«тҰйҒЫН»
Алғаш айтыс сахнасынан қанаттанған қаршадай ұл қазақ өнерiне
үлкен олжа алып келдi. Ағаш домбыраның шанағын шаңға көмген бөлек
болмысты азаматқа бiр кездерi «қарға бойлы Бекболат» деп те айдар
тағып едi елі. Алайда, дәстүрлi халық әндерiмен дәм-тұз жарастырған
Бекболаттың кейпi өзгесiнен гөрi тастүлекте мығым отырған, қос
жанарынан от шашкан тектi де тәкаппар тұйғын құсқа көп жақындайды.
Көк сеңгiрдi көп сүйе бермейтiн өткiр көздi түйғын, қарашығына кылау
түсiргiсi келген құс атаулыны кез келген ендiктен қиып түсетiндiгiмен
ерекшеленедi. Құсбегiлiкпен айналысатындар жақсы бiледi, бүркiт,
қаршыға, қырғи секiлдi сәруәр құстардан гөрi, тұйғынды қолға үйрету
аса зор қиыншылық туғызады. Тұйғынның қанаты шексiз кеңiстiктi,
еркiндiктi сүйедi. Ал, тiлiн тапқан жағдайда сұсын жанарына жиған
соққысы сойқан тұйғын көздегенiн алмай тынбайды. Салмағы өте
ауыр. Дауысы өзгелерден едәуiр бөлек.
Тұйғын мiнездес Бекболат сөз жоқ – ұлттық құбылыс. Алаш баласы
Азат рухты iздеп шарқ ұрғанда Бекболат ұлтқа керек көне мақамды
Қорқыт қобызының қияғынан тапты. Сан түрлi сайранды кештерде
ысқышынан от шашқан Бекболат қобызы қазақ баласының жүрегiне
толайым рух құйды, құйқаны шымырлатар шербет сазды қайта тiрiлттi.
Кенет тұрмыстың тауқыметінде жүрген қалың әлеуметтің санасын
сонау ғасырлар қойнауынан талып жеткен үн осып өтті.
Бекболат дауысындағы халық әндерi алыс-жақын шет елдерге қазақ
жұртының аманатын сан мәрте арқалап барды. Нартай Бекежановтың
көмейiнен тауып алған ноталар тiзбегiн шегiне жеткiзе жаңғыртты.
Мұның түйiнi – «Елiм менiң» әнi болатын. «Көкіл» күйі көмейден
Ақтамбердінің жыры болып төгілді. Ұлттық рух сілкініп барып
тоқтады. Қазақ топырағының әр аймағындағы халық әндерiн ныспысын
бұзбастан құраған попури арқылы Бекболат Тiлеуханов бүтiн ұлттың
ойын бiр көмейден жеткiздi. Осы арқылы бұқара алдында жалауы
желбiреп, абыройы асқақтады. Бұл кезде Қазақстандағы мәдени аураны
батыстың бармақтай скрипкасының шеберi Дүйсен Қасейiнов билеп
отырған. Ел iшiн скрипканың сызылған үнi аралап жүрген кезде де,
оған дейiн де қоғамдық пiкiр халыққа қолайлы ой ұсына қоймады. Ел
жүйкесi сабауға түскен тулақтай жұқарып жүрiп, ұлт өнерiнiң қадiрiне
жете бiлетiн бiлiктi маманды сарыла күттi.
Қалтасына қошқар мүйiздi ою салып жүретiн министр Өзбекәлi
Жәнiбеков, мәдениетке идеология мiнбесiнен үн қосқан Михаил
Есенәлиев, Тұран даласын қорғап қалған құранды ерге құмай
қондырмаған Iлияс Омаровтар туралы сағынышқа толы құсни
хаттардың қолдан қолға өтiп, тозғанша оқылғаны да жадымызда.
101
Қайран халық асты-үстiне шығып, өрiс ауыстырып жатқан қоғам
салмағына жаншыла жүрiп, ұлыларын осылай сағынған.
«Өзiңнен зор шықса, екi кезiң сонда шығады». Кутовой деген
көлденең көк атты қапелiмде қайран елдiң сағынышын сарқып iшiп
кеттi. Ұлардай шуладық та қалдық.
Ендi екi аяғынан тұра бергенде бұра тартатындардан тарыққан
қазақ мәдениетi Қасейiновке көп үмiт артты. Бекер обалы не, Дүйсен
Қасейiнов дүйiм елдi емiрентiп тастамаса да ептеп жұмыс iстеген
болды. Бiрақ сахнада ұлт аспаптарынан гөрi батыстық аспаптар сайран
салды. Қазақ театрлары таз қалпында қалып, өзге мәдени ошақтар,
дүниесiн түгендеп алды.
Жұмыр жердегi бiрталай аты озған елдер өз ұпайларын мәдениет
саясаты арқылы жинап жатыр. Мәдениет саясаты ұлтты түрлi
моральдық апаттардан аман алып қалатынын кәрi тарих әлденеше рет
дәлелдедi.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейiн әдiлетсiздiкпен билiк
басына келген Колбин келе сала көлбеңдеп, ең бiрiншi Жазушылар
одағына барды. Неге? Одан кейiн құрамында 100-ге жуық өнерпазы
бар әйгiлi Құрманғазы атындағы Ұлттық оркестрдiң репертуарына
шұқшиыпты. Арғы жағын өзiңiз саралай берiңiз. Қауашақты бiр-екi
аударып-төңкерсеңiз, ақиқат өзi қылаң бередi...
Бекболат Мәдениет комитетiне төрағалыққа барғанда бүтiн ел
қалпағын аспанға атып қуанған. Қуаныштарының дiңi сол – өнерге
өзегiн жұлып беретiн адам келдi деп марқайды. Жазған халық өнер
биiгiне ту тiккен азаматын, әкiмдiк қызметте де сол деңгейден көргiсi
келедi. Бiрақ күнгейi мен терiскейi, бұралаңы мен қалтарысы көп
шенеунiктiк жолда сантүрлi кедергiлер де кездесетiнi аян. Оның үстiне
iлгерiде ыздиып сөйлеп, үрлеп iшетiн әкiмдiк әлемге сахнадан барып
топ ете қалған адамға тiптi қиын.
«Халық айтса, қалт айтпайды» дейдi. Ат үстiнде жүрген кешегi
өнерпаз, бүгiнгi төраға Бекболатқа жұмыс iстетпей жүргендер бар
деседi. Ендiгi бiр қоғамдық пiкiр – «Бекболатта шенеунiктiк тәжiрибе
әлсiздеу» дейдi. Келесi бiр жаны бар сөз мынадай: «Бекболат көп
жағдайларда «жасанды таулармен» алысам деп қажып жүр».
Жалпы, кез-келген қоғамда нағыз мәдениет пен ойын-сауық мәде-
ниетi қатар жүретiнi белгiлi. Әрине, Бекболаттың бүйрегi нағыз
ұлтқа керек мәдениетке бұрылатыны анық. Алайда, жеме-жемге
келгенде Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары Төлеген Мұхамеджанов
«сценарийiндегi» ойын-сауыққа толы «ламбадалық» мәдениет
өтiмдiлеу болып кетедi. Дегенмен, бұл да өнер, бiрақ бұл бұқара
санасына сiңбестен сахнада ерiп кетiп жататын мұз секiлдi әсер де
бередi. Қысқасы, қазiр қоғамда екi мәдениет тайталасып тұр. Бiрi –
102
үлкен де болса Мәдениет комитетiнiң төрағасы Бекболат Тiлеухан
санасындағы дәстүрлi заманауи ұғымдар.
Екiншiсi – Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары Төлеген Мұхамеджа-
нов санасындағы классикалық ағыстар мен «ламбадалық» кескiндер.
P.S.
Араға әлденеше жыл салып қайта сараптаңызшы! Қайсысы озып,
қайсысы тозып барады? Бiз мына мәселенi шегелей айтқымыз келедi:
мысалы, ұлттық мәдениет саясатына керi ықпал еткiсi келетiн топтар бар.
Сондай-ақ, бүгiнде әлем назарын аударып отырған дiни экстремистiк
топтар сияқты мәдениет ауласына да тас лақтырушы бөгде ойлы, бөтен
пиғылды адамдар да жеткiлiктi. Сондықтан, мемлекетiмiздегi мәдениет
саясатын iшкi, сыртқы һәм экономикалық саясат деңгейiне көтергенде
ғана көңiл тыныш таппақ.
Қазiргi кезде мәдениет құр ғана өнер немесе ойын-сауық емес, сара
идеология. Егер бiз дәл осы мәдениет арнасында қателiк жiберiп алсақ,
орасан шығынға ұрынған болар едiк. Осы тарапта мәдениет саласын
басқарған, басқарып жүрген жоғарғы билiктегi ықпалды азаматтар
Бекболаттай жiгiттердi алтын асықтай қолда шиiрiп ұстап отырса,
ұтарымыз аз болмас едi...
103
«БАНДЫНЫ қуҒАН қАйЫрБек»
Алуан түрлi бояуға толы уақыт ағымы толғағы жеткен, пiсiп-
жетiлген тағдырлы тақырыптарды кейде осылай өзi ұсынып жатады.
Қазiргi күнi Қазақстандағы iшкi iстер саласы маңайында ұйыған әңгіме
көп. Сондықтан Iшкi iстер министрi қызметіне екiншi қайтара келген
Қайырбек Сүлейменовтің тақырыбына қайта оралудың ретi келiп-ақ
тұр. Қай уақытта болсын қоғамдық тәртiптi қалыпты ұстап тұру үшiн
майдан қыл суырғандай ептiлiк және сақтық керек. Бұған «қызыл
жағалы» қырандардың өз анттарына адалдығын тіркеп қойыңыз.
Бiр кездерi iшкi iстер қызметiнiң кеңiстiгi тек ішкiштер мәселесiмен
шектелiп қалып, iрi шаруаларға шендей алмай, тасырқап қалған өлiара
кезең болған. Сондай сәттерде бұл салаға төңкерiс қажет болды. Сол
шақта төрт жылдан аса Ішкі iстер министрлiгiнiң қосын сүйреген
Сүлейменов мырзаның орнын Болат Ысқақов ауыстырған. Алайда,
Болат Ғазизұлы болдырып тұрған бұл салаға шырай кiргiзе алмады.
Амал жоқ, Қазақстан Республикасының бүгiнгi бас полициясы Қайыр-
бек Шошанұлымен қайтадан жылап көрiсуге тура келдi. Жалпысында
Қайырбек Сулейменовтiң жеке кәсiби шеберлiгiне сүйсiнушiлер қатары
жетiп артылады. Шәк келтiрушiлер де жоқ емес.
Новосiбiр топырағында кiндiк қаны тамып, алғашқы еңбек жолы сол
қаладағы көпiр салу құрылысынан басталған, кейiндерi Свердловскiдегi
заң институтында жоғары бiлiм алған, екi елдiң билiк желiнiн тел емген
Қайырбектiң өз өмiр тәжiрибесiнен түйсiгiне түртiп алған бiлiктiлiгi
бiр басына жетiп артылады. Куйбышев қаласында аға тергеушi болып
жүрген жерiнен жеңгемiз Лариса Николайқызы Келина ханым екеуiнiң
өзара түсiнiстiгi нәтижесiнде жүзi суық генерал түпкiлiктi Отанына
табан тiредi. Iрi қызметтерде iстедi. Қазiр Елбасының елегiнен
өткендердiң көш басында түр. Бүгiн «ақ» дегенi – алғыс, «қара» дегенi
– қарғыс» бiлдей министр. Қызметтiк формада жүргенде өңi сұмдық
суық, ашық айқастарға бара қоймайды, өз әрiптестерi (министрлер)
арасында өте мәдениеттi, ал ендi саласынан гөрi намысына тиетiн
мәселелерге байланысты үстел тоқпақтағанда тоқтату қиын шаруа.
Өткен жылы ел Президентi Нұрсұлтан Назарбаев коррупция мен
қылмысқа қарсы күрестiң нәтижесiне байланысты республикалық
жиын өткiзген. Сол жолы Бас прокурор Юрий Хитрин мен министр
Сүлейменов алқа мүшелерiн көне деректермен көз алдарқатамыз деп
ұятты болған жағдайы бар.
Ел президенті Нұрұлтан Назарбаев: «Нақты мәлiметтердi жасырып,
жаман үйренгенсiңдер» деп үрейлерiн ұшырды. Ақыр аяғында екеуi
де атшаптырым залдан алғыс емес, сөгiс арқалап шықты. Онсызда
қоғамды жегіқұрттай жеміріп бара жатқан жеңұшынан жалғасушылық,
104
парақорлық ауыр қылмыстар сол тұста тіпті дендеп кеткен кез болатын,
тiптi осы мәселеге құқық қорғау орындарының өздерiн сендiре алмай,
есеңгiреп қалғандар да болды. Сөйтiп жүргенде министр Сүлейменов
ғайыптан тайып, «Мың бiр түндегi» диуана Гарун аль-Рашидтiң
кейпiне енiп, киiмiн езгертiп бiр «КамАЗ» қарбыз тиеп жолға шықсын.
Жаманатты болып жүретiн жорналшылардың болжамына осы жолы
көзi жеттi... Алматыдан Астанаға жеткенше жол торыған Қайрекеңнiң
бөлтiрiктерi генерал отырған «КамАЗ»-дың жүргiзушiсiнен 225 АҚШ
доллар көлемінде пара алған. Астанаға барған бетте жедел жиын
шақырып, қол астындағыларының сiлiкпесiн шығарды. Iшкi есепке
жүйрiк Сүлейменов қапысын тауып осылай көзге түскен. Анығын
айтқанда, Қайырбек Шошанұлы өз ойындағы сценарийдi әдемi ойнап
шықты десе де болады. Расында полициялардың параға жақын екенiн
министр бұрыннан-ақ сезуі тиiс. «Қарбыз операциясымен» өзiнiң
беделін көтерем деп, министр мырза өз саласының шиқанын қанатып
алғанын сезбей қалды. Тiптi, бұл тәсiлдi қарапайым жұрт жай дақпырт
деп те қабылдады. Керiсiнше, Қайырбек Сүлейменовтың қайсыбiр
басылымға берген сұхбатындағы өзiне қатысы бар ресторан кәдiмгiдей
әңгіме туғызды...
Алматыда террористік акт жасамақ болған қарулы ұйғыр экстремис-
тiк тобының жойылуымен Қайрекең өзiне ұпай жинамақ та болды.
Бiрақ мұнда қалың бұқара Сүлейменовті емес, Алматы қаласының бас
полициясы, генерал Қалмұхамбет Қасымовтың еңбегін айрықша атап
жүрді. Жалпы, ішкі істер мәселесіне байланысты жайлардың атағы да,
шатағы да Қайырбек Шошанұлына тиесілі екені және рас.
Сөз жоқ, Шығыс Қазақстандағы қазақ жігітінің қазасына қатысты
қазақтар мен шешендер арасындағы қақтығысты, Қызылжардағы
казактардың бас көтеруін министр сәтті басып тастады. Дегенмен,
Қазақстандағы қоғамдық тәртiп әлi үрейлi қалыпта тұр. Ендi, қайта
оралған Қайырбек тақырыбының негiзгi қазығына келейiк. Қайырбек
Сүлейменовке Республиканың iшкi iстер министрi қызметi берiлген
екен, ол Қазақстан азаматының үстiнен құс ұшырмауға мiндеттi.
Қоғамдық тәртiптi қалыпты ұстау – кәсiби жұмысы. Ал, елiмiздiң
паспорты iспеттес тұлғаларды, ұлт мақтаныштарын сақтау – Сүлей-
менов аппаратының мемлекеттiк парызы.
Қазiр бiздiң байрағымызды биiк ұстап жүрген азаматтарымыздың
басына бәйге тiгу науқаны әлi аяқталған жоқ. Қаңғыған оқтар ұлттың
уықтарын бiр-бiрден қаусатып жатыр.
Өзiнiң палитрасына қара бояу жаққысы келмейтiн қылқалам шеберi
Бексейiт Түлкиев жұмбақ өлімiмен бүкiл ұлттың жүрегiне қара дақ
салып кеттi. Қылмыскерлер әдеттегiдей таптырмады. Әйгiлi суретшi
Мағауия Аманжолов ай-күннiң аманында жоғалып, iз-түзсiз кеттi.
105
Полиция бейхабар. Бiртуар спортшы оралдық оғылан Серiк Шайхиев
қапелiмде мерт болды. Қандықол қыр асып кетті.
Сидней олимпиадасында «аруақтап» жүрiп атой салған Ермаханды
тас-талқан етiп сабадық. Тып-тыныш. Дене жарасы жазылғанмен, ұлт
жүрегiне түскен жара қайдан жазылсын?!
Бiр күрсiнiп қалып, терең дем ала бергенде өңменiме тағы бiр
қорғасын қадалды. Қазақ боксының абызы, алып қүрлықты алты
айналсаң да таба алмайтын Алаштың алып бәйтерегi найқалмастан
құлап сала бердi. «Алыптар, әсiлi шайқалмастан осылай құлайды екен
ғой». Қазақы ұғым ендi амал жоқ осылай қалыптаса бастады. Жүректе
– Әбдiсалан, ойда – Ермахан. Бандыны қууға тиiс Қайырбек қамсыз
отыр.
Соңғы уақыттардағы құйқа шымырлатар қорқынышты оқиғалар-
дың шытырман жағдайда аяқталуы амалсыз қалам ұшына iлкiдегi
ойларды иiрiп әкелiп отыр. Өзге ұлттар мемлекет атына абырой
әкелетiн тұлғаларды шетелден шақыртып әлек, бiз болсақ санаулы
саңлақтарымызды атып «бiтiре» алмай әлекпiз...
Iшкi iстер министрлiгi тарапына да осы мақсатта оң ниетпен сез
бағыттып отырмыз.
Бiз Ішкі істер саласын неге сөз етіп отырмыз? Гәп мынада:
Қазақстанда қылмыс әлемiнiң аты белгiсiз апайтөс авторитеттерi ендi
басқаны қойып, саясат аренасына араласа бастаған секiлдi. Қоғамдық
ағым осы бетiмен кете беретiн болса, аз күнде саясат кардиограммасы
қылмыстық кландар осiнен айналып тұратын болады...
106
«қАрШЫҒА»
Базары тарқамаса да, саяси сүрлеуі сыр берiп калатын шенеунiктер
болады. Осындай билiк иесi ретiнде Жармахан Тұяқбай туралы
соңғы уақыттары жиi айтылып кеттi. Жармахан Айтбайұлының кiсi
кызығарлық өмiрбаянына үңiлсеңiз, кейде таң қаласыз. Асанбай
Асқаров мектебiнен кеңiстiкке көтерiлген Жармаханның қызметтiк
карьерасы 1987 жылдардан бастап «ғарыштық жылдамдықпен»
қарыштап өстi десек, артық болмас. Ыстық өңiрде дүниеге келгенмен,
суық кеңселердегi қызметтерге етi үйренiп кеткен Тұяқбай мырзаның
күнгейлі-теріскейлі билiк жағрафиясы да әр алуан. Тіпті Каспий
бойына, үстіртке де барып тiреледi. Прокурор мантиясын киiп
машықтанған Жақаң екi жылдан аса «патшалық құрған» Мемлекеттiк
тергеу комитетiнiң де қазанын ашып-жауып отырды. Ал, 1999 жылғы
10 қазандағы ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң екiншi шақырылымы
Жармахан Айтбайұлының саяси қайраткерлiгіне жол ашты. 2000
жылдың желтоқсанының бiрiншi жұлдызында депутаттардың 72 пайыз
дауысына ие болып, Мәжiлiс төрағасы лауазымына сайланды.
Төменгi палатаның төрiнде отырған, прокурорлық мiндеттiң
барлық деңгейін бағындырған осы азаматтың кейінгі кездерi
қоғамдық, мемлекеттiк деңгейде ықпалы азайып бара жатқандай
әсер қалдыра ма, қалай? Қауашағымызды аударып-төңкерiп мынадай
ойдың ұшығын ұстадық: Тұяқбай тұғырын төмендетiп жүрген бiрден-
бiр фактор – үлкен үйде қабылданатын белгiлi бiр шешiмдерге шеп
құрып қарсылық көрсетуi сияқты. Осы қылығы үшiн жоғары билiктегi
астыртын әңгiменiң темiрқазығына айналып жүрген жағдайы да жоқ
емес. Осының бәрiне бүгiнгi кейiпкерiмiздiң жеке мiнез-құлқындағы
қайсарлық мемлекеттiк қызметiне кедергi келтiрiп жүргенiн Жармахан
мырза сезiне бермейдi-ау...
Саясат – керек жерiнде кербезденiп, қажет жерiнде қақ бөлінгенді,
көздеген мүддеңдi көмбеге жеткiзу жолында өзгенiң ығына қарай
жығыла салуды қалайды. Ал, Мәжiлiс төрiнде төрелiк жасап отырған
Жармахан Тұяқбайдың болмысы «жемтiгiн» астына басып, тас-түйiн
бекiнiп отырған Қаршығаға көп жақын. Жанары өңменiңнен өтетiн
қаршыға-сұс билiк өкiлi үшiн саяси шешiмдерде шиеленiстерге жиi
алып барады, қыл аяғы әрiптестерiнiң де пiкiрiн өзгертуге мәжбүр
етедi. Сәтiмен сынбаған жерде саясаткердiң мақсатына жетуi екiталай.
Осы орайда Жармахан Айтбайұлы соқталы мәселелерде мәмiлеге
бара қоймайды деп айтуға болады. Алайда, тұғырында тапжылмай
отырып, маңайына сақ қарайтын қаршыға тектес Парламент төрағасы
мемлекетшiлдердiң қатарынан ойып орын алатыны сөзсiз. Бiрақ
мемлекеттiң қалыптасу жолында сыртқы күштердiң қысымына
107
тойтарыс беруде, принциптен ауытқу қажеттiлiгiнде, «жағдайлардан»
амбициясын аман алып өтуде Жармахан Тұяқбайдың жалпы табиғаты
сыр берiп қалады деп болжауға болады.
Қабылданбай, Парламент қоржынында қақталып жатқан заң жоба-
ларының артында жасырынып жүрген мүдделерді ашуға мүмкiндiгiн
жұмсаса спикердің жарағаны. Бiз мұны жоғары билiкке «ләппай,
тақсыр» деп жағыну үшiн айтып тұрған жайымыз жоқ. Дегенмен,
кейбiр шегiнiстердiң жеңiлiс еместiгiн, керек кезiңде иiле бiлгеннiң
де бiр биiкке алып шығатынын қайтара еске саламыз. Бұған мемлекет
басшысының iшкi-сыртқы қысылтаяң сәттерден сүрлеу тауып кететiн
самдағай саясатын үлгi етiп қойсаңыз да болады. Iлкiдегi ойды бiз емес,
ресми Бейжiң баспасөзi түртiп қойған.
Қалай дегенмен де Мәжiлiс төрағасы Жармахан Тұяқбай мырза бел-
гілі бір кезеңге дейін мемлекет басшысының ең сенiмдi адамы болып
келдi. Сонымен қатар, өзіне жүктелген міндеттердi де қалтқысыз
атқарды. Біраз уақыттан берi Жармахан Айтбайұлы қызметiнен
«жылжытылады» деген әңгiме желдей есiп, күшейіп тұр. Бұл билік
басындағылардың астыртын әңгімелерінен шыққан рас сөз бе,
әлде саясаткерлерің батыл болжамдары ма? Бәлкім, спикердің жеке
көңіл-ауанында бүгінгі қоғамдық өмірге, саяси жүйеге деген көңіл
толмаушылық бар ма? Мұны аса мәртебелі уақыт-ағзам көрсетеді.
Тегiнде «жел соқпаса шөптiң басы қимылдамайды» деген ау... Түйiндей
келгенде, медицина ғылымының қабырғасынан қанаттанған Марат
Оспанов Мәжiлiс төрағасы лауазымын атқарып жүрiп, депутаттар
пiкiрiне дұрыс диагноз қоя бiлетiндiгiмен бағаланды. Дипломатиялық
мүмкiндiктерi мен саяси «ауытқу» шеберлiгi және ақсүйек болмысты
Марат Тұрдыбекұлының жетекшiлiгiндегi Мәжiлiс төрағалығын
ешкiмге айырбастамастай көрiнетiн. Жауапкершiлiгi алты атанға жүк
боларлық әлгi орынды халық қалаулылары Жармахан Тұяқбай мырзаға
сенiп тапсырды. Сол тұста «Бұл – саясаткерлердiң терең көрегенділігі
болды» деген салқынқанды серкелер. Арада өткен екi жарым жыл уақыт
ендi алдымызға мынадай сауал тастап отыр: ішкі-сыртқы ықпалды
топтардың қақпақылындағы Қазақстанның саяси тақтасындағы
Жармахан Тұяқбайұлының жүйке-жүйесі қай тұсқа дейін шыдас
берер екен? Бәріне көндіге ме, әлде морт сына ма? Ал саяси алаңды
тастаяқтай қағыстырып үйренген әккі де ықпалды ойыншылар Африка
аңызағындағы жал-құйрықты, қанжар мүйiздi гнулардың суатқа
құлауын күткен қолтырауындардай су астында баспағып әлдекімнің
сабырын тексеріп жатыр. Бәлкім Қаршыға құсымыз лас жерлерге
қайрандап қалмай қанатын зәу көкке салар ма екен...
108
екІЖҮЗДІЛІк
Мемлекет басшысының ұлт зиялыларымен ай сайын болмаса да
жыл сайын, жыл аралатып жүздесіп, емен-жарқын әңгімелесіп тұратын
дәстүрі бар. Елдік, ұлттық мәселелерді ортаға салып, ақылдасып
шешімін бірлесіп іздеуге таптырмайтын жиын. Сол дәстүр бойынша ел
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әр сала бойынша көрнекті
тұлғаларды жиып, емін-еркін әңгіме-дүкен құрды. Жиынның ұзын-
ырғасы үш сағаттан аса уақытқа созылды. Әрине, бұл жиында елдік
мәселелерге араласып, өзінің пікірін ашық білдіріп жүретін Бексұлтан
Нұржекеұлы, Нұрмахан Оразбек, Сайын Мұратбеков сынды тұлғаларды
көре алмадық. Елбасымен жүздесуде елуден аса шығармашылық иелері
болды.
Белгіленген уақытта жиын болатын ғимараттың ауласына Прези-
дент нөкерлерімен келді. Келді де «кілең мықтылар жиналыпты» ғой
деп топ бастаған серкелермен амандасып шықты. Бұдан кейінгі жүз-
десу ғимаратта жалғасты
– Сiздермен сиректеу болса да кездесiп, пiкiр алысып тұратынымды
бiлесiздер. Тәуелсiздiгiмiзге 13 жыл болды. 13-те атқамiнiп, 13-те отау
құратын елмiз. Зауыттар қаңырап бос қалған да заман болды. Шәйiн
есiгiнiң алдына қайнатқан адамдарды да көрдiк. Демократияға қарай
қадам басып келеміз. Әрине, бұган шыдам керек. Ешкімнің аузына
қақпақ болып, қара құлып салып жатқан жағдайымыз жоқ. Ойын
еркiн айтып жатқандар да жоқ емес. Маңайымыздағы елдерге көз
жiберiңiздершi, қырғыз бен өзбек арасындағы бiр ғана кикiлжiңде 360
адам опат болды. Кавказ анау болып жатыр. «Бұлар ел болмайды, бөлiп-
жарып әкетейiк» дегендер де болды. Әйтеуiр, елдi шашпай-төкпей осы
жағдайға жеткiздiк.
«Менiң бiрiншi ұстанымым – экономика, екiншi – саясат» дегенді
ұдайы айтып келем. Қазақстан үшiн ең маңыздысы – iшкi-сыртқы
қауiпсiздiк. «Елiмiзде 45 дiни конфессия бар» деп кеуде соғып жүрмiз.
Бiрақ, кiм болса сол мешiт салып жүр. Сол мешiттердi кiм болса сол
басқарып отыр. «Халифат құрамыз» деп алауыздық тудырып жүрген
«Хизбут-тахрир» сияқты дiни ұйымдар аз емес.
«Мәдени мұра» бағдарламасы туралы да көп әңгiмелер бар.
Тұрғын-үй реформасын қолға алып жатырмыз. Бұл туралы үкiметке
ылғи айтамын. Жасайтынын жасайды да, жасамайтынын халыққа
жеткiзбейдi. Осы мәселеге қатысты пiкiрлерiңiздi бiлейiн.
Шымкентке барған сапарымда ақсақалдар сайлауға қатысты
пiкiрлерiн айтып жатыр. Басқа қазақ жоқ, Құдайдың берген қазағы осы.
Сол қазақты аман сақтайық. Сiздермен осындай соқталы мәселелер
төңiрегiнде сөз қозғасақ... Мен халықтың жалдап алған адамымын.
109
«Кемеңгермiн, қайраткермiн, данышпанмын» деп жүрген адам емеспiн.
Елдiң қызметiнде жүрген адаммын. Пiкiрлерiңiздi ашып айтыңыздар, –
деп Президент өтiмдi пiкiрлерге өзi жол ашып берген.
Бұдан артық қандай мүмкiндiк керек? Елдiн алдында не деп жүрсiң,
Президенттiң алдында не демексiң? Президенттiкi «сол сөздерiңдi өз
құлағыммен естiсем» деген сыңай сияқты. «Осы жолы зиялы қауым
елдiң сөзiн айтуға тиiс» деген әлгi бiр үмiт жанықтырып, ентелей
қалдық. Алайда...
«Есiм ханның ескi жолы, Қасым ханның қасқа жолы, Нұрекеңнiң
нұрлы жолы!». Кезiнде сiз туралы осылай жазғам, Нұр-аға!» деп,
қаламына хан қайырылып қарайды деп жүрген Қабдеш Жұмаділов
сынды Халық жазушысы әрiден бiр-ақ қайырған.
Ақселеу Сейдiмбек «Ораза намаз тоқтықта» деп барып, әлденеге
күмiлжiп тоқтап қалды.
«Соңғы бес жылда бес қазақ театрын ашып бердiңiз, сол жетпей
ме!» деп Есмұхан Обаевта ес қалмады.
Дулат Исабеков: «Мәдениет министрлiгiне қарайтын 46 мекеме
бар екен, соның екеуi Алматыда. Бiз далада қалдық. Бюджеттен
алатын қаржымыздың жартысы Астанамен екi арадағы пошталық
қызметке кетедi. Одан қалса, Мәдениет министрлерiн құттықтап үлгере
алмайсың, ауысады да жатады. Тым тәуiр басқарып отырған кейбiр
облыс әкiмдерi демде орнын өзгертедi де кетедi. Осы кадр саясатына
қалыпты қарасаңыз. Одан кейiн, «археологияны бетке ұстап, мола
қазушылар қаптап кеттi. Сосын өз атындағы көшеде қыдырып жүретiн
«ергежейлiлер» қаптап кеттi. Осыған үкiмет тарапынан бiр бақылау
болса», – деп сөзiн тәп-тәуiр бастаған. Бiрақ, соңындағы «Кеменi дауыл
шайқаса, теңiзшiлер капитанға жүгiредi» деген Паустовскийдiң сөзi
бар. Бiздiң тiрегiмiз де, қорғанышымыз да, шекарамыз да сiзсiз, Нұр-
аға!» деген сөзi біртүрлі шынайы шықпады. Өйткені, Дулат мырзаның
мемлекет басшысына қатысты айтқан ащы сын пікірлері ақпарат
құралдарында сайрап жатыр. Содан кейiн, Дулат Исабеков мырза:
«Қазақстан аумағында өмiр сүрiп жатқан 300 мың қытай бар екен»
дей келе, «Жаркент пен Нарынқолда аузында бiр тiсi жоқ кемпiрлерге
қытайлар жер үшiн үйленiп жатыр» деп қойып қалды. Осы сөз, бiртүрлi
көктүйнекше қадалып өңменiмiзге тұрды да қалды. Белгiлi жазушы
елдің шетінде, желдің өтінде тау сағалап өз күндерін өздері көріп
жатқан халықтың алдында iлкiдегi сөзi үшін жауап беруі керек. Нақты
дәлелдерге құрылмаған долбардың, қаңқудың қайда апарып соғатынын
Исабеков неге аңдамайды? Нарынқол мен Кеген дейтін киелі өлкеде
қаншама алтын құрсақты аналар, ақсақалды аталар өмір сүріп, ұрпақ
өсіріп, немере-шөбере сүйіп жатыр! Райымбектей ұлы бабаны ұран
қылған, Бердібек пен Мұқағалидай ұлы қаламгерлерді дүниеге әкелген
110
ел ешқашан шекарадан ұшып өткен шіркейді де басындырған емес.
Исабеков сол қияндағы аудандарға соңғы рет қашан барып апалардың
аузындағы тістерін санапты? Шөп орып, кетпен шауып адал еңбек етіп
жүрген халықтың тіршілігімен танысып па? Әлде таулы өңірді мұқату
үшін Исабековтің аузына өзіміздің «политтехнологтар» сөз салып беріп
отыр ма?
Қысқасы, Президентпен кездесуге келген үлкендi-кiшiлi «қайрат-
керлерiмiздiң» көбi жалаң мақтау, көпiрме мадақтан әрi аспады. Әсiлi,
Президентке сұлу сөзбен қамал соғып берiп жүргендер толып жатыр
емес пе? Мемлекет басшысы зиялы қауымды мақтау сөз айту үшiн
жинаған жоқ шығар. Неге бiздiң зиялы қауым екiжүздi? Республикалық
деңгейде шығатын әртүрлі басылым беттерінде сол қаламгерлер
мемлекет басшысына жолыға алмай жүргендей таусыла сөйлеп, сарсыла
сыбап жатады. Сол жазушылардың Президент жайлы, ел басқарып
отырған азаматтар туралы, елдегі саяси-әлеуметтік қайшылықтар
хақында, ретті-ретсіз реформалар жөнінде ашыла сайрағанын сан рет
оқыдық. Оны ақпарат құралдарының бетінде көкпар ғып тарта бергенше
алдына келіп отырған Елбасына неге айтпайды? Ел Президенті оларға
«өз пікірлеріңізді ашық ортаға салыңыздар!» деп тұрған жоқ па? Біздің
ұлтқа тірек болады деп жүрген зиялыларымыз неге көзiне қамшы тиген
жабағыдай жасқаншақтай бередi? Әлгі шешендер әр жерде әрқалай
сайрап жүрген қызыл тiлдерін неге Елбасының алдында кесiп тастап
кетпейдi? Әншейiнде, көсiле сөйлеп көпіріп, есіле сөйлеп есіріп
жүретiндерi қайда бұлардың? Мемлекет басшысы «iштегі шерлерiңдi
шығарыңдар» дедi. Осындай мүмкiндiк туып тұрғанда, олар жауырды
жаба тоқымай, елдiң сөзiн жеткiзуi тиiс едi ғой. Айта алмайсың ба, ең
құрығанда үндемей қал. Үндемей қалу да – үлкен пiкiр. Ең құрығанда
үндемей қалу қолдан келмедi...
Мысалы, Мұхтар Мағауин, Қойшығара Салғара, Амангелдi
Айталы, Яхия Әубәкiров, Темiрхан Медетбектер үндемей-ақ қалды
ғой. Осылардың үндемей қалуының өзi, бiртүрлi iшкi қарсылықтарын
меңзегендей көрiндi бiзге.
Алайда, айтпай қалғандар да жоқ емес. Смағұл Елубай, Мұрат
Әуезов, Сейiт Қасқабасовтың көңiлi алаң, халыққа деген ой-ниеттері
адал екен. Ел сенген көп зиялылар ардан тайып кеттi.
Смағұл Елубай тiлiп-тiлiп тұрып айтты. «Ойсырап жатқан
тұстарымыз бен қайшылықты мәселелердi айтпасақ, қаламгерлiгiмiзге
жол болсын. Нұр-аға! Елге келгенiме екi ай болды. Көп жылдар
Еуропада тұрдым. Туған топырақта жүрiп қорланғаннан артық қорлық
жоқ екен. Тiлдiң бейшара күйге түскенiн көрiп, жағамды ұстадым,
зығырданым қайнады. 15 жыл болды, «Тiл туралы» Заңды жөнi түзу
құжатқа айналдыра алмай итшiлеп келемiз. Қай кеңсеге кiрсең де өз
111
азаматтарымыз алдынңан орысша шүлдiрлеп шығады. Оларда не
НАМЬIС, не АР жоқ. Шенеунiктерiмiз ана тiлiнде сөйлеуге арланатын
секiлдi.
Бiз қайда бағыт алып бара жатырмыз? Бiз қай көшке iлесiп бара
жатырмыз, осыған жауап берсеңiз? Үкiмет қайда қарап отыр?
Кезiнде ұлттық мүдденiң аяққа тапталуының ақыры 1986 жылғы
оқиғаға әкелiп тiреген. Осы бетiмен кете берсек, аздан кейiн халық
көшеге шығып кетедi».
Қызмет бабымен батыста жортып жүрген бөрi азуын осылай
көрсеттi. Оның азуын ешкiм қағып алған жоқ. Керiсiнше, Президент
жиын аяқталған соң әлгiндегi жағымпаздарды емес, дәл осы Смағұлды
қолтықтап алып, сөйлесiп бара жатты.
Одан кейiн сөз алған белгiлi мәдениеттанушы, тектiнiң тұяғы Мұрат
Әуезов: «Батыс аймақтардағы облыстарға мұнай компанияларын сатып
алған қытайлақтар дендеп енiп барады. Оларға сатылып жатқан мұнай
өнеркәсiптерiне кiм қол қойып отырғаны тағы белгiсiз.
Соңғы кездердегi iшкi саяси ахуалдарға байланысты қатқыл қадам-
дар жасауға жол бермеуiңiздi сұраймыз. Сiздiң кекшiл болмауыңызды
қатты өтiнемiз. Сiздiң ұлықтығыңыз осында, құрметтi Президент
мырза!» – деп, өз ойын салиқалы да салмақты жеткiздi.
Белгiлi әдебиетшi, профессор Сейiт Қасқабасов та аянып қалған жоқ.
«Екеумiз бiр ауылданбыз, Нұреке! Мен – Қаскелеңнен, сiз –
Шамалғаннан. Бала күнiмiзде сол өлке алма баққа толы едi. Бүгiнде
соның бiрi де қалмады. Алма бақтың бәрiн қырқып, отап тастадық.
Алатаудың етегiне салынған алып коттедждер бөктерлеп Қаскелеңге
қарай келе жатыр. Ауа бүлiндi. Абай көшесiне түссеңiз тұншығып
қаласыз. Осыған тоқтам бола ма?
Екiншi мәселе, гуманитарлық жетi институт бар. Соңғы кездерi
соларды жоғары оқу орындарын қосу, яки тарату туралы әнгiмелер бар.
Осыған алаңдаушылық бiлдiремiз», – дедi профессор.
Белгiлi тарихшы Мәмбет Қойгелдi: «Қазақ халқының санасына
өзгерiс керек. Санада өзгерiс болмай, саяси һәм ұлттық мұраттарға
ешқашан жете алмаймыз», – дедi.
Осы жиында оқыстан «аузынан апат» болған адам – Мұхтар Шаха-
нов болды. Депутаттық мандаттан басы айналып жүрген Шаханов:
«Нұреке, қызметте өзiңiз өсiргендер жұмысын сәл төмендеткенге,
өзiңiзге шабуыл жасап жатыр», «мына бiздердей зиялы қауымның
арасында ондайлар жоқ» деп жәмпең қақты. Мұнысы соңғы уақытта
ел аузында жүрген Жармахан Тұяқбай, Ораз Жандосов, Алтынбек
Сәрсенбайұлы, Григорий Марченко, Әлихан Бәйменов, Төлеген Жүкеев,
Ғалымжан Жақиянов, Заманбек Нұрқадiлов, Жаннат Ертiлесова сынды
азаматтардың шалғайына жармасқаны болуы керек. Осы пиғылы,
112
бiртүрлi, сырт көзге «Құрметтi менiң Президентiм! Мен сiзге екi дүниеде
адалмын» деп ант-су iшiп, құрдай жорғалағандай әсер қалдырды.
«Аттыға еремiн деп, жаяудың таңы айырылыпты» дегендей, Шыңғыс
Айтматовқа еліктеп орысшаға елтiп, ақыры «әлемге таныла алмай»,
ауламызға аңқайып қайта оралған Мұхаң, Президенттiң алдында «өлең
оқимын» деп тағы қиғылық салды. Ақыры шыдай алмай кеткен болуы
керек, Президент: «Мұхтар, айғайлама!» деп тыйып тастады. Бәрi жан
жақтан жеңiнен тартып, етегiнен басып, «шөре-шөрелеп» жатып, әрең
тоқтатты. «Мұхтар Мағауин жарық күнде Шахановтың артына неге
шырақ алып түстi?» десек, осындай мінезіне шыдамайды екен ғой...
Мұхтар Шаханов Қырғызстаннан келгеннен кейiнгi елмен қауышу
кешiнде: «Бiз Тәуелсiздiктi көп жылдар аңсадық, бiрақ дәл осындай
жемқорлыққа белшесiнен батқан Тәуелсiздiктi аңсаған жоқ едiк қой...»
– деп Республика сарайына жиналған жұрттың құлағын қайшылатып
қойғаны күнi кеше болатын. Ал, бүгiн Президенттiң алдында басқаша
сайрап тұр. Сонда қалай? Біздің зиялы деп жүрген мүйізі қарағайдай
ағаларымыз елдiң алдында олай, Президенттiң алдында былай сөйлей
ме? Ай күннің аманында аласұрып жүрген Шахановқа халықтан – ұпай,
Президенттен сөлкебай керек пе? Неге біз айға қарап бір, күнге қарап
екі сөйлейміз?
113
Достарыңызбен бөлісу: |