Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет1/37
Дата02.01.2017
өлшемі8,22 Mb.
#1000
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
45minut.kz – 45minut.org 
Ұстаздарға арналған басылым редакциясы
ЖОО МЕН ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ 
САПАСЫН ДАМЫТУ (ӘДІСТЕМЕЛІК ОҚУ ҚҰРАЛЫ)
ТОПТАМА МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН
Редактор: Нағиев Ізгілік 
Байдрахманұлы
Алматы, 2016

УДК 37.0(075)
ББК 74.00 - 7
Ж 68 
ЖОО МЕН ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ САПАСЫН ДАМЫТУ 
(ӘДІСТЕМЕЛІК ОҚУ ҚҰРАЛЫ) /Редактор  І. Б. Нағиев. – Алматы, 2016. – 264 б.
Ж 68 
ISBN 978-601-7579-20-3
«Нұрлы жол»  - «Мәңгілік елге» бастау алған сара жол, болашақтың басты бағдары,
жаңа   істер   бастамасы.   Бұл   тіркестің   өзінде   терең   ассоциациялық   мән   бар.   Бұл   —
дағдарыс кезеңінен шығу жолы, инфрақұрылымдардың дамуы, жаңа жолдардың салынуы,
экономикалық серпілістің жалғасы, әлеуметтік әл-қуаттың артуы. 
Оқу үрдісін жандандыру, педагогикалық инновациялық тәжірибе жинақтап тарату,
оқытудың   әдістерімен   тәсілдерінің   пәнді   игерудің   тың   технологиясын   іздестіру,
оқушылардың   білім   деңгейін,   оқу   ынтасын,   белсенділігін   арттыруды   тәжірибеде   іске
асыратын, шығармашылықпен, ғылым мен тәжірибе тоғысында заман талабымен жұмыс
жасайтын,   білім   беру   жүйесін   дамытуға   ықпал   ететін   дарынды   ұстаздарды   анықтау
мақсатында   өткізілген   іс-шараларға   қатысушы   ұстаздар   еңбектерін   (материалдарын)
жинақтау, республикалық деңгейде бір жерге топтастыру жұмыстары жүргізіледі.
ТОПТАМА МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН 
УДК 37.0(075)
ББК 74.00 - 7
ISBN 978-601-7579-20-3
© ред. Нагиев И.Б., 2016
2

АНА
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, 
№28 «Ақбай» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет 
пәнінің мұғалімі  Торегелдиева Жанат Кұралбекқызы
Мен өз анаммен мақтана алам,
“Деп”бүкіл әлемге мен жар саламын.
Анам менің ақылды, парасатты,
Алтын құрсақ көтеріп перзент тапқан.
Апа, өміріме нәр берген шуағымсың,
Апа,көңіліме мән берген құмарымсың.
Сәл көрмесем өзіңізді сағынамын,
Тағат таппай шыдамым таусылады.
 
Есейдім мен, есейді перзенттерің,
Барлығыда өз шаңырақ иелері.
Есейіп кетсек-дағы әлі күнге,
Сағынам “жәнөк” деген сөзіңізді.
Өмір ағым еркелетер әр тарап,
Өте шығар аққан судай шартарап.
Кешегі бал отбасының кенжесі,
Ана болған бес перзенті қолғанат.
Түсінбедік еркеліктің назымен,
Қадіріңді білмеппіз-ау анашым.
Қиын болды жүрек сезеді ап-анық,
Мойымадың, еш уақытта қамығып.
Бар өмірін перзенттінің бақытына арнаған,
Менің анам дүниеде асыл ана әрқашан.
Перзенттерін жеткізуде талмаған.
Батырлықтың ең ұлысы бұл ерлік.
Сол ерліктің жемісі ғой анашым,
Өскен- өнген ұрпақтардың тобы шын.
Армандаған перзенттердің қызығын,
Нәсіп етіп, көріп отырсыз бүгін шын.
Бәрі жақсы, бірақ шіркін кәрілік,
Келіп жетті-ау қуанышпен алысып.
Қартаюдың сұлу түрі сізде бар,
Бар адамға бұйырмайтын сұлулық.
Тұла бойың тұнып тұрған тәрбие,
Таусылмайтын кені де бар ақылдың.
Өзіңе ұқсап ана болдық бәріміз,
Бар өнері сүтіменен дарыған.
Дүниеде аналардың бәрі асыл,
Менің анам асылдардың асылы.
Дүниеде аналардың бәрі асыл,
Менің анам асылдардың асылы.
* * * * *
БАЛА МІНЕЗІН ТӘРБИЕЛЕУ
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы
МКҚК "Балбұлақ" мектепке дейінгі ұйымның психологы 
Дүйсенбаева Майра  Бақытжанқызы
"Бала нені білсе жастан, ұядан –  өле өлгенше соны таныр қиядан" Қазақ мақалы
   Бала ата-ананың адамгершілік өмірінің айнасы. Мектеп пен балабақша,  ата-ананың міндеті-әр балаға бағыт беру. Бақыт
сан қырлы. Бұл-адамның өзінің қабілеттерін ашып, еңбекті сүйіп, оның   жасампаз   болуына, балаларды нағыз адам етіп
өсіруде.   Тек   ата-аналармен   бірлікте   ортақ   күш   –жігер   жұмсау   арқылы   ғана   мұғалімдер,тәрбиеші-педагогтар   балаларға
адамдық үлкен бағыт бере алады.   Баламен достаспай, онымен рухани қарым-қатынаста болмай тұрып,тәрбиелеуді қара
түнекке анасымен салыстыруға болады.  Балалық шақтың қалай өткендігіне, баланы балалық жылдарында қолынан кімнің
жетектегеніне, қоршаған дүниеден оның санасы мен жүрегіне ненің енгеніне, бүгінгі балдырғанның қандай адам болуып
өсуі шешуші дәрежеде осыларға да байланысты.
       Тұрмыстық сипаттағы   және рухани мәдениетке тән қымбат дүниелер жас ұрпақтың еншісіне көбірек тиген сайын,
тәрбиелеу соғырлұм қиындай түседі. Тәрбиеге қатысы бар адамның жауапкершілігі соғырлұм зорая түседі.
         Жанұялық өмір, балаларды тәрбиелеу -өте күрделі әрі нәзік іс. Жанұялық өмірдің қуанышы,кемелдігі әке де, ана да
бақыттың көзі-бастауыш үнемі толықтырып, оған бір нәрсе қосып отырған жерде ғана болады. Сөйтіп, осы қайнар көзге
әйел, бала жайындағы қомқорлық аса маңызды үлес болып табылады. Баланың өмірінде өз қуаныштары мен қайғылары
болады. Ата-ана ол  қуанса, қуанып, бірдеңеге мұңайса, мазасызданады. Ал, өзімшілдіктің негізі адамгершілік сезімдердің
тәрбиесіздігін көрсетеді. Балалық өзімшілдік қауіпті, өйткені бұл ата-ананың балаға сәл ғана жол беруінен басталады.
 Өзімшілдік әрекеттер балалар ересектердің, ең алдымен ата-аналардың, мүдделеріне нұсқан келтіру есебінен туындайды.
Тәрбиелеу   ісіндегі   барлық   қиындықтар   мен   олқылықтар   мектеп   пен   жанұя,   баланың,   жас   өспірімдердің   күштерімен
мүмкіндіктері еңбек етуді қатаң талап еткен кезін байқамай жіберіп алған уақыттан болады. Еңбек әрекетсіздікке уақыт
қалдырмағандықтан  ғана  емес,адамды  жалпы тәртіпке   келтіріп  отырады.  Айғай  шу  адам  қатынастарында  мәденитеттің
жоқтығының   айқын   белгісі.   Жиі   ұрыс   естіген   балалар     басқа   адамдардың   сенімдерінің   аса   нәзік   мәнерін   қабылдау
қабілетінен айырылады да, бұл ерекше қорқынышты шындыққа, әділеттілікке деген сенімінен айырылады. Айғай балалық
арды тұншықтырады.
   Сөз-адамның жан дүниесіне нәзік жанасу. Бұл нәзік, жұпар шашқан гүлді ізгілікке,сенімге оралатын нәрлі су да, өткір
пышақ та, қызған темір де, лас кесек те бола алады.  Бала жаны нәзік, ойы адал, сезімтал да толқымалы. Сол нәзік жанды
майыстырып   алмай,   адал   ойға   дақ   салмай,   толқымалы   сезімді   дұрыс   тәрбиелеу   ата-ана   мен   мұғалім,   тәрбиешілердің
тынымсыз жұмыс істеуіне байланысты. Мінезді дұрыс қалыптастыру үшін өз мінезіңнің жақсы, шебер тәрбиелік қасиеті
болуы керек. Әсіресе, бұл жерде мектеп пен балабақша, отбасының бірлігі керек. Бала ісінің екенін қоштап, оң бағыт беріп,
теріс   жерін   дереу   жөндеп,   демеп   жіберу   ата-ана   мен   тәрбиешілерге   жүктелер   міндет.   Бала   мінезіндегі   тіпті   елеусіз
3

жайларды да ата-анамен мұғалім ескерісіз жібермей, бақылап отырған жөн. Ол ата-анасына әлдеқалай қарсы келсе, әке-
шешенің балаға ұрысуының, «енді қайталама» деп мүсіркеудің керегі жоқ, адаса берсе жарға соғып, мерт болатынын, әке-
шешесін сыйлай білмейтін адамды ешкім жақсы көрмейтінін түсіндіру керек. Бала әке-шешесінің көңіл-күйін қабағынан
танып, сыйлап тұрса, басқа адамдармен де қатынасы сондай болса, құрметке бөленеді.
* * * * *
БІЛІМ ЖОЛЫ-НҰРЛЫ ЖОЛ
№2Қашар орта мектебі» КММ математика пәні мұғалімі
Мусаева Тургангул Ташкуловна
Білімді адам ешқашан қор болмайды.Осы білім жолы арқылы талай-талай ғалымдарымыз,қала берді түрлі мамандық 
иелері білімнің ең биік шыңына шыға алды.Тынбай ізденудің,талмай еңбектенудің,жалықпай білім алудың арқасында 
отанымызға,елімізге,халқымызға үлкен жетістіктер алып келді,ал өздері халық қалаулысына айнала алды.
Заманымыздың заңғар жазушысы,еңбек ері атағын алған Ғ.Мүсірепов: Мен жастарға «Алдарыңда таудай талап тұр.Өмір
заңғарлары үнемі биікке шақырады.,оған жету үшін талмай ізденіңдер»дер едім.Жастарға тоғышарлық,бойкүйездікдертінен 
аулақ,сергек,сезімталболған жарасады, - деп өсиет айтады.
Еліміздің жарқын болашағы,өзіміз қызмет етіп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне,балаларға деген 
сүйіспеншілігіне,кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы білеміз.Шындығында мұғалімнің алдында  оқушыларға білім 
мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр.Әрбір оқушыны оқытып,тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және 
шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.
Маңызды мәселелерді шешуде жас ұрпақты сапалы да саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны 
ерекше. Қазіргі заман – математика ғылымының өте кең, жан- жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай математикалық білім 
берудің басты шарты- математикалық мәдениетіліктің деңгейін көтеру болып табылады. 
• Математика сөзінің өзі грек тілінде білім, ғылым деген мағына береді. Олай болса ежелгі замандардан- ақ 
математикалық білімді ғылымдықтың жоғары дәрежесі ретінде қабылдаған. 
• Математика – ғылым болмысынан балма ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – 
күре тамыры ретінде қарастырылады; 
• Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және шыңдай түседі. 
• Математикалық тілде тілдесу қабілетін қалыптастыру арқылы оқушының сөз коммуникациясы, яғни сөйлеу 
мәдениетін дамытады; 
• Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап түсінуге көмектеседі; 
• Математиканың болашақ тұлғаның моральдық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан да тәрбиелік мәні бар. 
Н. Ә. Назырбаев «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Ендеше 
біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін қарқынды жола қоюымыз керек» деп міндеттейді. 
Біз осы пікірдің өзінен-ақ білім беру жүйесін әдәс-тәсілдеріне жаңаша құрылыммен келу керектігін көреміз. 
Білім сапасын арттыруға негізгі әсері бар сабақ екені белгілі. Сабақтар барлық талаптар ескеріле отырып өткізіледі 
Сабақ өткізбес бұрын сыныптағы әрбір оқушының білім жағдайын анықтап аламыз. Олармен істелетін жұмыстар да 
алдын-ала белгіленгені жөн. Мектепте сапалы білім беру, баланы оқытуда, тәрбиелеуде басты міндет - балалардың 
қабілеттерін жан-жақты ашу.
Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. 
Заман талабына сай сабақ беру әдіс-тәсілдері де жаңарып, жаңаша технологиялар мен модульдар анықталуда.
Сондықтан мен өз сабақтарымда мүмкіндігінше оқушыларды өз беттерімен  ақпараттар іздеуге, қосымша 
материалдарды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен анықтай алуға үйретемін. Осы тақырып төңірегінде
жұмыс жасау барысында мен бірнеше ашық сабақтар өткіздім. Сабақтарымда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 
пайдаландым.
Оқушылардың білімге ықыласын,ынтасын,қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі – сабақта ойын 
түрлерін қолдану.Ойын,білім алу,еңбек ету – адамның негізгі қайраткерліктері.Ойын әрқашан кішкене білім,кішкене білім 
бола отырып,баланы білім алуға ,еңбекке дайындайды.
Сабақта ойын түрлерін пайдалану
Ойын түрлері оқушының  ой қабілетін  арттырумен бірге сабаққа белсенділігін, қызығушылығын оятып, ізденімпаздық, 
зерттеушілік, шығармашылық қабілетін дамытады.Ойынсыз ақыл- ой  қалыпты дамымайды. Ойын арқылы баланың рухани 
байлығы өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік қалыптасады.Ойындар — тек денені ғана емес, ойды да 
жаттықтырушы. Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы 
беруді көздеген.Ойын бала табиғатымен егіз.Өйткені ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес.
Ойындарды бүгінгі педагогикалық ілімдер талаптарына сай іріктеп, ретімен қолданып отырсақ, сабақтың сапасын 
көтеріп, тиімділігін арттырамыз, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жандандыра түсеміз. Сондықтан кез-келген сабақты 
өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Математика сабағында баланың логикалық ойлауында дамытатын 
ойындар «Қатесін тап», «Сиқырлы қоржын», «Анаграмма», «Көрші-көрші»,  «Логикалық ойындар» , «Кім жылдам?»,  
«Ойлан тап», «Лабиринт», «Криптограмма»  т.б. «Математикалық жарыс»,  «Математикалық  шытырман»  т.б.ойындарын 
ойнауға болады.
*****
4

 Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы, КММ " Мектеп негізгі мектебі"
Бастауыш сынып мұғалімі Канафина Мадина Бейсеновна
 
Тақырыбы:  Мейірімділік – асыл қасиет
Мақсаты: Оқушыларға мейірімділіктің мәнін аша отырып  сүйіспеншілік құндылығын ұғындыру.
Міндеттері:
-        Өз жақындарының ішкі сезімдерін түсіне білуге, адамдарға тек мейірімділік  нұрын себе білуге тәрбиелеу.
-        Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. 
-        Оқушылардың бойында қайырымдылық, қамқорлық, сыйластық, түсіністік қасиеттерін  дамыту;  
Сабақ барысы: (Сабақтағы жағымды күйге келу)          Тыныштық сәтi: «Нұрға бөлену»
Үй тапсырмасын тексеру
№ 24 сабақ   В.Осееваның «Жай ғана әжей» әңгімесін түсініп оқу, сахналау.
1.     Оқушылардың мейірімділік туралы пікірлері  әңгіме мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауаптары арқылы 
тыңдалады.
* Сендердің осындай оқиғаға кездесулерің мүмкін бе?
* Бұл оқиғадан не үйрендік?
* Абзал мен Айнұрдың ой-пікірлері туралы не айтасыңдар?
* Сіздер айналаңа мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөленесіңдер?
2. Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
2.      Дәйексөз : (Жағымды ой- пікір)
Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық,     адалдық ақ жүректен шығады.   Шәкәрім Құдайбердиев
Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу.
  Барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады.Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді 
болуы сондықтан.Адамдарға, айналаңа мейірімді болу жақсылық жасауға жетелейді.
3.     Әңгiмелеу : (Мұғалім сыйы)             Мейірімді және ілтипатты бол!
   Ұстазға жас жігіт келіп шәкірттікке қабылдауын сұрайды.
-        Ол саған не үшін керек ? деп сұрайды ұстаз.
-        Қайратты да қайсарлы  болғым келеді.
-        Енді болмайсың ба? Айналаңа  мейірімді, кішіпейіл  және ілтипатты  бол. Мейірім  мен ілтипат  арқасында  елдің  
құрметін  аласың. Ішкі дүниең  тазарып  мейірімге толады, яғни, жігерлі  боласың. Ілтипаттың  арқасында  кішкентай да 
болса, өзгерістерді  байқайтын  боласың да, көптеген  қиындықтарды  алдын ала  болжай аласың, яғни, ұрыс – 
қақтығыстарға  кірмей  тұрып  оларды  жеңіп  шығасың. Талас – тартыстардың  алдын  көре  алатын  боласың, ешкім  жеңе 
алмайтын  қайратты  боласың.
-        Қалай сонда?
-        Иә, ешкім сені  жеңе  алмайтын  болады,  өйткені  ешкіммен егеспейсің. Жігіт  кетіп  қалады. Бірақ  бірнеше  жыл  
өтіп,  ұстазға  қайтып келеді.
-        Не  іздедің? – деп  сұрайды  қария.
-        Сіздің  аман – саулығыңызды  және қандай да  бір  көмегім  керек  пе? – деп сұрайын  деп келдім...
Сол кезде  ұстаз  жас  жігітті шәкірттікке  алады.
Әңгіме желісі бойынша сұрақтар
 * Жас жігіт ұстаздан  не себепті шәкірттікке қабылдауды сұрады?
* Ұстаз  жас жігітке   қандай  ақыл- кеңес  берді?
* Жас жігіттің ұстазға келгендегі мақсаты не деп ойлайсыңдар
*Айналаңа  мейірім  тарату  дегенді  қалай түсінесіздер ?
•  Мейірімділікті басқаларға   қалай көрсетер едің?
    5 Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1 топқа: «Мейірімділік» атты кестесін толтырады.Мұндағы бірінші бағанға –мейірімді істерді, екінші бағанға – мейірімді 
адамның қасиеттерінің тізімдемесін жасайды.
2 топқа: «Мейірімділік- асыл қасиет» коллаж   Тапсырманы орындап болған соң оқушылардың жауаптары тыңдалады
Формативти бағалау 
6 Топпен ән айту. « Бала тілегі»   Сөзін жазған С. Молдасанұлы  Әнін жазған  Ф.Лұқпанова
Бал – балалық , балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым, әндетіндер, билендер,
Гүлденсін деп атамекен қара орман.
Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік- ұлан байтақ елімді,
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.
7. Үй тапсырмасы: Енгін Көсеоғлұның «Жан Ана» әңгімесін түсініп оқып келу.
8. Сабақтың қорытынды сәті. Бүгінгі сабақта не үйрендік?
Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік  туралы  білдік.  Адамдар бір – біріне жылы сезімін 
білдіріп, тек жақсылық ойлау, игі іс жасау арқылы мейірімділік танытады. Адамдардың бір- біріне деген мейірім шапағаты –
әдептіліктің белгісі. Бүгінгі сабақтан алған әдемі әсерлеріңізді жүректеріңізге сақтап алыңыздар.
9    Кері байланыс
* * * * *
5

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы МКҚК "Балбұлақ" мектепке дейінгі 
ұйымның  "Айналайын" тобының тәрбиешісі  Елемесова Балғынгүл Ерсайынқызы
Сайыс:   «Жомарт күз»
Мақсаты: Балалардың  күз  туралы ұғымын кеңейту, спортқа  қызығушылығын арттыру, ата- аналардың балабақшамен 
тығыз байланысын дұрыс жолға қою, достыққа, жолдастыққа тәрбиелеу.
Қажетті  құралдар:  Күзгі өнімдер, қолшатыр, жапырақтар, ойыншық  машиналар.
Өтілу барысы:
Тәрбиеші:                                    Буырқанды   күзгі  дем !
                                                     Бұтағынан үзілген,
                                                     Ай жапырақ сары алтын
                                                    Айналаның бәрі алтын
                                                     Берекелді , күз келді !
                                                     Мерекелік күз келді !
Құрметті ата – аналар, қонақтар, бүлдіршіндер. Күз мерекесіне арналған «Жомарт  күз» атты сайысымызға қош  келдіңіздер!
Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін  мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге, «күз күз жомарт», «алтын күз» деп баға
берген. Алтын деген себебі, біріншіден айналаның бәрі сап – сары алтын түстес екіншіден  алтын байлықтың белгісі.  
Жомарт  деген себебі, піскен жеміс – жидек, көкөніс астық табиғаттың күзгі сыйы. Міне  екеуін аттастырып «Алтын күз» 
деп атаған. Күзде егінді жинап, болған соң ата  - бабаларымыз «Сабан той» деп күз мерекесін тойлаған. Ендеше  «Жомарт 
күз» атты отбасылық сайсымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
                                                 Сайыста     озып  шығар жүйріктері.
                                                 Әрқайсысы бақтарын көрер енді.  
                                                 Қанекей өрендерім сайысқа шық,
                                                 Таң қалдыр көрерменді !
 Сайыскерлеріміздің қадамы құт болып, мәртебесі биік болсын  деп тілектестік білдіре отырып, сайыскерлерімізді 
қошеметтеп ортаға шақырайық.
                                                    Олай болса не тұрыс
                                                   Сайысымызды бастайық.
                                                   Әділ баға қалтасы толы,
                                                   Әділқазыларды шақырамыз.
Әділқазылар алқасын сайлап алайық. Енді сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін. Сайыс 5 турдан тұрады.
1  Командалардың сәлемдесуі ұраны эмблемасын танытыру.
2 «Жаңбыр жауып тұр»       3 «Ауланы тазартайық»  4 «Көкөністерді тасу»     5 «Кім  шапшаң»
                                               Ал, қане, бір- бірімізді қостаймыз
                                               Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
                                               Жеңіске жетеміз деп,
                                               Жалынды ұран тастаймыз.
Сайысымыздың бірінші бөлімі бойынша командалардың бір -  бірімен сәлемдесуі және эмблемаларын танытыру. Олай 
болса сайысымызды бастайық.
                                               Ұшты талдан жапырақ.
                                               Сары көбелек секілді.
                                               Аспанда жай шатырлап,
                                              Жаңбыр жерге төгілді.
Сайысымыздың екінші бөлімі бойынша «Жаңбыр жауып тұр»  Ойын шарты: Ақтарына резеңке етік киіп, қолдарына 
қолшатыр ұстап, кедергі арасымен жүгіріп барып, кедергі арасымен жүгіріп қайту.                                 
                                               Көбейтті құт береке
                                              Астық толы қамбамыз.
                                              Құтты болсын мереке
                                              Алтын күзді тойлаймыз.
Балалар сендер ойын ойнағыларың келеме ? Олай болса «Қырмандағы астықты қоймаға  әкелу» атты ойынды ойнаймыз. Әр 
ойыншы  қапшықты қырманнан қоймаға тез алып келу керек.Ортаға «Балбөбек»  тобынан және «Аққайын»  тобынан бір 
баладан шыға қойындар.  Балалар жарайсындар сендер өздеріңнің шапшаңдықтарыңды ептіліктеріңізді көрсете 
білдірдіңдер.Енді сайысымыздың үшінші бөлімі бойынша «Ауланы тазартайық» деп аталады. Ойын шарты: Сарғайып 
түскен жапырақтарды жинап,  шелекке салып, кедергі арасымен жүгіріп  қайту. Балалар   сендер қандай көкіністер мен 
жеміс – жидек түрлерін  білесіңдер?
-Дұрыс айтасыңдар!   Оларға дұрыс күтім жасасақ олар бізге мол өнім береді. Олай болса  көкөністермен жемістерімізді 
ортаға шақырайықшы.
Айсезім:                                   Мен  алмұртпын, алмұртпын
                                                  Күзде жинап алатын.
 Бек:                                       Мен алмамын, алмамын,
                                              Таңдайда қалар бар дәмім.
 Мандира:                             Мен шиемін, шиемін.
                                               Күннің көзін сүйемін.
Мансур:                                Қабат -  қабат киінін
                                              Қырық қабат атандым.
Бекасыл:                              Мен жүзіммін, жүзіммін
                                             Моншақ болып тізілдім.
                                                 Берексін сыйлауға,
                                                Өлкемізге күз келді.
6

                                                Көкіністерін жинауға ,
                                                Шақырады біздерді.
Сайысымыздың төртінші бөлімі бойынша «Көкөністерді  жинау» деп аталалы.  Ойын шарты: Жерде өсіп жатқан 
көкөністерді   балдарыңыз жинап арбаға салады  ал аналары   арбаны сүйреп жүреді. Келерде  кедергі арасымен жугіріп 
қайтады. Сайысымыздың бесінші бөлімі бойынша  «Кім шапшаң» деп аталады. Ойын шарты: Аналарымыз әртүрлі 
жемістерді уақтап турап, салат жасап дайындау керек. Салатттың  «Дәруменді» деп аталады. Осы салатты  тез 
дайындауымыз керек. Ал балалары мына   аршылған  бананды тез тауысып  жеу керек. Алдымен   балдарымызға кезек 
берейік. Енді келесі кезекті аналарымызға берейік.
                                               Сайыс сыры – көп жұмбақ,
                                               Шешуін кім табады,
                                              Кімдер шешсе тез ойлап,
                                              Жеңіске сол жетеді.
Сайыскерлеріміз дайын болғанша  көрермендерге күз мезгіліне байланысты  жұмбақтар жасырамын. Барлығымыз мұқият 
тыңдаймыз.
1    Жер бетінде шашы бар,
      Жер астында шашы бар,    ( сәбіз)
2    Қалың кигенді ұнатады,
     Шешіндірсең жылатады.    (пияз)
3  Сусыз піскен ас көрдім
     Домаланған бас көрдім.   ( қауын)
4   Көк лағым көгенде тұрып семірді  ( қарбыз)
5     Тікірейген мұрты бар,
       Дәнге толы ұрты бар.        (бидай )
                                      Келді міне бүгін  сын алуға.
                                     Сын алып үлкендерден үлгі алуға.
                                     Салты бар өнерлі осы ортада.
                                     Берер деп әділқазы әділ баға.
Әділқазыларымыз әзір болғанша  булдіршіндеріміздің «Жапырақтар» биін тамашалаңыздар!
Құрметті сайысқа қатысушы, аналар , балалар, сіздер бүгінгі өз өнерлеріңізді, күш жігерлеріңізді, шапшаңдықтарыңызды 
ортаға салып, шыныққан шымыр екендіктеріңізді  дәлелдедіңіздер.
Енді сөз кезегін әділқазы алқасына берейік. Қатысқан сайыскерлрге диплом сыйлықтар табысталды. Міне кеше ғана өзінің 
берекесі мен молшылығын ала келген алтын күз мерекесіне ұйымдастырып отырған «Жомарт күз» атты сайсымыз 
аяқтағалы отырмыз. Берекесі, мерекелі жомарт күздің сыйы әрбір отбасынан ақ дастарханынан арылмасын. Еліміз  аман 
болып, заманымыз тыныш болсын!  Келгендеріңізге көп  - көп рахмет.  Сау болыңыздар!
* * * * *


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет