллаһ тағала: 
«Оның әйелі түрегеп тұрған, күліп жіберді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет