Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Біз оны ұлы құрбандықпен ауыстырдық»



Pdf көрінісі
бет91/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

«Біз оны ұлы құрбандықпен ауыстырдық»
1

– деген. 
Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): 
«Ол жаннатта 
қырық күз бағылған түсі ақ, көзі үлкен және мүйізді, ірі бір 
қошқар еді»
, – деп айтқан
2

Исхақтың дүниеге келуі 
Ибраһим осы оқиғадан кейін Палестинаға қайта оралған кезде 
Аллаһ тағаладан тағы бір қуанышты хабар келді. Аллаһ тағала: 
«Біз оны ұлы құрбандықпен ауыстырдық. Кейінгілердің 
ішінде ол жайлы 
(жақсы ат) 
қалдырдық. Ибраһимге сәлем 
болсын. Біз игілік істеушілерге осылай сый береміз. Ол Біздің 
иман келтірген құлдарымыздан. Сондай-ақ оны ізгілердің 
қатарындағы пайғамбар – Исхақпен сүйіншіледік»
3
, – деген. 
Яғни Аллаһ тағала құрбандық әңгімесінен кейін барып, оны 
екінші ұлы Исхақпен сүйіншілегенін айтып тұр. Демек, 
құрбандыққа шалынуға түскен Исмаил еді. Бірақ бір 
таңғаларлығы, кейбір адамдар көне еврей жазбаларына сүйеніп: 
«Құрбандыққа шалынған Исхақ еді» деп айтады. Ал аятта 
барлығы айдан анық. Аллаһ тағала алдымен құрбандық қиссасын
сосын барып оны баламен сүйіншілегенін баяндады. Олай болса, 
ешқандай күмәнсіз құрбандыққа шалынбақ болған – Исмаил. 
Исхақтың сүйінші хабары Ибраһимге Палестинаға оралғаннан 
кейін келді. Бұл кезде Ибраһимнің жасы жүз жиырмаға келген, ал 
Сарра тоқсан жаста еді. 
1
«Саффат» сүресі, 107-аят. 
2
Мұны Ибн Кәсир мен Ибн Жарир риуаят еткен. 
3
«Саффат» сүресі, 107-112 аяттар. 


104
 
 
Оларды сүйіншілеп үш періште: Жәбірейіл (аләйһис-сәләм), 
Микаил (аләйһис-сәләм) және Исрафил (аләйһис-сәләм) түсті. 
Аллаһ тағала оларға Луттың қауымын жоюды бұйырған еді. Олар 
жолай алдымен Ибраһимнің үйіне адам кейпінде келді. Ибраһим 
өте қонақжай еді, үйіне қонақ келсе, қуанатын. Сондықтан да ол 
Әбу Дифан (қонақтардың атасы) деп аталған. Ол өзіне қарай келе 
жатқан адамдарды көрді. Олар келіп сәлем берді. Ибраһим де 
олармен сәлемдесіп, таңырқап тұрып қалды. Өйткені олар бөгде 
болатын әрі олардан ұзақ жол басып келгендіктің әсері 
білінбейтін, мініс көліктері де жоқ еді. Аллаһ тағала:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет