Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет7/37
Дата02.01.2017
өлшемі8,22 Mb.
#1000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37

Тәрбиелік: Қазақ батырларының ерлігін жырлау арқылы, ерліктерін қастерлеуге баулу. Қазақтың тарихи тұлғаларын біліп, 
құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Ой қозғау, баяндау, психологиялық тренинг, тірек - сызба, сұрақ - жауап, сергіту сәті жалғасын тап, ойлан тап.
Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты слайдтар, суретшілердің туындылары,
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, бейнелеу.
Сабақ барысы:
І. Қызығушылығын ояту.
1. Әндетіп амандасу.
2. Психологиялық тренинг.
- Әрбір адам? Досым, сыныптасым
- Әрбір сабақ? Үйрену, оқу, іздену.
- Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық
- Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық
44

3. Ой қозғау стратегиясы.
- Балалар, қазақ халқының даңқын қандай батырлар шығарды?
- Қандай ерлік, Отан туралы мақал – мәтелдер білесіңдер?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
2. Ой шақыру. «Қазақ батырлары» тірек - сызба арқылы жұмыс
ІІ. Мағынаны тану. Баяндау әдісі.
1. Өнердегі қазақ батырларының көркемдік бейнесі. (Қазақ батырлары туралы видеофильмнен үзінді көрсету)
Қазақ батырлары Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Көрұғлы, Қарасай сынды қазақ 
батырларының есімдері ғасырлар бойы ұлттың мақтанышы болып ел есінде сақталуда. Неліктен дейсің ғой?! Қазақ 
батырлары мыңдаған жылдар бойы ұлан - байтақ туған ата мекенімізді жаудан қорғап, халықтың жауынгерлік рухын 
асқақтатты Батырлардың ерлігін мадақтап жырлаған қазақ жыраулары болды. Қазақ жыраулары батырлармен бірге жауға 
аттанып олардың рухын көтеріп жыр айтты. Батырлардың ерлігін баяндау қазақ өнерінің барлық саласынан көрініс тапты. 
Дегенмен, музыка және сурет өнерінде батырлар бейнесін сомдауда өзіндік ерекшелігімен дараланды.
Күйші өзінің күйіне батырдың бүкіл болмыс - бітімін 2 - 3 минуттан тұратын шығармасына сыйғыза білді. Ал, суретшілер 
болса өзінің бір ғана суретінде батырдың ер жүрек келбетін бейнелей алды. Бұл өнер түрлері бір ғана көркемдік бейнені 
сомдай отыра, әр түрлі қырынан аша түсті.
2. Музыка тыңдау.
Дәулеткерейдің «Көрұғлы» күйін «Мұрагер» фольклорлық ансамбілінің орындауында тыңдап көрелік!
Дәулеткерей «Көрұғлы» атты күйінде батырдың өжет әрі қайсар мінезін бейнелегендей әсер қалдырады. Күйді тыңдай 
отыра ер жүрек батырдың рухын, намысы мен жігерін көруге болады.
3. Музыка тыңдау.
Енді халық күйі «Қарасай» күйін тыңдайық.
Ал, «Қарасай» күйін тыңдағанда қан майдандағы ұлы шайқас көз алдыңа келгендей әсерде боласың. Күйде батырдың өзі 
емес, оның жаумен күресі көбірек бейнеленген. Бұл шығарма шайқас үстіндегі талас - тартыс, біріне – бірі беріспей жатқан 
күрес, аттың дүбірі мен қиян - кескі қырғын жанталас сияқты көңіл - күйді білдіреді.
4. Біліп ал!.
Евгений Сидоркин (1930 - 1982) — график - суретші. Қазақстанның халық суретшісі атағына ие болған. Суретшінің басты 
бағыты литография және линогравюра. Е. Сидоркиннің көптеген жұмыстары кітаптарды суретпен безендіруге арналған. 
Суреттерінің тақырыбы: «Қазақ халық ертегілері», «Көңілді алдампаздар», «Қазақ эпосы», «Қазақ халық ойындары», 
«Сәкен Сейфуллинді оқығанда», «Абай жолы» т. б.
Е. Сидоркиннің жұмысы қазақ халқының арасында кеңінен танымал болды. Себебі, Сидоркин еңбектері ұлттық нақышқа 
толы. Е. Сидоркиннің гравюралары техника жағынан қазақ текеметтері мен сырмақтарында пайдаланатын ақ және қара 
түстерді қолдануымен ерекшеленеді. Е. Сидоркиннің көптеген суреттері Мәскеу, Лейпциг, Краков, Венеция, Будапешт 
сынды қалалардағы халықаралық көрмелерге қатысып, жүлделі орындарға ие болған.
5. Түсініп ал!
- Графика – тушьпен немесе қарындашпен салған сурет өнерінің түрі. Суретті салуда 1 немесе 2 ғана түсті қолданады.
- Гравюра – графиканың бір түрі. Сурет кескінін ағаш, линолиум, тас немесе металдан ойып оны қағазға басып салу арқылы 
жасалатын сурет түрі.
- Литография – үгітілмелі жұмсаз тасқа сурет кескінін қашап салып, қағазға басып шығаратын сурет түрі.
- Линогравюра – линолиумде сурет кескінін ойып, қағазға басып шығаратын сурет түрі.
6. Галереяға саяхат.
Суретші Сидоркиннің «Батыр» «Жекпе - жек» т. б. шығармаларымен таныстыру.
Батырлар бейнесі Евгений Сидоркиннің шығармашылығында кеңінен орын алған. Суретші эпостық жырлардағы 
батырлардың бейнесін сомдайды. Е. Сидоркин өзінің суреттерінде батырлардың жаумен щайқасып, аттың шабысы, үркіп 
ұшқан құстарды бейнелей келе, асқан жауынгерлік рухты көрсете білді. Барлық образдар қимыл үстінде болғанымен, бір 
сәтке тына қалғандай әсер қалдырады. Суретшінің мұндай нәтижеге жетуі оның гравюра техникасын шеберлікпен қолдана 
білуінде. Ең басты гравюрада батырдың образы сомдалады. Суретші батырлар мен жауынгерлердің шайқас алдындағы 
көңіл - күйі мен ішкі жан тебіренісін, оның қимыл - қозғалысын бейнелеуге талпынады.
Күйді тыңдасаң да, суретті көріп тамашаласаң да нақты бір көркемдік бейнені көресің. Күйде аттың шабысын көбірек 
тыңдасаң, суретте жауға қарсы кұстай ұшуға даяр тұрған сақадай сай сәйгүлік аттарды көресің. Иә, қазақ батырларының 
бейнесін сомдаған музыка және суреттегі қимыл - қозғалыс бір сәтке тына қалып, өткен мен бүгінді жалғастырар мәңгілік 
ескерткіш іспетті болмақ!
ІV. Сергіту сәті. Жалғасын тап!
Мақал - мәтелдің жалғасын табу.
Батыр бір рет өледі.....
Қорқақ мың рет өледі.
Батыр туса – ел ырысы....
Жаңбыр жауса – жер ырысы.
Шешен сөз бастар....
Батыр қол бастар.
Батыр майданда шынығады.....
Болат қайнауда шынығады.
Ойлан тап!
- Аттардың иесін табу
7. Дауыс жаттығулары
8. Ән айту. С. Сейфуллин «Тау ішінде» әнін үйренуді әрі қарай жалғастыру.
- Әнді хормен үйрету.
- Әнді топқа бөліп айтқызу.
- Кейін жеке оқушыларға орындату.
45

- Әнді аспаппен үйреніп болған соң минусовкамен орындатамын.
ІІІ Ой толғаныс. Сабақты бекіту
Сұрақтар:
1. Таңбалы тастардағы суреттерді графика түріне жатқызуға бола ма?
2. Күйші батырлар бейнесін өз шығармаларында қалай бейнелейді?
3. Бауыржан, Әлия, Мәншүк сынды ұлдарымыз бен қыздарымызды батырлар деп айта аламыз ба?. Ия, оларға Кеңес 
Одағының батыры деген атақ берілген.
4. Қазіргі заманда осындай батырлар бар ма?
ІҮ Бағалау. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығына, белсенділігіне қарай мадақтай отырып аттың тағасымен 
бағалау. Алтын таға - 5, күміс таға - 4
Үйге тапсырма:
* * * * *
ОҚО, Сайрам ауданы Арыс ауылы №12 Т.Рустемов атындағы 
мектеп-гимназиясының инфарматика  пәні мұғалімі Анаров Бахтиёр Абдилакимович
Сабақтың тақырыбы: Практикум. Аралас құжаттар құру.
Мақсаттары:
- оқушылардың мәтіндік және графикалық ақпРЯЧсаратты өңдеу тақырыбы бойынша алған білімдерін пысықтай отырып, 
«Алтын сақа» ойынын ұйымдастыру және пәнге деген қызығушылықтарынарттыру;
- білімдерін, ой-өрістерін дамыту және халқымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге баулу;
- білімді, қоғамшыл, арманшыл ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын материалдар: асықтар, түрлі-түсті конвертер, қоржын, презентация.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Құрметті оқушылар. Бүгінгі сабақта «Алтын сақа» ойынын ойнап, практикумның тапсырмаларын орындаймыз. 
Қазақстанның болашағы сіздерсіз – жауапты да жігерлі, білімді, ата-бабамыздың салт-дәстүрін сақтайтын ұрпақ.Еліміздің 
патриоты болу үшін білімдеріңді кеңейту мақсатында «Алтын сақа» ойынын ойнайық.
Ойыншыларды анықтау үшін 10 сұрақ беріледі. Кім толық және көп ұпай жинайды сол оқушылар ойынға қатысады. 
(Немесе сыныпты төрт топқа бөлуге болады).
І кезең. «Табалдырық» .
1. Суретті мәтінге қосу тәсілдерін атаңдар.
2. Абзацты пішімдеу негізгі параметрлері қандай?
3. Сызғыш не үшін керек?
4. Палитра дегеніміз не?
5. Суреттің фрагментін қалай бұрамыз?
6. Пиксель дегеніміз не?
7. Қандай графикалық редакторларды білесіңдер?
8. Мәтіндермен жұмыс істеуге арналған қандай программаларды білесіңдер?
9.Мәтін элементтерін атаңдар.
10. Мәтін бойынша жылжу пернелерін атап беріңдер.
ІІ кезең. «Әудемжер» . 4 конвертте бір-бір сұрақ жасырылған. Ойыншылар асық иіріп, өз кезектерін анықтайды: алшы 
-1,тәйке-2, шік -3,бүқ -4. 
- Ойынға қатысушылары анықталды. Олар асық түрлерін таңдайды. (қызыл,көк,жасыл,ақ)
- Осы түстер туралы не білесіңдер?
- Асық ойындарын атаңдар. (Қосымша мәлімет мұғалім береді, презентация слайдтарын көрсету).
Сұрақтар:
1.Мәтіндік редакторында  түзеудің қандай түрлерін білесіңдер?
2. Табуляция не үшін керек?
3. Тізімнің қандай түрлерін білесіңдер?
4. Мәтіндік және графикалық редакторлар өзара ақпаратпен қалай  алмаса алады?
ІІІ кезең. «Беласар». 
-Бұл кезеңде сіздер 22-наурыз мерекесіне ашықхат әзірлейсіздер. Мәтіндік редакторда құттықтау немесе өлең жолдарын 
теру және оған Paintа салынған графикалық бейне қою керек.
1. Анаға арналған ашықхат.
2. Мұғалімге ашықхат.
3. Әжеге ашықхат.
4. Құрбы қызға арналған ашықхат.
Қосымша сұрақтар: Наурыз мейрамында  қандай асық ойындары ойнатылады?
Асық ойынын бір түрін оқушыларға көрсетіңдер.
IV кезең. «Жерұйық».
- Оқушылар үйде дайындап әкелген жұмыстарын қорғайды. Ребус, кроссворд. 
V кезең. «Алтын көмбе»
- Бұл кезеңде оқушылардың білімдерін тексеру үшін тест өткіземіз.
ІІ. Сабақты қорытындылау. Жеңімпаздарды анықтау. Бағалау. Марапаттау. 
ІІІ. Үй тапсырмасы
* * * * *
46

ОҚО, Сайрам ауданы Арыс ауылы №12 Т.Рустемов атындағы мектеп-гимназиясының
 физика  пәні мұғалімі  Артиков Зафаржан Махаммаджанович  
Күш және масса 
11 нұсқасының «А» деңгейі
64. Көлемі 2 л өсімдік майының массасы m=1840 г.Майдың тығыздығы қандай?
65. 3 Н  күш әсер еткен кезде 6 см ұзарған серіппенің қатаңдығын табыңдар.
66. Массасы 2 кг ыдысқа көлемі 6 л бензин құйылған.Ыдысты көтеру үшін қандай күш жұмсау керек?
«В» деңгейі
67. Көлемі 15∙10 м³  заттың массасы 110-ға тең болса, осы заттың 1 м³-нің массасы қандай?
68. Гипстен жасалған плитаның іші қуыс болады, массасы 5 кг, көлемі 0,0042 м³ плитаның ішіндегі қуыстың көлемі қандай?
69. Мензуркадағы көлемі   V
1
=110 мл суға шыны тығын салғаннан кейін судың көлемі       V
2
=180 мл болған.Тығынның
массасы қандай?  ρш=2,5∙10³ кг/м³.
«С» деңгейі
 70.Массасы 3кг ағаш білеушені қатаңдығы 100 Н/м серіппенің көмегімен ағаш тақтайдың бетімен бір қалыпты сүйрегендегі
үйкеліс коэффициенті 0,3 ке тең болса, серіппе қаншаға ұзарады?
71.Темірден және алюминийден жасалған заттардың көлемдері бірдей. Егер темірдің массасы алюминийдің массасынан
12,75 г артық болса, осы заттардың массалары қандай?
    ρ
1
=7,8 г/см ³;           ρ
2
=2,7 г/см³;
72.Қабырғаға сүйеулі тұрған сүймеге әсер 
ететін күштерді атаңдар және оны салып көрсетіңдер.
   Күш және масса
                                                  ІІІ нұсқасының «А» деңгейі
73.Бальза- ең жеңіл ағаш. Оның 100 см
3
 көлемінің массасы 12 г. Бальза ағашының тығыздығын
есептеңдер.
74.Машина 3 т жүк тасымалдауға арналған.Әрқайсысының ұзындығы 2 м, ені 80см және қалыңдығы 2мм болыпкелген темір
текшелерінің қаншасын тиеуге болады?
75.Салмағы 800 Н адамның массасы қандай?
                                                                         «В» деңгейі
76.Көлемі 1м
3
 және тығыздығы 240кг/м
3
 тығыннан жасалған пластинаны көтере алар ма едіңдер.
77.Өзара әсерлесу кезінде арбашалардың жылдамдықтары ∆υ
1
=20м/с, ∆υ
2
=60м/с болып өзгерді.
Үлкен арбашаның массасы 0,6 кг. Кіші арбашаның массасы неге тең?
78.Динамометр серіппесі 4 Н күштің әсерінен 5мм ұзарды. Серіппені 16мм ұзартатын жүктің салмағын анықтаңдар.
«С» деңгейі
79.Қозғалмай тұрған массасы 30кг үрлемелі қайықтан массасы 45кг бала жағаға секірді.Қайық  1,5м/с жылдамдыққа ие
болды.Баланың жылдамдығы қандай?
80.Динамометр   көмегімен   ағаш   кесегі   стол   үстімен   жылжиды.   Динамометрдің   көрсетуі   4Н   болса,стол   беті   мен   кесек
арасындағы үйкеліс күші неге тең?
81.320   Н   күштің   әсерінен   серіппе   амортизаторы   9   мм   жиырылды.   1,60   Н   күштің   әсерінен   серіппе   амортизаторы   9мм
жиырылды. 1,60 Н күштің әсерінен серіппе қанша мм-ге қысқарады?
* * * * *
ОҚО, Сайрам ауданы Арыс ауылы №12 Т.Рустемов атындағы
 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі Шеримов Дилшод Махсутжонович
Тақырыбы:Игерілген әдіспен баскетбол ойыны 
Мақсаты:                           
 Білімділігі: Оқушыларға баскетбол ойынының ережесін үйретіп,техникаларын меңгерту. Тәрбиелігі: 
Шапшаңдылыққа,ептілікке, икемділікке тәрбиелеу. 
Дамытушылығы: Спортқа деген ынтасын арттырып,күш-жігерлерін дамыту. 
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың өтетін орны: Спорт зал Сабақта пайдаланылатын құрал: Себет, баскетбол добы, 
ысқырық және көрнекі құралдар
. І.Ұйымдастыру бөлімі 
1.Бірқатарға сапқа тұрғызу. Мәлімдеме қабылдау.
 2.Жүгіру жаттығулары. 
3.Сапта орындалатын жаттығулар.Сапта тұрып,аяқ-қол бұлшық еттерін дамыту жаттығуларын орындау. Жалпы дамыту 
жаттығулары. 
ІІ. Негізгі бөлім Жаңа сабақтың тақырыбы:“Игерілген әдіспен баскетбол ойыны” 1.Баскетбол ойынының ережесін түсіндіру.
2.Қауіпсіздік ережелерін сақтау. 
3.Ойын техникаларын үйрету. 
4.Екі жақты ойын баскетбол. 
1-жаттығу Баскетбол добын ұстау әдісі, допты бір қалыппен алып жүру 
2 –жаттығу Допты екі қолмен иықтан лақтыру және допты жоғарыдан лақтыру әдіcі 3-жаттығу Допты екі қолмен кезек-
кезек алып жүру 
ІІІ. Қорытынды бөлім  Сыныпты сапқа тұрғызу. 
1.Оқушылардың кемшіліктері мен жетістіктерін айтып өту.
 2. Бағалау. 
3.Үйге тапсырма беру. Баскетбол добымен жаттығулар орындау
* * * * *
47

Атырау облысы Мақат ауданы  №2 бастауыш мектебінің 
Каирлиева Эльмира Серікқалиқызы  ІІ санатты  бастауыш сынып мұғалімі
Мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық іс-әрекетін ойын-жаттығулары арқылы дамыту
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім: 
Педагогикалық - инновациялық негізде мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру үдерісінің негізгі бағыттары
мен міндеттері.
ІІ. Негізі бөлім:
Мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық іс-әрекетін ойын-жаттығулар арқылы дамыту.
III. Тәжірибелік бөлім
Мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық іс-әрекетін дамытудағы ойын-жаттығулар.
Арт – терапиялық әдістерді қолданудағы ойын-жаттығулар
М.Монтессори әдістерімен жұмыс. 
Тілге арналған ойын-жаттығулар әдістері.
 Мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық іс-әрекетіне диагностика. 
 IY.Қорытынды:
  I.Кіріспе бөлім.
         Қазіргі уақытта қоғам кәсіби еңбек ету барысында болашақ маман иесінен қажетті психологиялық-педагогикалық  
тәсілдерді меңгеруді талап етіп отыр. Қазіргі таңда педагогтың  инновациялық үдерісіндегі  әдіс-тәсілдерінің негізгі 
бағыттарын  басшылыққа ала отырып, жеке тұлғаның даму ерекшеліктерін қазіргі заман психологиясы мен педагогикасына 
сай тәрбиелеп,білім мен тәрбиені қатар меңгертудеміз. Осыған орай, баланың дұрыс жетіліп дамуы үшін оның өміріне 
қолайлы жағдай жасау.   
       Белгілі ұлы педагог Ушинский: «Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек» деген. Ертеңгі 
күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға тартатын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Ал 
сол білім діңгегі сапалы болу үшін жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу,үйретуді одан әрі қарай инновациялық  негізде 
жалғастырып келеміз.
Менің  қызметімдегі педагогикалық - инновациялық негізде балаға инклюзивті білім беру үдерісінің негізгі 
бағыттары мен міндеттері:

Мүмкіндігі шектеулі балалардың тәрбие мен білім алуы және дамуына әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық  
жағдай жасау; 

Баланың жас ерекшелігін ескере отырып,танымдық қабілеттерін дамыту; 

Ата-аналарға консультациялық кеңестер ұсыну; 

Баланың дамуындағы ауытқушылықтарға жағдай жасау;

Баланың интеллектуалдық және жеке тұлға болып қалыптасуын дамыту;  
-  Балаларды оқыту мен тәрбиелеу барысында ата-аналарға жан-жақты кеңестер беру;
    Балалардың ақыл – ой дамуындағы жеңіл ауытқулары.
– баланың психикалық әрекетінің қалыптасуының бірқалыпты болмауы. Мүмкіндігі шектеулі балалар өзінің құрдастарынан 
жас ерекшеліктеріне қарағанда, олардың ойлары  тұрақсыз болып келеді. Олардың ми қабілеті де тәулік бойына өзгереді. 
Кейбір балаларда іс — әрекеттің басында зейіндері жоғары болады да, ал кейін төмендей бастайды. 
    Балалардың танымдық белсенділіктері жеткіліксіз болып келеді. Ол баланың тез шаршауымен, тежелуімен сипатталады. 
Психикалық дамуында ауытқушылығы бар балалардың танымдық қабілеттерін тексеруге, ең алдымен олардың эмоциясына 
назар аударған жөн. Бұл балалардың эмоциясы көбінесе өзгеріске ұшырап отырады. Бұл балалардың қалыпты балалардан 
ерекшелігін айтар болсақ, яғни олардың әлеуметтік ортаға бейімделуімен, мінез – құлықтарымен және іс — әрекеттерімен 
ерекшеленеді. 
 II. Негізгі бөлім.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық іс-әрекетін ойын-жаттығулар арқылы дамыту.
     Қазіргі таңда мүмкіндігі шектелген балаларды оқыту мен тәрбиелеуде оның кемшіліктерді түзету, орнына келтіру, 
дамыту – педагогика жүйесіндегі маңызды  бөлігі болып табылады.
      Мүмкіндігі шектеулі балалар – оқыту бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Бұндай 
балалар қалыпты дамушы құрбыларынан шаршағыштығымен, жұмысқа қабілетінің төмендігімен ерекшеленеді, және де 
балалардың қоршаған орта туралы түсініктері зейіндері тұрақсыз, тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған, қимыл-қызғалыс 
координацияларының жалпы психикалық процестердің дамуында бұзылыстар байқалады. Сондықтан бұл балалардың 
танымдық қызмет саласының дамуындағы ауытқулар оқу процесінде нақтылы қиындықтарды құрайды. 
      Ойын баланың танымдық белсенділіктерін арттыратын әдіс. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ішкі жан дүниесін ашуда, 
олардың қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауына, танымдық белсенділіктерін дамытуға  ойын элемементтерінің 
маңызы зор. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білімге деген ынтасын, мүмкіншіліктерін толық пайдаланып, алған білімдерін
практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін әртүрлі психологиялық жаттығулар, суретті кестелер, танымдық ойын 
түрлерін пайдалану баланың ой-өрісін, дүниетанымын, зейінін, есте сақтау, қабылдау, қиялдауын дамытумен бірге 
танымдық қабілеттерін дамытуға да көмектеседі. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып 
табылады.  Баланың қуанышы мен реніші ойында анық байқалады. 
Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі мынадан көрінеді:

Олар ойланады;

Эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, қиял елестері дамиды, баланың шығармашылық қабілетімен 
дарыны ұшталады.

Ұжымдық сезімі қалыптасады.
48


Ерік қасиетін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдереді. 
Ойын- оқушының оқуға деген ынтасын арттыратын құрал деп қабылдаймын. Сондықтан да мүмкіндігі шектеулі бала сабақ 
үстінде ойынды көп қажет етеді. Оны жалықтырмай әр түрлі ойын-жаттығулар  түрлері мен сабақты қызықты өткізуге 
тырысып келемін. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын 
дамытатын осы жағдайларды ескере отырып, ойын түрлерін төмендегідей жүйеленеді:

Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, мектеп, сынып, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, 
мұнайшылар, темір жол, теңізшілер;
- Қимыл қозғалыс ойын-жаттығулары: «ұшты-ұшты», «аңшылар»,              «сиқырлы таяқ», «мысық пен торғайлар», 
«бақташы мен қозылар», «соқыр теке», мысық пен тышқан, 

Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке келтір, көршілер, 
аралар, сен жалғастыр, дәл тауып айт, т.б.

Құрылыс ойындары: лото және басқа констукторларды пайдалану. 

Моторикалық ойын-жаттығулар: мозайка, құм терапиясы, су терапиясы, ұсақ моторикалық ойындар элементтері.
 Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, 
алғырлықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, көп білуді және де баланың ойын ашық айтуға ішкі сезімін 
шығаруға көмектесетін әдіс. В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ 
және болуы да мүмкін емес. Сондықтан В.А.Сухомолинскийдің осы сөзіне сүйене отырып мүмкіндігі шектеулі балалардың 
ынтасын оқуға деген қабілетін ойын –жаттығулар арқылы дамытуға болатынын білдім. 
      Ойын арқылы бала бойынан барлық тапсырмаларды орындау нәтижелерін көру үшін, ойын-тапсырмаларды,танымдық 
ойын-жаттығулар, ойын терапияларын және де қолдарының ұсақ моторикасы қалыптасады. Моториканың дамымай қалуы 
жазу қабілетінің баяулауына және бұзылуына алып келеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларда бұл дамымай қалушылық 
өздігінен қалыпқа келмейді, яғни арнайы жағдайларда оқытудың арнайы әдістері мен тәсілдерін  қолданамыз.
III.Тәжірибелік бөлім. Мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық іс-әрекетін дамытудағы ойын-жаттығулар.
Арт – терапиялық әдістерді қолданудағы ойын-жаттығулар
М.Монтессори әдістерімен жұмыс. 
Тілге арналған ойын-жаттығулар әдістері.
 Мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық іс-әрекетіне диагностика. 
 «Суретті есіңе сақта» ойыны   Мақсатым: көру есін және зейінін дамыту.    Ойынның жүру барысы: Әр балаға  ойынға 
арналған үлестірмелерді таратады және зейін қойып назарларын аударуын сұрайды. Балалар кезекпен жауап беріп отырады.
Кейін үлестірмелерді ауыстырады. Үлестірмелі парақшада зейін қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар. Ойын осылай 
жалғаса береді. Оқушыма пішіндерді көрсетіп, көргенін салуды ұсындым. Ол көрген суретін бар ынтасымен салды.
 «Бұл жерде не артық?» ойыны.  Бұл әдістеменің мақсаты – баланың бейнелі –логикалық ойлауымен ой 
операцияларының, талдау және жалпылау процестерін зерттеуге арналған. Әдістемеде балаларға әр түрлі заттар 
бейнеленген суреттер жинағы мен келесі нұсқаулар қоса ұсынылды.
«Әрбір суреттегі бейнеленген 4 заттың біреу артық зат болып табылады. Суреттерге зейін қойып қарап, қай заттың артық 
және неге артық екенін анықта». Міндетті шешу үшін 3 минут уақыт беріледі. Осы ойын арқылы оқушыма көкеністер 
суреттерінің арасынан қаламның артық зат екенін ажырата білді.
Арт – терапиялық әдістерді қолданудағы ойын-жаттығулар:
Су терапиясы «Балықтар» жаттығуы.  Судың ішінде  жүзіп жүрген балықты қармақпен бір балықты ұстап алып  шығу. 
Сиқырлы балықтың қояр сұрағына балалар жауап беру.
Құм терапиясы. «Құммен ойын»  Құм ойыны арқылы бала қиындықты жене білуді үйренеді, қорқыныш, ұялшақтық 
сезімнен арылып, өмірді танып біледі. Құмнан түрлі мүсіндер  жасау арқылы бала өзінің ішкі жан дүниесін, қобалжуын,  
қорқыныш сезімін жеңе алады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет