Парасат майданының суреткері (Төлен Әбдікұлының өмірі мен шығармашылығы хақында)


жыл Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық бөлімшесінің жауапты хатшысы



бет2/4
Дата06.10.2023
өлшемі5,94 Mb.
#113326
1   2   3   4
1971 жыл

Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық бөлімшесінің жауапты хатшысы

1974 жыл

Қазақстан Министрлігінің Кеңес жанындағы көркем өнер басқармасының бастығы

1980

Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді

«Таңғы шық» әңгімелер жинағы
«Көкжиек»
«Күзгі жапырақтар»
«Ақиқат»
«Айтылмаған ақиқат»
1985 жылы «Өліара»
2002 жылы «Парасат майданы» жарық көрді.

Шығармалары бірнеше тілге аударылған


орыс
украин
өзбек
қырғыз

Төлен Әбдіктің шығармалары тұлғасы бөлек кейіпкерлермен ерекше. Қарапайым тілде жазылғандықтан әңгімелерін оқу оңай, ал өзіндік ой түйіп, түсіну қиын. Жазушының философиялық толғаныстарға толы шығармалары көп.

«Тозақ оттары жымыңдайды»

Араку тайпасы туралы естімеген шығарсыз. Себебі бұл тайпа атауын автордың өзі ойлап тапқан. Повесте араку тайпасының тағдыры мен осы тайпадан шыққан Эдуард Бейкердің өмір жолы өзара ұштаса баяндалады. Өлгенді тірілтіп, медицинада талай феномен жасаған дәрігердің өмірі алғашында оқырманға сүйсінерлектей көрінеді. Кейін ғана оның қайғы-қасірет атаулыны алты жасында басынан өткеріп тастағаны мәлім болады. Бір өкініштісі, зұлымдық қасіретін тек Эдуард қана емес, тұтас бір тайпа шеккен.

ШЫҒАРМАДАН ҮЗІНДІ:

«Біз жұмсақ диванда жатып, қосыла алмаған екі жас туралы романдар оқып немесе фильмдер көріп, көзімізге жас аламыз. Біз бір адамның тағдыры үшін жер жүзінің прессаларын шулатып, ұрандар ұстап, көшеге шығамыз, қылмыстының жазалануын талап етеміз. Өлім жазасына бұйырамыз. Ал тұтас бір нәсілдің, бірнеше халықтың құрып кетуін қай тілде суреттеп беруге болады?..»


«Парасат майданы»
Бұл шығармасы үшін Төлен Әбдік Франц Кафка атындағы Еуропалық алтын медаль иегері атанды. Повесть күнделік түрінде жазылған. Ауруханада жатқан күнделік иесі өзінің соңғы кездерде біртүрлі жағдайға душар болғанын, күнделікте жазылмаған күндерде не істегенін есіне түсіре алмай жүргенін айтады. Бір күні бейтаныс жаннан келген хат - басты кейіпкердің ішкі әлеміне тың өзгеріс әкеледі. Ойы мен түсінігі өзіңе кереғар беймәлім құрбысымен ол жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық секілді ұғымдар төңірегінде хат арқылы бір ай пікір таластырады. Оның кім екенін білгенше тағат таппайды. Дәрігер бұл сұрағына жауап бергенде, ол қатты шошығаннан есінен танып қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет