Паралельді корпустар 1 параллель корпустар қайсыбір негізгі тілде жазылған түпнұсқа-мәтіннің және осы негізгі


курастыру «Обзор употребления английского языка» (The Survey of English Usage) атты жоба



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата08.11.2022
өлшемі11,48 Mb.
#48428
1   2   3   4   5   6   7   8
курастыру «Обзор употребления английского языка» (The Survey of English Usage) атты жоба
аясында зерттелген. Жобаның мақсаты - ағылшын тілді білімді ересек адамның ағылшынша
сөйлеу тілінің грамматикалық жұйе ерекшеліктерін мүмкіндігінше толық түрде жазып алу болған.
Ауызша тілдің тек Лондон-Лунд корпусы ғана ең алғашқы мәшине оки алатын корпустар
қатарына жатады. Ол жасырын түрде ауызша дискурстан жазылып алынған әңгімелер түріндегі 34
мәтіннен тұрады және Дж. Свартвик пен Р. Квирктің «Корпус английского разговора» атты
кітабында 1980 жылы басылып шыққан болатын. Бұл кітап компьютерлік корпустар әлі де болса
көпшілік назарына кең түрде таралмай тұрған және ауызша тілдің транскрипциясы оқырманға
қиындық туғызатын кезде жарық көрген аса маңызды әрі құнды еңбек еді.


Лондон-Лунд корпусының жарық көруі лексика, грамматика, сөйлеу
просодиясы, әсіресе дискурс құрылымы мен оның қызметіне қатысты
көптеген зерттеулерді өмірге әкелді. Нәтижесінде, ағылшын тіліндегі
actually, really, you know, you see, I топ, well сөздерінің қолданулары зерттелді,
ағылшынша сөйлеу тіліндегі сұрақ қою мен жауап беру мәселесі, пассив
құрылымдар және ағылшынша сөйлеудің просодикалық моделін қолдану
және т.б. Лондон-Лунд и Ланкастер-Осло-Берген корпустары қоры негізінде
ауызша және жазбаша ағылшын тілдері салыстырмалы зерттеулердің
нысаны бола бастады; мысалы, модальдылық, күрделі сөйлемдердегі
байланыстар (связи), болымсыздық, жоққа шығару, терістеу
модалдылықтары. Қазіргі кезде корпустық лингвистерді ауызша тілде
эмоцияны білдіру, таңғалуды сөзбен білдіру тәсілдері және т.б.
қызықтырады. Мұндай мәселелерге арналған зерттеулерді жүргізуге
мүмкіндік беретін корпустарға мысал ретінде орыс тілінің ұлттық корпусы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет