Парасат майданының суреткері (Төлен Әбдікұлының өмірі мен шығармашылығы хақында)



бет3/4
Дата06.10.2023
өлшемі5,94 Mb.
#113326
1   2   3   4
ШЫҒАРМАДАН ҮЗІНДІ:
«Рухани әлемде екi бағыт бар: бiрi - пенделiк мүдде, екiншiсi - биiк парасат пен iзгiлiк құдiретi. Пенделiк мүдде, негiзiнен, тобырға жақын, ал биiк парасат - сирек тұлғалардың еншiсi.»

«Оң қол» «Оң қол» - Төлен Әбдіктің жиырма бес жасында жазған алғашқы әңгімелерінің бірі. Әңгіме психиатриялық ауруханаға түскен 17 жастағы Алма туралы. Сұлу бойжеткеннің сырқаты - жан түршігерліктей қорқынышты. Қыз қалың ұйқы құшағына кеткен шақта, оң қолы өзін қылқындырып өлтіруге әрекет жасайды. Дәрігерлер аурудан арылудың сан түрлі амалын жасағанмен, Алманың оң қолына бөгет бола алмайды. Ақырында Алманы емдеуші дәрігер қолын алып тастау керек деген шешімге келеді. ШЫҒАРМАДАН ҮЗІНДІ: «Жер бетінде бүкіл тіршлілік атаулы жойылып, әлемде жалғыз қалған бір сәтіңді елестетіп көрші. Мұндайда өлім қорқынышты емес, керісінше тірлігің қорқынышты болмақ.»


«Ақиқат»
Бәріміздің бір кездері «Эх, шіркін өзгенің ойын оқи алсам ғой» деп қиял жетегіне берілгеніміз анық. Фантастикалық повестің бас кейіпкері Роберт сондай көріпкелдік қасиетке ие. Он жыл бойына полицейлер қылмыскерлерді ұстау үшін Роберттің көмегіне жүгініп, әбден титығын шығарады. Айналасындағылар оны әлемдегі ең бақытты жан санағанмен, өзі бұл қабілетін сорына балайды. Себебі ол өзіңе күліп қараған сырты бүтін адамның шын мәнінде іші түтін екенін бір мезетте біле алады.
ШЫҒАРМАДАН ҮЗІНДІ:
«Тіпті қайдағы бір мағынасыз, жаңсақ мақсаттармен салынған әуре пирамидалар тарихта қалады, ал ең маңызды зат - осыны салған адамдардың ауыр азабы, көз жасы қалмайды.»
«Қайырсыз жұма»
Алты жыл бойы министр қызметін атқарып жүрген Әбен Ілиясович үшін әдеттегі қайырлы жұма енді қайырсыз болды. Жұмыста қателікке бой алдырмағанына қарамастан, жұма күні оны қызметінен түсіріп тастайды. Бұл тосын хабар жұмысқа жан-тәнімен берілген Әбенді әбден есеңгіретеді. «Қызметімнен басқа өмірде қандай қызық бар еді?» деп ойланғанда, сұрағына жауап таба алмайды.
ШЫҒАРМАДАН ҮЗІНДІ:
«Біреуге күжірейіп, біреуге кішірейген заманда билік туы тігілген жер біздің көзіміз жететін жерде емес»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет