Парафармацевтикалық өнім түсінігі және жіктелуі. «. Парафармация»



бет3/20
Дата24.12.2023
өлшемі110,18 Kb.
#143165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Ïàðàôàðìàöåâòèêàëû? ?í³ì ò?ñ³í³ã³ æ?íå æ³êòåëó³. «. Ïàðàôàðìàöèÿ

ББҚ номенклатурасы
Биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) — қазіргі заманғы медицинаға салыстырмалы түрде айтқанда жақын уақытта енген термин. Дегенмен, жаңа дәуірге дейін Египетте, Қытайда, Тибетте, Индия мен Шығыстың басқа да елдерінде көбінесе табиғи түрінде қолданылатын өсімдік, жануарлар ұлпаларынан, минералды шикізаттан дайындалған арнайы өнімдерді адамның әр түрлі ауруларын алдын-алу мен емдеу жүйелері қалыптасқан. Адам ауруларын емдеу үшін арнайы фармокогиялық формалар өндірісінің тарихы шамамен біздің ғасырымыздан бұрын 130-200 жылдарға жатқызылады. К. Гален алғашқы рет табиғи шикізаттан емдік заттарды (ерітінді, экстракт, ұнтақтар) технологиялық әдістерін құрастырды. Алайда XIX соңы мен ХХ ғасырдағы химия ғылымының жетістіктеріне сәйкес, соған байланысты көптеген ғалым-дәрігерлер бұрынғы фитотерапевтикалық заттардан бас тартты.

ББҚ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БОЛАДЫ? - Нутрицевтиктер, Парафармацевтиктер Нутрицевтиктер – тағамның химиялық құрамын түзету үшін қолданылатын тағамдық қоспалар (ББҚ). Парафармацевтиктер – алдын алу және көмекші терапия үшін қолданылатын ББҚ. Олар органдар мен жүйелердің функционалдық белсенділігін арттырады. ББҚ дәрі емес екенін есте ұстаған жөн! Бұл диетаны толықтыратын қосымша. Бірақ сапасыз ББҚ болдырмау үшін оларды тек дәріханаларда сатып алу дұрыс. Қазақстан үшін «ББҚ» ұғымы салыстырмалы жаңа түсінік болса, Жапонияда 50 жылдан астам, ал АҚШ-та 20 жылдай қолданылып келеді. ББҚ дәрі емес! ББҚ ауруды емдемейді! ББҚ – тағамдық қоспа ретінде пайдаланылады, бірақ дәрі ретінде емес. Дәрілік препараттарда әрекет селективті, ББҚ - кешенді. Дәрілік препараттар синтетикалық жолмен өндіріледі, ББҚ табиғи өсімдік материалдарынан, жануар немесе минералды шикізаттан жасалады. Дәрілердің химиялық құрылымы айқын, ББҚ нақты химиялық құрылымы жоқ, өйткені ББҚ - бұл ағзаны қалпына келтіруге және дербес жұмыс істеуге көмектесетін биохимиялық коктейль (өндірушілердің пайымдауына сәйкес)
ББҚ классификациясы
• ББҚ - бальзамдар, шайлар, қоспалар, алымдар (сборы)
• ББҚ – ақуыздар, аминқышқылдары және олардың туындылары
• ББҚ - витаминдер мен минералды кешендер
• ББҚ — витаминдер, витаминге ұқсас заттар және коферменттер
• ББҚ - табиғи метаболиттер
• ББҚ – майлар, май тәрізді заттар және олардың туындылары
• ББҚ - макро- және микроэлементтер
• ББҚ – полифенолды қосылыстар
• ББҚ - пробиотиктер және пребиотиктер
• ББҚ – ара өнімдері
• ББҚ – өсімдік, жануар немесе минералды текті өнімдер
• ББҚ – көмірсулар және оларды өңдеу өнімдері
• ББҚ - өсімдік немесе микробтық текті ферменттер • Басқа ББҚ
Дәрумен – тіршілікке қажетті амин- 1-Суда еритіндер, С және В тобындағы дәрумендер
2-Майда еритіндер, А, Е, Д, К тобындағы дәрумендер

2 такырып.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет