Министерство образования и науки республики казахстан



Pdf көрінісі
бет16/90
Дата22.12.2016
өлшемі15,08 Mb.
#127
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   90

2. таңырқау эмоциясыМысалы

;- Ойпырай, со кезгі мұраптар –қатқан қазанбасы екен . 

- Ойпырмай десейші ! – Күлжәмила ынты-шынтымен таңданды . 

- Әттесі – ай , ағайын – туысты о бастан маңдайына шертіп жүріп таңдап алатын болса . 

-  Ойбай  –  ау,  мынау    не  деген  мылжың  еді  -  әй,  әкри  ...  жүзге  отырып  –  отырып  , 

аяқтамай айнып тұрып кетер бәдік екен –ау. 

Келтірілген  алдыңғы  мысалдардағы  әй,  о  несі-ай  ,  әттесі-ай,  өй,  ойпырай  ,ойбай  –ау 

,ойпырмай    одағайлары  шаттықты,  соңғы  мысалдардағы  ойбай  –  арманды  және  үрку,  ат-

тоннын ала қашып қорқу сезімін көрсетіп, сөйлемдердің эмоционалдылығын арттырып тұр. 



 

104 


«Ашулану»,  «жақтырмау»,  «ренжу»,  «таңдану»,  «жұбату»,  «мақтау»  «мысқылдау» 

«ызалану»,  «жағымпаздану»,  «менсінбеу»,  «қарғыс»,  «мінез»  семаларындағы  сөздердің 

қолданылу  сипаты  жоғарыдағылардай.  Олар  деннотаттық  компонентке  тең  келіп, 

экспрессивті  немесе  экспрессив-бағалы  мағынадағы  сөздер  болып  қолданылған.  Ал  

«жақтырмау»  семасындағы  сөздер  тобы  коннотаттық  компонентке  тең  келіп  эмотив-

экспрессив-бағалы мағынадағы сөз болып қолданылып тұр.  

3.  Еркелету  мәнінде  қолданатын  эмоционалды  сөздердің  лексика-  семантикалық 

топтары. Бір нәрсеге теңеу арқылы еркелете қолданылатын эмоционалды сөздердің лексика-

семантикалық  топтары:  адалым-ай,  айбарым,  айдарлым,  айым,айналайын,    алақайым, 

алтыным,  аңқауым-ай,  арысым,  аспаным,  балапаным,  жаным,  жарқыным,  жарығым, 

қалқаш,  қанатым-ай,  қарағым,  қарашығым,  қозым,  қорғаным-ай,  қошақаным,  құлыным, 

қымбаттым,  періштем-ау,  сабазым,  сәулем,  тарланым-ай,  шүкірім,  шырағым,  шыбыным, 

шырайлым, шырақтарым т.б. Мысалы: 

-

 



Әй,  аңқауым-ай,  адалым-ай,  енді  осы  жалғыз  үйді  басыма  көтеріп      отырсам,  «апам 

құтырған екен» демейсіңдер ме (О. Бөкей).  

-

 

Уа,  жолбарысым,  айбарым,  әлсіреген  қайратым,  қайдасың,  Құрбан,  қайдасың?  (Қ. 



Мұхамеджанов). 

Тілімізде  бұндай  сөздер  көптеп  кездеседі.  Бұл  келтірілген  мысалдағы  сөздер 

табиғаттағы  қандай  да  бір  затқа  теңей  қолданылып  адамның  ішкі  эмоциясын  білдіріп  тұр. 

Яғни олар  адамның  эмоциясын  береді.  Ал,  эмоция  бар  жерде  баға  қатар  жүреді.  Бұл  жерде 

сөйлеуші  басқа  бір  таңбаланушыны  жақсы  көріп,  оған  өзінің  бағасын  беріп  тұр:  коннотат 

компоненттегі эмотивті-бағалы мағынадағы сөз.  

Туыстық  атау  арқылы  еркелете  қолданылатын  эмоционалды  сөздердің  лексика-

семантикалық  топтар:  ағажан,  ататай,  апатай,  балақай,  жеңеше,  жеңешетай,  келінжан, 



көкетай, көкешім, папатайым, папашым, шешетай, інішек т.б. Мысалы: 

-  Алмажан-ай,  қатты  қимылдамасаңшы,  ішіндегі  баланды  түсіріп  аласын  ғой,-  деп 

жаны ашитын. 

-  Рақмет,  қалқам  мен  жаяу  жүруге  жаралған  жанмын.  Ағатай-  ай,  бауырым-  ай,  біз 

жеңдік қой. 

- Рас, жеңдік, айналайын қарындасым! - дедім мен ақ сары шашынан сипап. 

- Келінжан, Гриша шал шақырады сені. 

 Бұндай  сөздердің  бойында  еркелету  бар.  Бұлардың  формуласы  коннотативке  тең 

эмотив-бағалы мағынадағы сөз.   

 Адамның  әр  түрлі  мінез  қылықтарын  білдіруші  эмоционалды  сөздердің  лексика-

семантикалық топтары: 

- Байсыз қалсада сендей зар жақпен құда болмаспын. 

-  Әсіресе  ашуланғандары  жаман,  қаһарланса  не  қан  қылуға,  не  қан  болуға  барар..(Ол 

мінез Ақанда да,и жалғыз ұлда да бар). 

-  Күні  бойы  күйіп  тұрады  да,  түн  баласына  дірдек  қаққызатын  түстіктің  осы  бір 

шалдуар мінезі-ай, - деп ойлады. 

-  Әзірге  болбырлау,  жүре-жүре  пыситын  шығар,  десе  қайтеді  ең  болмаса,-  деп  күйіп-

піседі. (О. Бөкей). 

Сотанақ

  –  шатақ,  бұзық;  шата  –  шалкес,  тентек,  шатақ;  сақылық  –  жомарттық; 



салқам

  –  сылқым;  аласпан  -  өсекші;  қайқылық  –  кербезділік;  дәтмел  –мінез-құлық, 

жыйдамшылық – жинақылық, ұқыптылық; езмалта – мәжнүн, жарым т.б. Дебдірер – жеңіл, 

ұшқалақ. Тым дебдірек екен, қой-ақ қойшы соны. 



Бейопар

 – ұрысқақ. Өзің нағыз бейопар болыпсың ғой. 



Алапатты 

– беделді. Бір кезде ол алапатты кісі еді. 



Қылауыз 

- өсекшіл. Оның әйелі қылауыз екен.  



Сырғуаңдау 

– сараң болу, қу болу. Ол үйде сырғуаңдайын депті. 



Қылқұртсу

 – мүләйімсу, момынсу. Қылқұртсуын қарашы өзінің. 

Адамның түрлі рухани, табиғи қасиетін білдіретін сөздер: 


 

105 


Жойбар  мықты, әлді; құндақ

 – ұғымды; мардат - өркөкірек, өзімшіл; сүтқор – сараң, 

дүниеқор; сімер – паң, басқаны менсінбейтін;  қопал – қорқақ, жүрексіз; лапқой - өтірікші, 

бос  сөзді;  суқайт  -  өтірікші,  суат;  тойтақ  –  жағымпаз;  мекер  –  айлакер;  месекер  –  ісмер; 



мұғиық

 – көп нәрсені білмейтін момын, қараңғы; надұрыс – жарымес, нақұрыс т.б. 



Заттың әр түрлі сапасын білдіретін сөздер: әмі

 – надан, сауатсыз, қараңғы; кәтелеу – 

нашарлау,  босаң;  қасырынды  –  кесірлі,  қырсықты  (сөз);  надайы  –  надан;  ноқалайлау  – 

ақылсыздау; ызалы – сызды, дымқылды т.б. 



2. Сыртқы кейіпті, мөлшерді білдіретін сөздер:

 Башақ – кіші, әлсіз, нашар; беденді - 

әдемі,  ажарлы,  келбетті;  саңқой  –  пұшық;  сөдөгөй  –  тұрпайы;  секіт  –  селекет,  ебедейсіз; 

нарау

 – жүдеу, нашар; піттей – кішкентай, титтей; сұрапатты – көркем, реңді, көрікті т.б. 

Адамның  жеке  жан-жануардың  әр  түрлі  ерекшеліктерін  білдіретін  эмоционалды 

сөздердің лексика- семантикалық топтары. Мысалы: 

- Бағанадан бері сең соққан балықтай мең- зең отырған Құмырай. 

-  Жауын  құрты-  жылаушаңдай  ғұрлы  көрмей  келген  қатқан  қара  қатыны,  әне,  уытын 

шашып, оқ жыланша атысып тұр. 

- Басымды қатырмай кет өзің!- деп еді. Қыз жылап үйіне барғанда айдаһардай ысқырып 

бәйбіше шыққан (О. Бөкей). 

Жалқы  атаулар  арқылы  еркелете  қолданылатын  эмоционалды  сөздердің  лексика- 

семантикалық топтары: Жүкең, Ақан, Құмеке, Алмажан, Тұреке, Күмісжан т.б. Мысалы: 

- Жаңа ғана ашық-жарқын отырған Жүкең түйілді де қалды. 

- Ермек жайындағы Жүкеңнің қитұрқысын жақсы білетін. 

- Ол кезде тура сенің жасында едім ғой, Күмісжан. 

- Құмеке,ау Құмеке, үйдемісің? (О. Бөкей). 

Бұларда  жақсы  көру,  еркелету,  осы  сияқты  кейбір  сөздер  кекету  мақсатында  да 

айтылуы  мүмкін.  Бұлардың  қалпы  коннотивті  компонентке  тең  эмотив-бағалы  мағынадағы 

сөздерге саяды. 

Сонымен тарауымызды қорыта келгенде, бірінші, мынадай нәрселерді байқадық: тілдік 

қордағы  жалпы  адамның  эмоциясының  жетегімен  көрініс  беретін  сөздерді  эмоционалды 

сөздер  деп,  ал  олардың  категорияларын  адамның  қоршаған  болмысқа  деген  әртүрлі  көңіл-

күйін,  сезімін  білдіретін  сөздерді  «эмотив»  деп,  адамның  қоршаған  ортаға  деген  әр  түрлі 

әсерін  білдіретін  эмоцияның  (кейде  олар  қатыспайды),  сезім,  ерік  қатысуы  арқылы  тілдің 

көркемдеуіш  құралдары  арқылы  бейнеленген  сөздерді  «экспрессив»  деп  қолданамыз.  Олар 

тілдік деңгейде негізінен үш тұрғыдан (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) да көрініс 

береді. 


Олар  лексика-семантикалық  деңгейде  деннотат  компонентте  және  сонымен  бірге 

коннотаттық  компонентте  (деннотат-коннотат)  де  кездеседі.  Коннотаттық  мғынада 

экспрессивтіліктің  семасы  эмотивтіліктің  семасына  тәуелді  болады.  Ал  баға  өзінен  өзі 

эмотивтілік  семасының  жетегінде  қолданылады.  Деннотаттық  мағынада  экспрессивтілікпен 

бағалылықтың  семалары  өзара  байланысты  (кейде  бір-бірімен  байланысты  болмайды) 

болады.  Деннотаттық  мағынада  эмотивтіліктің  семасы  қатыса  алмайды.  Баға  бірде 

экспрессивтілікпен  байланысса,  бірде  олардың  арасында  ешқандай  да  байланыс  болмайды. 

Бағалылық  семасы  эмоционалды  сөздер  жүйесінде  ғана  семантикалық  белгі  ретінде 

«эмотивтілік» 

семасымен 

байланысады. 

Бағаның 


коннотаттық 

параметрлері 

«жағымды»/«жағымсыз» болса, деннотаттық параметрлері «жақсы»/«жаман» болып келеді. 

Осы  негізде  эмоционалды  сөздердің  семантикадағы  коннотив  пен  деннотатив 

компоненттердің  өзара  байланысуы  негізінде  мынадай  топтар  айқындалады:  а)  эмотив 

мағыналы сөз; ә) эмотив-бағалы мағыналы сөз; б) эмотив-экспрессив-бағалы мағыналы сөз; 

в) эмотив-бағалы мағыналы сөз; г) экспрессив-бағалы мағыналы сөз. 

Қазақ  тіліндегі  эмоционалды  сөздер  бірнеше  лексика-семантикалық  топтарға 

жіктелініп, іштей бірнеше семантикалық топтарға ажыратылады. 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

106 


 

1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы: Ғылым, 1966. -361 б. 

2.  Нургожина  Ш.И.  Эмоционально-экспрессивная  лексика  казахского  разговорного 

языка. Дисс. Канд. Филол.наук. Алма-Ата, 1989. -145 с. 

3.  Лиханов  В.И.  Эмоционально-оценочные  и  экспрессивные  слова  в  якутском  языке. 

Дисс. ... канд. Филол.наук. –Алма-Ата, 1988, -185. 

 

Резюме

 

Бұл  мақалада  эмоционалды-экспрессивті  мәнді  білдіретін  сөздердің  лексика-

семантикалық табиғаты қарастырылған. 

Summary 

The  article emphasizes  the words that relate to emotional and expressive meanings  and  

their   lexico-semantical  structure. 

 

 



АДАМНЫҢ ТІЛДЕГІ БЕЙНЕСІ                                        

                                          

(КОГНИТИВТІ

-АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТ) 

 

Зарлықова Қаламқас                                                                                                                                

Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті,                        

Алматы қ., Қазақстан   

                                       

Тілдік  санада  адамның  біртұтас  бүтін  болмысы  –    рационалды  ұғымдар  аясындағы 

материалистік,  идеалистік,  нақты  әрі  бейнелі,  ғылыми,  тұрмыстық,  реалистік  және 

қарабайыр,  аңғал  (қиял)  таным-түсініктердің  кешені  ретінде  ғана  емес,  сонымен  қатар 

адамдардың  этномәдени  бірігуі  негізінде  қаланған  субъективті-бағалауыштық,  бейнелі, 

экспрессивті мәндердегі адам туралы ұғымдардың кешені ретінде түсініледі.  «Адам туралы 

бүтін  ұғым  қалыптастыру  ол  туралы  ақпараттардың  үйлесімділігі  мен  үйлесімсіздігінің 

бірігуіне байланысты. Бүтінділіктің басты белгісі – бірліктің қарама-қайшылығы. Бүтінділік, 

біртұтастықтың    қарама-қайшы  болуы  мүмкін  емес,  себебі,  екі  дүниені  бір  бірімен 

теңестіретін,  өзара  байланыстыратын  нәрсе  –  қарама-қарсы  полюстер».    Адам  бейнесінің 

бүтіндігі  уақыт  пен  кеңістік  аясында  жиналған  идеялар  мен  сезімдер,  ойлар  мен  таным-

түсініктер тоғысының мөлшерінен жоғары болады, оны түсінудің, ұғынудың үйлесімдігі мен 

тұтастығы  туындайды.  Адам  бейнесін  қалыптастыратын  көптеген  параметрлер  мен  қасиет-

белгілерді  айқындауға  негізделген  көпаспектілі  тәсілдер  Н.Д.Арутюнова,  Ю.Д,  Апресян, 

А.А.  Уфимцева,  Г.В.  Колшанский,  Г.А.Золотова,  М.П.  Одинцова,  Л.Б.  Никитина,                   

Г.Н. Скляревская, В.В.Морковкин т.б. еңбектерінде көрініс береді.  

Адам бейнесін барынша кең, жаһанды сипатта таныту үлгілері М.П.Одинцованың және 

оның  ізбасарларының  (Л.Б.  Никитина,  Н.А.  Седова,  Н.Д.  Федяева,  О.В.  Коротун) 

еңбектерінде  ұсынылған.  Олардың  тұжырымдамаларында  адам  өздігінше  дамитын  жүйе 

ретінде және одан да жоғары деңгейдегі өздігінше дамитын басқа жүйенің элементі ретінде 

суреттеледі.  Адам  туралы  рационалды  ұғымдар  ол  туралы  мифопоэтикалық  таным-

түсініктерден (субъективті-бағалауыштық, бейнелі, экспрессивті мағыналардан) туындайды. 

Демек,  адам  әлемнің  бір  бөлшегі  бола  отырып,  өзін  соған  теңестіре  таниды;  қарапайым 

санада  және  тілдік  менталитетті  адам  Бүкіләлеммен  өлшенеді  және  ассоциаланады,  яғни 

оның  негізгі  орталығы  болып  теңеледі.  Бұған  қоса,  «адам,  болашақ  универсумның  кіші 

бөлігі,  өзін  өзі  субъективті  және  объективті,  күтілген  және  кездейсоқ,  тұрақты  және 

ауыспалы,  ішкі  және  сыртқы,  түрлі  деңгейде  таралған  кеңістіктер  байланысы    аясындағы 

ғаламдық бүтін адам болмысына тән детальдардың, қасиеттер мен белгілердің, мінездер мен 

параметрлердің, қызметтер мен ипостасьялардың күрделі жиынтығы» ретінде таниды. Демек 

адам  –  субъект  –  екі  әлемнің  орталығы  –  физикалық  (сыртқы)  және  рухани  (ішкі)»  ретінде 

танылады». 


 

107 


Адамның тілдік бейнесі мәселесі ұлттық және мәдени құндылықтардың көрінісі ретінде 

дүниенің тілдік бейнесі (ДТБ) ұғымымен тығыз байланысты, бұл тіл біліміндегі когнитивтік-

антропологиялық  бағыттың  іргелі  ұғымдары  болып  табылады.  Лингвоантропологияның 

негізгі пәні – адамның тілдік бейнесі және оның түрлі деңгейде, түрлі рөлде, түрлі болмыста 

көрінуі.  Ал  оның  негізгі  әрі  маңызды  орталығы  –  дүниенің  тілдік  бейнесі  (ДТБ).  Адамның 

тілдік  образы  –      белгілі  бір  тілдің  құрылымымен,  ерекшеліктерімен,  бүкіл  семантикалық 

бірліктер жүйесімен объективтенген адам туралы таным-түсініктердің сұрыпталған маңызды 

мәндерінің  жиынтығы.  Ол  басқа  дүние  бейнелеріне  қатысты  образдардың  көмегімен 

концептіленеді,  оның  ішінде  дүние  бейнесінің  техникалық  мәндегі  үзіктерінен  туындайтын 

техницизмдер арқылы да танылады.   

Когнитивті-антропологиялық  бағыт  (лингвоантропология)  В.  фон  Гумбольдтың  мына 

тұжырымдамасынан туындаған болатын: «Тіл тек қарым-қатынас көрінісінің өнімі ғана емес, 

сондай-ақ  ол  адамның  тілдік  санасын,  ұжымның  тілдік  санасын  қалыптастыратын  сөйленіс 

әрекет  болып  саналады».  Тілдің  бойында  дүниетанымдық  ақпарат,  ой  жүйесі  жатыр. 

Сонымен  қатар  ол  сол  дүниені  танытуда  белсенді  рөл  атқарады  әрі  оны  жүзеге  асырады. 

Себебі  әрбір  бірлігінің  бойындағы  семантикада  (мағынада)  осы  ақиқат  дүние  ақпаратын 

сақтайды  және  дүниеге  деген  әртүрлі  «көзқарасты»  ұрпақтан  ұрпаққа  тасымалдайды.  Ал 

көзқарас  ретінде  жиналған  ақиқат  дүниенің  бейнелері  сол  тілді  тұтынушы  не  сөйлеуші 

адамның  балалық  шақтан  жинақтаған  жетістігі  деп  танылады.  Демек,  тіл  «халық  рухының 

сыртқы  көрініс  болмақ»  [1].  «Тіл  –  адам»  екі  негізгі  ұғым  төңірегіндегі  зерттеулер 

аспектілерінің  өзара  байланысын  танытатын  терминологиялық  анықтама  мынадай  бағытқа 

негізделеді:  тілдік  тұлға  (Ю.Н.  Караулов)  тілдік  бірліктер  мен  оның  құрылымы  арқылы 

адамды танытушы әрі тілдегі адами фактор ретінде, дүниенің тілдік бейнесі ретінде, ДТБ-гі 

адам  бейнесі  ретінде  ұғынылады    (Ю.Д.  Апресян,  Б.А.  Серебренников,  Н.Д.  Арутюнова,   

В.Н.  Телия,  Э.Бенвенист,  В.В.  Колесов,  М.П.  Одинцова,  Е.В.  Урысон  и  др.)  себебі  тілдік 

тұлға  адамның  дүниені  қабылдау,  тану,  ұғыну,  сезіну,  ой  елегінен  өткізу,  тәжірибе  алу 

нәтижелерін көрсетеді.  

«Дүниенің тілдік бейнесі» және «адамның тілдік бейнесі» деген ұғымдарды логикалық 

тұрғыдан  алғанда  когнитивтік  категориялар мен  оның  құрылымы  ретінде  таным  құралдары 

мен  тәсілдері  ретінде  қарастырған  дұрыс.  Сондай-ақ  дүние  бейнесін  танытатын  тіл,  яғни 

Гумбольдтың айтуынша «халық рухын», халықтың (ұлттың) дүниетанымын жаңғыртатын тіл 

осындай  зерттеулерде    қай  қырынан  танытатынын  зерттеген  дұрыс.  Бұндай  зерттеулер 

когнитивтік  лингвистиканың  негізгі  қағидаларына  келіп  тіреледі  (А.Н.  Баранов,  Д.О. 

Добровольский, А.А. Кибрик, B.C. Кубрякова, Р.И. Розина, З.Д. Попова, И.А. Стернин и др.),  

себебі, «тілдік форма - когнитивтік құрылымдардың көрінісі, яғни адами сананың, адами мен 

ойлау  мен  таным  құрылымдарының  айқын  көрінісі»  [2,  126].  Ал  осы  когнитивтік 

құрылымдар  дүние  туралы  біздің  білімімізді  модельдей  отырып,  тіл  арқылы  жарыққа 

шығуын  реттей  отырып,  когнитивтік  процесстер  мен  тетіктердің  (механизмдердің)  еркін 

жүзеге асуына мүмкіндік береді [3].   

Өзекті  мәселелерді  ұсына  отырып,  оны  шешудің  теориялық  ережелеріне  назар 

аударамыз.  Қазіргі  таңда  аталмыш  мәселені  оңтайлы  шешу  үшін  мынадай  міндеттерді 

орындау қажет: 

- ДТБ-дегі адам бейнесі ұғымының «қарапайым» анықтамасын айқындап алу; 

-  тілші-ғалымдардың  еңбегінде  қарастырылған  адамның  семантикалық  өрісі  туралы 

анықтамаларға  сүйене  отырып,  ДТБ-дегі  адам  бейнесінің  басты  параметрлері  мен  белгі-

қасиеттерін белгілеп алу; 

- оның жүйежасаушы, айқындаушы оппозициясын нақтылау.  

Таным нысаны ретінде адам ұғымының өзектелуі туралы Тейяр де Шарден былай деп 

жазады:  «адам  екі  себепке  байланысты  ерекшелене  алады:  біріншіден,  адам  өзін  жеке 

тұлғалық,  әлеуметтік,  яғни  синтетикалық  күйді  танытады,  осы  белгісі  арқылы  оның 

универсум  екенін  аңғарамыз,  екіншіден,  осы  универсум  тіндері  (тканьдері)  арқылы  адам 

қалыптасады»  [4].  Оның  ойынша,  осы  себептердің  күшімен  «адамды  танып  білуге  болады, 



 

108 


адам әлемі қалай қалыптасады, ол әрі қарай қалай дамуы керек деген сұрақтарды анықтауға 

мүмкіндік  туады»,  себебі,  «адам  бойында  біз  танып-білген  ақиқат  дүниенің  барлығы 

сақталады, тіркеледі , сондай-ақ адам «әлемнің статикалық орталығы емес, эволюцияның осі, 

шыңырау шегі» [4, 19].  

«Адам»  ұғымын  білдіретін  құбылыстар  эмпирикалық  сипатта,  бірақ  оған  анықтама 

беру, яғни эмпирикалық мәндеріне шектеу қойып көрсету өте қиын.  Осы тұрғыдан алғанда, 

адамның  өзі  анықталуы  шексіз  болмыс  деп  танылады.  Адамның  қазіргі  ғылыми 

тұжырымдамасы  үш  негізгі  ережеге  сәйкес  анықталады,  сол  ережелер  арқылы  адамның 

шынайы  болмысы  айқындалады:  а)  әлеуметтік;  б)  заттық-әрекеттік;  в)  әмбебаптық.  Адам 

мәнін  білдіретін  осы  философиялық  анықтаманың  екіжақты  байланысы  адамның  бүтін 

болмысын,  яғни  адамзаттық  әлемнің  бүкіл  қасиеттері  мен  белгілерін  жинақтап  көрсететін 

тұтас  адам  бейнесін  құрайды.    Адам  деген  не  деген  сұраққа  келетін  болсақ:  Адам  –  бұл 

триада,  яғни  тәнді,  тәнге  қарама-қарсы  ұғымда  қолданылатын  жанды,  жеке  тұлғаның  ішкі 

рухын,  яғни  «адамның  тек  материалды  әлеммен  ғана  емес,  сондай-ақ  идеялық  мазмұнымен 

байланыстыратын» құрайтын үштік.  

Адам  сан  салалы,  әржақты,  сан  алуан  байланыстар  мен  қатынастарға  сіңіскен  және 

ақиқат  болмыспен  тікелей  қарым-қатынасқа  түскен,  бірақ  ол  жеке  дара  біртұтас  дүние 

ретінде  өмір  сүреді,  яғни  бүкіл-әлемдік-тарихи  процестің  субъектісі  ретінде  тіршілік  етеді. 

Оның тіршілік етудегі мәні шексіз және  өзін өзі таныту әрекеті де еркін. Тілші-ғалымдардың 

ойынша,  тілдегі  адам  бейнесінің  сипатты  белгілері  –  бұл  оның  концептуалды  дүние 

бейнесіне  қарағанда  «қарабайыр,  аңғал»  дүние  бейнесіне  жақын  келуінде.  өйткені,  адам 

санасындағы шынайы таным-түсініктер оның ішкі қияли ой әлемімен байланысып жатады.  

Адамның тілдік бейнесі – ДТБ басты үзігі. Бұл белгілі бір тіл ережелері мен құрылымы, 

семантикалық  бірліктер  жүйесі  арқылы  объективтенген  адам  туралы  барлық  таным-

түсініктердің  бір  ортаға  шоғырлануы,  сондай-ақ  ол  сөздікте  белгіленген  концептуалды 

ақпараттармен  ғана  анықталып  қоймайды,  мысалы,  адам  –  ойлай  алатын,  сөйлей  алатын, 

қоғамда  өмір  сүру  құралын  өндіре  алатын  және  оны  пайдалана  алатын  тірі  болмыс  деп 

түсініліп қоймайды.  

Әлемнің  бір  бөлшегі  ретіндегі  адамның  мәдени  құндылығы  ол  адамды  қай  қырынан 

зерттеу  қажеттілігі  тұрғысынан  анықталу  негізінде  өлшенеді  (параметрленеді).  Мәдени 

тұрғыдан зат маңызды болған сайын, оның параметрлері де көп болады. Бұл жерде адам ең 

жоғары  дәрежелі  биік  орынға  ие:  әлемдегі  еш  бір  зат  адам  секілді  өлшенген  

(параметрленген) емес. әрбір тілдегі жүзеген сөздің өзі  «адам» ұғымының атауын білдіреді, 

бірақ  әрқайсысы  әртүрлі  параметрде  бейнеленеді;  параметр  (өлшем)  әр  деңгейде  көрініс 

беріп,  өзінің  сан  алуандылығымен  ерекшеленгенмен,  ол  үнемі  жүйелі  және  иерархиялы 

сипатта  танылады:  осылайша  анықтаушы,  жүйежасаушы  оппозициялардың  қатарын 

анықтауға  болады,  біріншіден,  ұлттық  ұжымдық  ойлау  әрекетінің  дихотомиялық  сипатта 

болуы  және  екіншіден,  ДТБ-дегі  адам  бейнесінің  көпқырлы  болуы:  субъект  –  объект, 



физикалық – рухани, сыртқы – ішкі, материалды – идеалды, көзге көрінетін – көрінбейтін, 

биологиялық  -  әлеуметтік,  әлеуметтік  –  индивидуальді,  интеллектуалды  –  эмоционалды, 

табиғи  –  жасанды,  кеңтаралымды  –  таралмаған,  тұрақты  (абсолютті)  –  уақытша 

(қатыстық), жоғарғы – төменгі, оң – сол, хаосты – жүйелі, мейірімді – қатыгез, өзім – өзге 

т.б.  Бұнымен қоса параметрлер өзара жалпы және жалқы деп сәйкестендіріледі және әрбір 

параметрге    адамның  бойындағы  қасиеттер  мен  белгілердің  жиынтығы  үйлеседі.  Мысалы, 

биологиялық  параметрге  адамның  сыртқы  дене  бітімі  мен  ағза  мүшелерінің  сыртқы  және 

ішкі  бөліктері сәйкестендіріледі, әлеуметтік параметрге – адамның мамандығы мен кәсібіне 

қатысты  белгілері  (геолог,  дәрігер)  сәйкестендіріледі,  туысқанды  және  басқа  да 

қатынастарына  қарай  (қызы,  әкесі,  бастығы)    параметрлері  анықталады.  Бұл  жерде 

жүйежасаушы  оппозициялар  бүтін  –  бөлшек,  «сыртқы»  және  «ішкі»  құрылымдарға 

негізделіп  тұр.  Осы  параметрлер  адам  бейнесін  жасаудағы  аса  маңызды  өлшеуіш  белгілер 

болып  саналады.  Негізгі  тірек  сөз-ұғымдардың,  яғни  біріншіден  –  параметр  ұғымы, 

екіншіден  –  ипостась  (белгі)  ұғымдарының  семантикалық  қатыстылығын  анықтауға  ерекше 


 

109 


көңіл  бөлейік.  Сондай-ақ  семантикалық  кеңістік  пен  «адам»  деген  семантикалық  өріс 

ұғымдарын да анықтап алған жөн. 

Параметрлер деп біз адамның жалпылама, жіктелінген белгілерін атаймыз, ал ипостась 

деп  белгілі  бір  әлеуметтік  рөлін,  адамның  басқа  қырынан  танылған  қасиетін  «бетпердесін» 

атаймыз.  Ал  белгілі  бір  бүтін  дүниенің  бөлшегі  деген  ұғымның  мазмұны  кең  әрі  терең:  ол 

бөлшектің  (бөліктің)  өзін  танытады,  ал  параметр-бөліктер  мен  ипостась-бөліктерін 

түсіндіретін  болсақ,  адамның  жалпы  ішкі  немесе  сыртқы  бөліктерін  түгелдей  сипаттап 

танытуға  болады,  тіпті  адамның  ойы  мен  сөйленісіндегі  бөліктерді  де,  әрекеті  мен 

қызметіндегі бөліктерді де атауға болады. Демек, тілдің семантикалық кеңістігін анықтайтын 

З.Д. Попова мен И.А. Стерниннің тұжырымдамасына: «бұл белгілі бір тілдік жүйенің тілдік 

таңбаларымен берілетін мағыналардың реттелген жиынтығы» сүйене отырып және жоғарыда 

аталған    анықталамалрды  ескере  отырып,  «адам»  деген  тілдік  семантикалық  кеңістікті  біз 

былайша  қарастырамыз:  «ол  тілдің  барлық  семантикасымен объективтенген  адамның  бүкіл 

қоршаған  әлемі  және  ақиқат  дүниені  адами  деңгейде  танып  білу  кеңістігі.  Бұл  кеңістік 

лексикалық сондай-ақ грамматикалық мағыналармен жүзеге асады, яғни тілдік және сөйленіс 

құралдары  арқылы  –  семантикалық  бірліктер  мен  категориялар,  ережелер  мен  тәсілдер,  тіл 

мен мәтіннің құрылымдары мен стереотиптері арқылы, айтылмақ ойды жарыққа шығаратын 

барлық типтенген құралдар арқылы  және тілдік жүйе деңгейіндегі адам ұғымын сипаттаушы 

құралдар  арқылы  бейнеленеді.  Сондай-ақ  семантикалық  өріс  арқылы  (біздің  ойымызша 

зерттелетін өріс бірлігінің сандық құрамын көрсететін макроөріс терминін қолданған дұрыс) 

анықталады.  Өзінің  барлық  өрістік  жүйесімен,  сипаттамаларымен,  критерияларымен 

ерекшеленетін семантикалық өрістің негізін бірқатар ғалымдар қалаған болатын».  

«Адам»  ұғымының  жоғары  деңгейдегі  өрісінің  құрамы  көп  және  ішкі  құрылымы  да 

біржақты  емес,  яғни  түрлі  деңгейдегі  лексика-семантикалық  топтар  мен  ішкі  топтар 

жиынтығы  ретінде  көрініс  табады,  ол  ядролы және  перифериялық  құрылымда  анықталады.  

Біз осы макроөрістің әбден толыққан және аяқталған құрылым үлгісін ұсынып отырмыз; бұл 

жерде біз үшін ең бастысы оның сыртқы шегі мен ішкі шегі лексико-семантикалық топтағы 

(ЛСТ)  айырым  (дифференциалдаушы)  семалар  негізінде  қалай  көрініс  беретінін  және  ол 

техницизм көмегімен ЛСТ құрамында қалай өлшенетінін (параметрленетінін) анықтау.  

Өріс  ядросы    «адам  немесе  адамның  бір  бөлшегі»  деген  интегральді  семаны 

эксплицитті  танытатын  кең  қолданыстағы  сөздерден  құралады.  Бұл  атау  денотативті  бір 

нысандар  класына  жататын,  яғни  «адам»  денонтативті  нысанын  тура  және  жанама 

бейнелейтін  ақиқат дүниеге жатады.  

Жалпыдан  жекеге  түрлі  деңгейде  бағытталу  жолдарын  мынадай  көптеген  субөрістер 

мен  микроөрістер  арқылы  бөлуге  болады,  олардың  құрамында  бүтін  адам  немесе  оның 

ипостасін  жарыққа  шығаратын  айырым  компоненттер  көрініс  береді:  «бүтін  адам»  ЛСТ 

құрамына  адам  атауын  жалпылама  толықтыра  түсетін  ақпараттар  мына  белгілермен 

анықталады,  мысалы,  жынысына  қарай:  еркек,  әйел;  жас  ерекшелігіне  қарай:  қария,  бала, 

әлеуметтік  мәртебесіне  қарай:  мұғалім,  оқытушы,  т.б.  ал  оған  қарама-қарсы  қойылатын 

«жеке адам» ЛСТ  мағынасы «физикалық» және «физикалық емес» семалармен анықталады.  

ЛСТ  құрамындағы  «адамның  физикалық  бөлігі»,  біріншіден,  адамның  физикалық 

мүшелерінің  жалпылама  атаулары:  дене  (тәні),  дене  терісі,  тері,  ағза,  екіншіден,  адамды 

сипаттайтын  биолог-физиологиялық  параметрлер:  бойы,  салмағы,  қан  қысымы,  жүрек 

соғысы, тынысы, көру қабілеті, т.б. үшіншіден, адамның дене мүшелері мен ағзалары. Оны 

Ф.О.  Вакк  еңбегінде  соматикалық  атаулар,  соматизмдер  деп  атайды  (грек  тілінен  алғанда 

Soma -  «тело»). Соматизмдер «ағзалар» ЛСТ-на бөлінеді, онда адам ағзаларының мүшелері, 

яғни  адамға  қажетті  арнайы  қызметтерді  атқаратын  орган  атаулары  енгізілген:  өкпе,  ауыз 

және  адам  ағзасына  жатпайтын,  бірақ  адам  тәнінің  бір  бөлшегі  болып  саналатын  атаулар 

жатады:  1)  адамда  болуы  аса  міндетті  емес  мүше  атаулары:  секпіл,  таз,  мең,  қал,  иегіндегі 

ойық ұя; 2) адам тәнінде міндетті түрде болатын және бола бермейтін өсінділер: сақал, мұрт, 

қас,  кірпік,  шаш,  шаштың  бірнеше  үлгілері:  бұрым,  кекіл;  3)    нормадан  ауытқыған  адам 

тәнінің  сыртқы  бөліктері  мен  болуы  аса  міндетті  емес  патологиялық  мүшелер  атауы:  жара, 



 

110 


бүкір, сүйел, ноғала, ақ дақ.  Одан әрі қарай, «ішкі-сыртқы» сема негізінде мынадай мүшелер 

атауы  жіктеледі:  1)  «сыртқы  физикалық  мүшелер»  ЛСТ:  құлақ,  көз,  қол,  аяқ;  2)  «ішкі 

физикалық  мүшелер»  ЛСТ:  тіл,  жүрек,  асқазан,  өкпе,  ми;  3)  «сыртқы  физикалық  мүшеге 

жатпайтын  белгілер»  ЛСТ:  бел,  иек,  бет,  мойын;  4)»ішкі  физикалық  мүшеге  жатпайтын 

белгілер»  ЛСТ:    өт,  қан,  сілекей,  қантамырлары.  Аталмыш  соматизмдердің  ерекшеліктері 

олардың  метонимиялық  қолданысы  болып  табылады,  мысалы,  оларды  былайша  атауға 

болады: 1) мүше ретінде де немесе мүше емес ретінде де (кеуде); 2) ішкі ағза ретінде немесе 

адам тәнінің ішкі «бөлігі» ретінде (бет сүйегі). Бұл төрт ЛСТ біріге отырып « нақты сыртқы 

физикалық мүшелер/мүше еместер» ЛСТ құрайды. Ол «ішкі кейпінің жалпылама, абстрактілі 

атауы» ЛСТ-на қарама-қарсы қойылады. Олардың құрамына: кейпі, бейнесі, сыртқы пішіні, 

бітімі, көлеңкесі, дене пішіні, т.б. атаулары енеді.  

«Физикалық  емес  мүшелер»  ЛСТ-на  идеалды  табиғаты  бар  мүше  атауларын  былайша 

шартты  түрде  енгізуге  болады:  1)  психика:  жүрек,  жан,  сана,  ішкі  сана,  ақыл,  зерде, 

пайымдау, жады, ерік, рух, ар-ождан; 2) фантомды: мүйіз, қанат, т.б. және мүше еместер: 1) 

адамның  физикалық  емес  жалпылама,  абстрактілі  мүшелері:  іш,  құрсақ,  ішкі  әлем;  2) 

психикалық тұрақтылық атаулары: (ой, сезім,  эмоционалды күй мен қасиет, көзқарас, мінез 

белгілері):  қорқыныш,  сағыныш,  үрей,  өкініш,  қуаныш,  ж.үрек  айну,  ауырсыну,  интеллект, 

шыдам, әділдік, т.б. 3) заттанған әрекеттер мен белгілердің атауы: қадам, жүріс, сөйлеу, ым, 

ишара, күлкі, көзқарас, манера, құлық, қылық, сұлулық, келбет, т.б. 4) заттанған жады, түсі, 

қиял  бейнелері,    қиялдан  туған  және  адамның  ішкі  әлемінде  қалыптасқан  тірі  заттар  мен 

құбылыстардың    атауы;  5)  адамның  әлеуметтік  тұрақтылығын  білдіретін  атаулар  (есімі, 

ипостасі,  құқығы,  міндеті);  6)  адамның  уақытша  тұрақтылық  белгілерін  білдіретін  атаулар: 

уақыт, махаббат, жастық, кәрілік, жас, өмір.  

Адамның  метариалды  емес,  ішкі  әлемінің  тілдік  бейнесін  сәтті  қалыптастырудың 

оңтайлы жолдарын ашу төңірегінде көптеген басы ашылмаған сұрақтар қалып отыр. Себебі 

бұл  жайында  тілші-ғалымдардың  біржақты  концептуалды  бірлігі  болмай  отыр.  Отандық 

лингвоантропология  тәжірибесін  сараптай  отырып,  Е.В.  Коськина  адамның  ішкі  әлеміндегі 

тілдік  бейнені  зертетудің  үш  қосымша  тәсілін  ұсынады:  «бұл  дүниенің  бейнесі  былайша 

танылады: 1) «анатомия» мен «физиологияның» қарабайыр, аңғал бейнесінің үзігі ретінде»; 

2) микрокосм ретінде; 3) «өзге санадағы бейнелі грамматика ретінде» [5, 68-89]. Бірінші тәсіл 

адамды  «оның  сыртқы  бейнесіне  қарай  отырып»  ішкі  әлемін  зерттеуге  бағытталады,  бұл 

жерде көзбен көру (визуальді) арқылы қабылданған ұқсастықтар басты рөл атқарады.  «Бұл 

жерде адамның «ішкі әлемі» оның күрделі ағза жүйесінің «рухани» өмірін» танытады (жүйе 

және ішкі жүйе).  

Макрокосм  ретіндегі  адамның  «ішкі  әлемін»  зерттеп,  талдай  отырып  (екінші  тәсіл 

бойынша),  Е.В.  Коськина  мынадай  бейне-метафоралар  қатарын  ажыратып  көрсетеді 

(олардың көмегімен біз абстрактілі ұғымдарды түсінеміз)   және «физикалық ақиқат аналогы 

ретіндегі»  адамның  ішкі  әлемін  танытатын  модельдер  типін  ажыратып  көрсетеді:  

Физикалық  әлем  нысандарының  тобын  анықтайды:  әлемнің  негізгі  құбылыстары,  адам,  ас-

тамақ, су, т.б. үшінші тәсілді талдай отырып, автор «өзге сананың бейнелі грамматикасын» 

кең тұрғыдан қарастыру керек дейді: агенс, кеңістік, пациенс категорияларымен шектелмей, 

психиканы қалыптастыратын концептуалдау көздерін де: адамзаттық, жануар, өсімдік әлемін 

де қоса анықтау керек.   

Бүтін адам бейнесінің параметрлерін логикалық негізде толықтай анықтап берген Н.Д. 

Арутюнова:  «адамның  ішкі  қасиеттері  мен  белгілерін,  ипостасін  таңбалауда  тіл  аса 

мұқияттылықпен қолданылады» [6, 5]; бұған «адам» сенатикалық өрісі мен одан туындайтын 

«ішкі адам» және  «сыртқы адам» семантикалық өрістерінің жеке қарастырылуы дәлел бола 

алады.  Бұл  жерде  ядролық,  перифериялық  шектерін  есептемегенде.    Егер  ядролық 

лексемалар  –  бұл  тілдің  сөздік  қорына  енген  адам  туралы  физикалық  (тән  мүшелері, 

ағзалары)  және  идеалды,  рухани  мәндерін  (квазимүшелерін)  танытатын  лексемалар  болса, 

онда  жақын  периферияларға    «адам»,  «сыртқы  келбеті»,  «ішкі  әлемі»  сияқты  семаларды 

танытатын  лексемалар  жатады.  Бірақ  бұлар  коннотативті  сипатта  болады.  Бұл  сөздер 



 

111 


бағалауыштық-ауызекі  сөйленіс,  пейоративті  коннотациялар  болып  табылады.  Сондай-ақ 

периферия 

құрамына 

метафоралық, 

перифраздық, 

стилистикалық 

маркерленген 

(таңбаланған)  жалпықолданыстағы  эквивалент  сөздер  жатады.  Бұндай  жағдайда  адамның 

айналақ қоршаған әлемді тану деңгейі мен бақылау, қабылдау қабілеті  айқын көрініс береді. 

Көп  жағдайда  адам  немесе  оның  мүшелері  ұғымының  екінші  атауының  орнына  заттық 

атаулар, өсімдік пен жануар әлеміндегі атаулар «кірігіп» қызмет атқарады.  

Сонымен, бейнелі лексемалар, екінші аталым техницизмдерге қарағанда ұлттық-мәдени 

ойлау  нәтижесін  сапалы  әрі  тура  бейнелей  алады.  Адам  мен  оның  мүшелері  ұғымын  

техницизмдер  арқылы  концептілеу  –  бұл  ДТБ-дегі  адам  бейнесін  танытатын  аспектілердің 

бірі болып саналады. Дегенмен, бүгінгі күнге дейін бұл мәселе тіл білімінің зерттеу нысаны 

бола алмай отыр.  

 

 

 



 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 

 

1. 


Гумбольдт, Вильгельм фон

. Избранные труды по языкознанию. Пер. с нем. под ред., 

с предисл. (с. 5—33) и примеч. Г. В. Рамишвили. М.: Прогресс, 

1984


. — 397 с. 

2. Кибрик А. А., 

Плунгян В. А.

 Функционализм // А. А. Кибрик, 

И. М. Кобозева

, И. А. 


Секерина  (ред.). Фундаментальные  направления  современной  американской  лингвистики. 

Сборник обзоров. — М.: 

Издательство МГУ

, 1997. — С. 276—339. 

3.  Кубрякова,  Елена  Самойловна.  Основы  морфологического  анализа  [Текст]  :  на 

материале германских языков / Е. С. Кубрякова, 2007. - 320, [1] с.  

4. Тейяр де Шарден П. Феномен человека. — М.: Наука, 1987 

5.  Коськина  Елена  Владимировна.  Внутренний  человек  в  русской  языковой  картине 

мира (Образно-ассоциативный и прагмастилистический потенциал семантических категорий: 

Дис. ... канд. филол. наук : 10.02.01 : Омск, 2004 200 c. РГБ ОД, 61:04-10/1514 

6.  Арутюнова  Н. Д. Предложение  и  его  смысл:  Логико-семантические  проблемы  / 

Н. Д. Арутюнова. —  3-е  изд.,  стер.. —  М.:  Едиториал  УРСС,  2003. —  383  с.;  22  см. — 

(Лингвистическое наследие XX века). — Предм. указ.: с. 379—381  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет