Панфилов ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің апталық жұмысы



бет1/2
Дата04.11.2022
өлшемі21,59 Kb.
#47591
  1   2
Байланысты:
опс 04.11..2022(1)


Панфилов ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің апталық жұмысы 04.11.2022 ж


Қоғамдық-саяси ахуал.
2022 жылдың 31 қазанында Жетісу облыстық «Jetisy» газеті журналистерінің баспасөз науқаны бойынша ауданымызға іс сапармен келді. 31 қазан күні «Ернар» шаруақожалығының жұмысын көріп, жүгері өсірумен айналысатын шаруашылықтың тыныс тіршілігімен танысты.
1 қараша күні аудан әкімі М.Сағымбектің қабылдауында болды. Аудандағы жоспарланған жұмыстар бойынша толық ақпарат берілді. «Ұлт болам десең , ұрпағыңды түзе» тақырыбында аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залында қоғам белсенділері мен психологтар және жастармен кездесу өтті.
2022 жылғы 3 қарашада сағат 11.00-де Президенттікке кандидат Жигули Дайырбаев Панфилов ауданы, Кіші Шыған ауылының Жібек жолы көшесі, мәдениет үйі сайлау штабында болып, сайлаушылармен (150 адам) конференция өткізді. Одан әрі конференцияларда Ж.Дайырбаев сайлауалды бағдарламаға сәйкес режимдегі азаматтарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді (5 адам).
Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың кездесулер кестесінің аясында ұйымдастырылды.
Панфилов ауданында әлеуметтік желілерге, облыстық «ЦМС» және аудандық «СМИ Панфилов» чатына әр сала бағыты бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп отырады. Сын-ескертпе болған жағдайда барлығына дер кезінде кері байланыс орнатылып, жауап берілуі тұрақты бақылауда.
2022 жылдың 31 қазан – 4 қараша аралығында Панфилов ауданына байланысты әлеуметтік желілерде 3 - сыни пост жарияланған. Атап айтқанда «vjarkente» , «jaziraly jarkent», «dyshi_zharkent» парақшаларында- Көктал ауылындағы жол мәселесі бойынша 1-пост, аудандық ауруханаға байланысты 1- пост, Жаркент қаласына (Өсек) газ тарту мәселесі бойынша – 1пост.
Жолдау бойынша.
2022 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауына қатысты аудан әкімдігінде, 14 ауылдық округ аппаратында, 3 колледжде, 26 кітапханада, аудандандық мәдениет үйінде, 34 мекемелерде жолдауды тыңдау ұйымдастырылды. Әлеуметтік желілерде 131 пікір мен тезистер орналастырылып, 16 қоғамдық пікір көшбасшыларының жеке пікірлері, жастар мен спорт өкілдерінің арасында 41 посттар жарияланды. Жолдауды іске асыруды қолдау бойынша аудандық мекеме мен бөлімдердің бірінші басшылары, Жаркент қаласы және ауылдық округ әкімдері облыстық, республикалық БАҚ құралдарына мақала жариялау бойынша медия жоспар аудан әкімі орынбасарымен бекітіліп, орындау мақсатында жолданды. Жолдаудың маңыздылығын ескере отырып, мемлекеттік мекемелер білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және кітапхана қызметкерлері, жастар т.б арасында кеңінен талқылау жұмыстары жүрзілуде. Атап айтқанда, бүгінгі күнге дейін 65 шара өткізіліп, 7900-ге жуық адам қамтылды.
Кезектен тыс өткізілетін президент сайлауына аудан бойынша дайындықтар жүргізілуде. Ақпараттық қолдау мақсатында аудандық штаб мүшелері бекітіліп, желілік кестеге сәйкес 96 іс-шара өткізіліп, 6627 адам қатысты. Әлеуметтік желілерде 812 материал жарияланса, газет-баспа құралдарында 40 мақала жазылды. Оған қосымша: байқаушылар, резервтегі байқаушылар, кординатор, стандартты жоспар, медиа-план жобалары әзірленді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет