№4(56)/2009 Серия история. Философия. Право


ҚЫЛМЫСТЫҚ  ІС  БОЙЫНША  СОТ  ТЕРГЕУІНДЕ  СОТТАЛУШЫДАН



Pdf көрінісі
бет33/39
Дата22.12.2016
өлшемі6,1 Mb.
#151
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39

ҚЫЛМЫСТЫҚ  ІС  БОЙЫНША  СОТ  ТЕРГЕУІНДЕ  СОТТАЛУШЫДАН  
ЖАУАП  АЛУ  ЖƏНЕ  ОНЫҢ  АЙҒАҒЫ 
В  статье  рассматриваются  особенности  проведения  допроса  подсудимого  по  уголовному 
делу на стадии судебного следствия и значение доказательств, добытых при этом, а также 
их  применение  и  оценка  судом.  Автором  сделан  вывод,  что  проявление  активности  со 
стороны  суда  в  ходе  допроса  подсудимого  по  уголовному  делу  законно  и  способствует 
вынесению обоснованного приговора. 
The article is describing the features of defendant interrogation and the value of his testimonies on 
the stage of judicial investigation in criminal cases, court functions in respect of receipt, estimation 
and use of those testimonies. A conclusion is formulated about an influence of court functions at a 
defendant interrogation on the pronouncement of legal and grounded sentencing decision in criminal 
cases. 
 
Соттың  негізгі  қызметінің  бірі  ол  іс  бойынша  негізді  жəне  заңды  үкім  қабылдау  болып 
табылады,  яғни  нақты  қылмыстық  сот  ісін  жүргізудегі  əрекеттердің  жиынтығы  жəне  қорытынды 
шешім  қабылдауы.  Демек  сотталушының  аталған  қылмысты  жасағандығы  немесе  жасамағандығы, 
оның  іс  бойынша  кінəлілігін  немесе  кінəлі  еместігін  анықтау,  егер  оның  іске  қатыстылығы  толық 
дəлелденсе, онда оған қандай да шара қолдану болып табылады. Яғни нақты қылмыстық іс бойынша 
оның  кінəлілігі  дəлелденіп,  оны  қылмыстық  жауапқа  тарту  мəселесін  шешу,  ал  егер  кінəлілігі 
дəлелденбесе, оны дереу жəне толық ақтауды қамтамасыз ету туралы шешім қабылдайды. 
Сот тараптарға бейтараптылық танытумен, сот тергеуін ұйымдастырумен қатар, сот дəлелдеудің 
белсенді  субъектісі  болып  табылады.  Əрине,  сот  тергеуінде  айыптау  жəне  қорғау  тараптары  мəн-
жайлардың  дəлелденуі  немесе  дəлелденбеуі,  сотталушының  кінəлілігі,  оның  жазасын  жеңілдететін 
немесе  ауырлататын  мəн-жайлар,  оның  жеке  басын  сипаттайтын  мəн-жайлар  бойынша 
дəлелдемелерді  ұсынуға  міндетті.  Дегенмен,  ешқандай  дəлелдеменің  күні  бұрын  белгіленген  күші 
болмайтынын  тараптардың  ескергені  жөн  (ҚР  ҚІЖК 25-бабының 2-бөлігі) [1; 25]. Тараптармен 
жиналған дəлелдемелердің сот тергеуі барысында қаншалықты дəлелдемелік күші болатыны белгісіз, 
ол сот тергеуі барысында ауызша, тікелей зерттелген жəне дəлелдемелердің жиынтығына негізделген 
өздерінің ішкі сенімі бойынша бағаланған мəн-жайлармен анықталады. 
Қылмыстық іс жүргізу заңына сəйкес, жауап алу барысында соттың ролі ерекше, дегенмен жауап 
алудың  негізі  айыптау  жəне  қорғау  тараптарына  жүктелген,  яғни  жауап  алуды  бірінші  болып 
тараптар  бастайды,  содан  кейін  ғана  соттың  сұрақ  қоюға  мүмкіншілігі  бар.  Əрине,  сот  өз  ролін 
тараптардың əрекетін бақылаумен шектеп қана қоймай, өз белсенділігін де танытуы керек [2; 14]. Ол 
тек  сот  тергеуінде  зерттелген  дəлелдемелерге  ғана  сүйене  отырып,  үкімді  негіздей  алмайды,  себебі 
айыптау  үкімі  болжауларға  негізделуі  тиіс  емес.  Осыған  орай  сот  талқылауы  барысында 
сотталушының қылмыс жасаудағы кінəлілігі, дəлелдемелерінің жиынтығымен дəлелденген жағдайда 
ғана  сотпен  шешім  қабылданады  (ҚР  ҚІЖК 375-б., 3-б.).  Сот  тергеуінде  дəлелдемелердің  зерттелуі 
ерекше сипатқа ие. Ол үшін сот тергеуі барысында сотталушылардан, жəбірленушілерден, куəлардан, 
сарапшылардан  жауап  алынады,  іс  болған  орынды  жəне  үй-жайды  қарау,  тану,  куəландыру, 
айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау, тергеу эксперименті жүргізілуі мүмкін. 
Ал,  сот  тергеуі  бұл  сот  талқылауының  басты,  негізгі  жəне  орталық  бөлігі  болып  табылады. 
Себебі  мұнда  тараптардың  қатысуымен  сот  заңда  көзделген  тəртіп  бойынша  дəлелдемелерді 
зерттейді,  демек  қылмыстың  мəн-жайын  анықтаудан,  қылмысқа  қатысты  тұлғаларды  анықтаудан, 

245 
сондай-ақ  қылмысқа  қатыстылығы  анықталған  жағдайда  жаза  тағайындау  мəселелерін  шешуден 
тұрады [3; 32]. 
Сот тергеуінің тəртібі, ол сот тергеуінде тексерілуге, зерттелуге жататын дəлелдемелердің ретін 
соттың  анықтауы,  яғни  ол  сотталушылардан,  куəлардан,  сарапшылардан  жауап  алу  тəртібін  жəне 
заттай дəлелдемелерді қарау, тергеу іс-əрекеттерінің хаттамалары мен құжаттарын жария ету тəртібін 
қарастырады.  Əрине,  мұндай  мəн-жайды  соттың  анықтауы,  кімнің  бірінші  болып  жауап  беру 
мүмкіндігі  емес,  керісінше,  іс  бойынша  берілетін  айғақтарының  маңыздылығына  байланысты  ретін 
анықтау  керек,  яғни  сотталушының,  куəлардың,  сарапшылардың,  егер  бірнеше  сотталушы,  бірнеше 
куəлар  болса, онда бірінші  болып жауап  беретін сотталушы, соңында жауап  беретін сотталушылар, 
сол  сияқты  куəлардың,  сарапшылардың  жауап  алу  ретін  анықтау  іс  үшін  маңызды.  Себебі  аталған 
тəртіп  дəлелдемелердің  мазмұнына  сəйкес  анықталады,  егер  іс  бойынша  бірнеше  сотталушылар 
болса,  олардың  əрқайсының  атқарған  роліне  байланысты  реті  анықталып,  жауап  алынуы  тиіс. 
Сонымен  қатар  дəлелдемелер  аралас  түрде  де  зерттелуі  мүмкін,  мысалы,  іс  бойынша  бірнеше 
сотталушылардан,  куəлардан,  сарапшылардан  жауап  алынып,  заттай  дəлелдемелердің  бір  бөлігі 
зерттеліп болғаннан кейін, келесі сотталушылардан, куəлардан, сарапшылардан жауап алуға кірісуге, 
заттай дəлелдемелердің келесі бөлігін зерттеуге де мүмкіншілігі жеткілікті. Зерттеудің мұндай аралас 
түрі  келесі  мəн-жайлармен  байланысты  болады: 1) топтасқан  бірнеше  сотталушылармен  жасалған 
қылмыстық  іс  бойынша; 2) сотталушыға  Қылмыстық  кодекстің  бірнеше  баптарымен  айып  тағылса; 
3) бірнеше  сотталушы  бір  қылмыс  жасаса.  Əрине,  аталған  негіздердің  орын  алуына  байланысты 
дəлелдемелерді аралас зерттеу іс үшін өте тиімді [2; 15]. 
Қылмыстық  іс  жүргізу  заңы  ұсынған  дəлелдемелерді  зерттеудің  түрлі  тəсілдеріне  қарамастан, 
ерекше  назар  жауап  алуға  аударылатынын  атап  өткен  жөн.  Жауап  алу  дəлелдемелерді  жинау  жəне 
зерттеудің  кең  тараған  құралы  десек,  қателеспейміз.  Себебі  жауап  алу  əрекеті  жүргізілмеген 
қылмыстық істі кездестіру мүмкін емес. 
Барлық  қылмыстық  істер  бойынша  сотталушыдан  жауап  алу  сот  тергеуінің  орталығы  болып 
табылады. Іс бойынша басты соттың талқылауы тағайындалған айыпталушы сотталушы деп аталады 
(ҚР ҚІЖК 69-б., 1-б.). Сот тергеуінде сотталушы басты сот талқылауының, негізгі қатысушы жəне ол 
қорғау  тарабының  қатысушысы  болып  табылады,  яғни  іс  бойынша  тараптардың  ұсынған 
дəлелдемелерін  зерттеуге  қатысуға  кең  құқылы.  Сотталушы  сот  тергеуінде  өз  құқықтарын  қорғай 
отырып, дəлелдемелерді ұсынуда, зерттеуде белсенділік таныта алады. Əрине, сотталушының айғағы 
дəлелдеменің  қайнар  көзінің  бірі,  дегенмен  ол  көп  жағдайда  айыптаушы  дəлелдемелер  болып 
саналады. Егер сотталушы іс бойынша айғақ беруден бастартса, онда сотта, алқабиде (егер басты сот 
талқылауы  алқабидің  қатысуымен  жүргізілсе)  оның  кінəлілігі  туралы  болжам  туындайды.  Əрине, 
сотталушының  айғақ  беруден  бастартуын  ешқандай  мақсатта  қолдану  мүмкін  еместігін  соттың 
ескеретіні  хақ.  Себебі  «кінəсіздік  презумпциясы»  қағидасына  сəйкес,  əр  адам  оның  қылмыс 
жасағандығы  үшін  кінəлілігі  заңда  көзделген  тəртіппен  дəлелденгенге  жəне  соттың  заңды  күшіне 
енген  үкімімен  белгіленгенге  дейін  кінəсіз  деп  саналады.  Ешкім  де  өзінің  кінəсіздігін  дəлелдеуге 
міндетті емес. Аталған ереже сотталушының процессуалдық мəртебесін анықтауды білдіреді. 
Сот тергеуіне адвокат-қорғаушының қатысуы сотталушының құқықтары мен заңды мүдделерін 
қорғау  кепілінің  бірі  болып  табылады.  Осыған  орай  қылмыстық  іс  жүргізу  заңы  сот  тергеуіне 
адвокаттардың  міндетті  қатысу  негіздерін  көрсеткен,  олар  ол  туралы  сотталушы  өтініш  білдірсе; 
сотталушы  кəмелетке  толмаса;  сотталушы  дене  немесе  психикалық  кемістігінен  өзінің  қорғану 
құқығын  өз  бетінше  жүзеге  асыра  алмаса;  сотталушы  іс  жүргізу  тілін  білмесе;  сотталушыға 
бұлтартпау  шарасы  ретінде  қамауға  алу  қолданса  немесе  ол  мəжбүр  етіліп  стационарлық  сот-
психиатрлық  сараптамаға  жіберілсе;  сотталушылардың  мүдделері  арасында  қайшылық  болып, 
біреуінің  қорғаушысы  болса;  іс  сотта  қаралған  кезде  мемлекеттік  айыптаушы,  сотталушы  қатысса; 
сотталушы  Қазақстан  Республикасының  шегінен  тыс  жерлерде  болса жəне сотқа  келуден  жалтарса; 
адам жазалау шарасы ретінде он жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылу, өмір бойы бас 
бостандығынан  айырылу  не  өлім  жазасы  тағайындалуы  мүмкін  болатын  қылмысты  жасағаны  үшін 
айыпталса  (ҚР  ҚІЖК 71-б.).  Сондай  ақ  күзетпен  ұстаудағы  сотталушы  сот  отырысына  келуден 
бастартқан  кезде  сот  істі  қорғаушының  міндетті  түрде  қатысуымен  жүргізеді  (ҚР  ҚІЖК 315-б.) 
[1; 315]. 
ҚР  ҚІЖК 316-бабына  сəйкес  сотталушының  қорғаушысы  дəлелдемелерді  зерттеуге  қатысады, 
сотқа  айыптаудың  мəні  жəне  оның  дəлелденгендігі  жөнінде,  сотталушының  жауаптылығын 
жеңілдететін  немесе  оны  ақтайтын  мəн-жайлар  туралы,  жазалау  шарасы  туралы,  сондай-ақ  сот 
талқылауында  туындаған  басқа  да  мəселелер  бойынша  өзінің  пікірін  айтады.  Қорғаушы  келмеген 

246 
жəне  оны  осы  сот  отырысында  ауыстыру  мүмкін  болмаған  кезде  істі  талқылауы  кейінге 
қалдырылады.  Сот  отырысына  келмеген  қорғаушыны  ауыстыруға  тек  сотталушының  келісімімен 
ғана  жол  беріледі.  Егер  сотталушы  шақырған  қорғаушының  қатысуы  ұзақ  уақыттың  ішінде  мүмкін 
болмаса,  сот  басты  сот  талқылауын  кейінге  қалдыра  отырып,  сотталушыға  басқа  қорғаушыны 
таңдауды ұсынады, ал ол бастартқан жағдайда жаңа қорғаушыны тағайындайды. 
Демек  сотталушының  құқықтарын  қорғау  барысында  адвокат  өз  тəсілдерін  мемлекеттік 
айыптаушының  белсенділік  дəрежесін,  айыптау  дəлелдемелерінің  жиынтығын,  алдын  ала  тергеу 
жүргізілуінің  сапасын  ескере  отырып,  өз  белсенділігінің  ретін  анықтайды.  Сонымен  қатар  адвокат 
белсенді  позициясын  ұстана  отырып,  сотталушыға  тағылған  айыпты  жоққа  шығару  немесе  оның 
жағдайын  жеңілдететін  дəлелдемелерді  ұсынады.  ҚР  ҚІЖК 116-бабының 2-бөлігіне  сəйкес, 
қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде іс жүзіндегі деректерді дəлелдеме ретінде пайдалануға жол 
берілмеушілікті,  сондай-ақ  оларды  шектеп  пайдаланудың  мүмкіндігін  өз  бастамшылығы  немесе 
тараптардың  өтініші  бойынша  процесті  жүргізуші  орган  белгілейді.  Біздің  көзқарасымыз  бойынша, 
аталған ереже тараптардың теңдігі мен бəсекелестігі қағидасына толық сəйкес келмейді, яғни аталған 
қағида қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тараптар тең құқықты, оларға өз айқындамаларын қорғауға 
бірдей  мүмкіндік  берілген  деп  нақтылайды.  Қорғаушы  өз  қорғауындағы  адамды  жауапкершілікпен 
қорғап,  заңмен  көзделген  барлық  құралдары  мен  əдістерін  пайдалануға  міндетті.  Демек,  іс  жүргізу 
барысында  дəлелдеме  заңда  белгіленген  тəртіппен  алынбаса,  сонымен  қатар  ол  қасақана  болып 
табылмаса жəне оны жоюға мүмкіншілік болса (мысалы, тергеуші тергеу əрекеттерінің хаттамасына 
күнін,  айын  белгілемесе),  онда  тараптардың  өтініші  бойынша  ол  дəлелдемелердің  іске  жіберілуіне 
рұқсат  беру  керек.  Дəлелдемелерді  іске  жібермеудің  салдары  болып,  ол  заң  талаптарының  елеулі 
бұзылуы жəне оны жоюға мүмкіншілік болмағанда ғана табылады, яғни мұндай дəлелдемелердің іске 
жіберілмеуіне  тыйым  салуға  болады.  Айта  кететін  жағдай,  қылмыстық  іс  жүргізу  заңында 
дəлелдемелердің іске жіберілмеуі «рұқсат етілмеуі», «жол берілмеушілігі» деген бірнеше сөздермен 
аударылады.  Біздің  көзқарасымыз  бойынша, «дəлелдемелердің  іске  жіберілмеуі»  деген  бірыңғай 
терминді пайдаланған түсінікті жəне орынды. 
Қылмыстық  іс  жүргізу  заңы,  сотталушының  жағдайына  ерекше  жəне  орынды  көңіл  бөлген, 
өйткені,  біріншіден,  жалған  айғақ  бергені  үшін  қылмыстық  жауапқа  тартылатыны  ескертілмейді, 
бірақ  оның  жалған  айғағы  процеске  қатысушы  басқа  адамдар  үшін  кері  əсері  болмаса,  екіншіден, 
сотталушының  жауап  беруден  бастартуы  өзіне  қарсы  зиян  келтірмейді.  Сонымен  қатар  сотталушы 
өзінің пайдасына қарастырылмайтын кез келген тергеу əрекеттеріне қатысудан бастарта алады. 
Сот тергеуінде сотталушы мына позициялардың бірін таңдай алады: біріншіден, өз кінəсін толық 
мойындамау,  екіншіден,  тағылғын  айыпты  ішінара  мойындау,  үшіншіден,  тағылған  айыппен  толық 
келісе  отырып,  кінəсін  мойындау.  Сотталушының  өз  кінəсін  мойындауы  басқа  дəлелдемелермен 
салыстыра отырып, толық зерттелуі тиіс. 
ҚР  ҚІЖК 348-бабына  сəйкес  сотталушыдан  жауап  алудың  алдында  төрағалық  етуші  тағылған 
айып  жəне  істің  басқа  да  жағдайлары  бойынша  айғақ  беру  немесе  бермеу  құқығын,  сондай-ақ 
сотталушының барлық айтқаны өзіне қарсы пайдаланылуы мүмкін екенін оған түсіндіреді. Сонымен 
қатар оған айыптаудың түсінікті-түсінікті емес екенін сұрайды, оған айыптаудың мəнісін түсіндіреді 
жəне оның тағылған айыпқа өз көзқарасын сотта хабарлау ниетінің бар-жоғын анықтайды [1; 348]. 
Сотталушы  айғағының  маңызы,  біріншіден,  сотталушының  қорғану  құралы  болса,  екіншіден, 
дəлелдеменің  қайнар  көзі  болып  табылады.  Сотталушының  сот  тергеуіне  қатысуы  тек  істің  мəн-
жайын  хабарлау  немесе  нақтылау  ғана  емес,  ол  өзін-өзі  қорғау  мақсатында  іс  бойынша  тағылған 
айыпты, өз кінəсін жəне жауапкершілігін жеңілдетуге бағыттайды [2; 16]. Сотталушыдан жауап алу 
куəдан  жауап  алуға  қарағанда  əлде  қайда  қиындық  тудыратыны  сөзсіз,  себебі  сот  талқылауы 
барысында  сотталушының  жауап  беруі  оның  міндеті  емес,  құқығы  болып  табылады. 
Сотталушынының  жауап  беруіне  ешкім  міндет  жүктей  алмайды.  ҚР  ҚІЖК 116-бабының 1-бөлігіне 
сəйкес  процеске  қатысушыларды  олардың  заңмен  кепілдік  берілген  құқықтарынан  айыру  немесе 
оларды  қинау,  күш  қолдану,  қорқыту,  алдау,  құқықтарын  толық  түсіндірмеудің  салдарынан 
жаңылуын пайдалануға жол берілмейді. 
Айта кететін жағдай, ҚР ҚІЖК 69-бабының 2-бөлігіне сəйкес мынадай құқықтарға ие: 
 заңға қайшы келмейтін құралдармен жəне тəсілдермен өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін 
қорғауға; 
 қылмыстық  процесті  жүргізуші  органнан  өзінің  құқықтарын  жəне  мүдделерін  қорғайтын  іс 
жүргізу шешімдерін қабылдау туралы хабардар етілуге; 

247 
 бірінші  жəне  апелляциялық  сатыдағы  соттың  қарауына  қатысуға  жəне  тараптың  барлық 
құқықтарын пайдалануға; 
 соңғы сөзге; 
 сот отырысының хаттамасымен танысуға жəне оған ескертпелер беруге; 
 соттың үкіміне шағымдануға жəне т.б. 
Сотталушы  өз  жауабын  дəлелдеуге  құқылы.  Сотталушының  жауап  бермеуі  оның  өз  кінəсін 
мойындамағаны деп түсініледі. 
ҚР  ҚІЖК 348-бабының 2-бөлігіне  сəйкес  сотталушы  айғақ  беруге  келісім  берген  кезде  бірінші 
болып  одан  қорғаушы  жəне  процеске  қорғаушы  тарапынан  қатысушылар,  сонан  кейін  мемлекеттік 
айыптаушы жəне айыптаушы тарапынан процеске қатысушылар жауап алады. 
Профессор М.А.Чельцов «егер сотталушы өз кінəсін мойындамаса, онда сотталушыдан бірінші 
болып жауап алу орынсыз», керісінше, тергеуді куəлардан жауап алудан бастаған əлдеқайда орынды 
деп  көрсетеді [3; 76]. ҚР  ҚІЖК 349-бабының 1-бөлігінің 1-тармағына  сəйкес  егер  сотталушы  сотта 
айғақ беруге келісім бермесе, онда алдын ала тергеу барысында берген айғағы жария етіледі. 
Сот  тергеуінде  сотталушыдан  тікелей  жауап  алуға,  яғни  дəлелдемелердің  тікелей  зерттелуіне 
мына жағдайлар мүмкіндік бермеуі мүмкін, олар: 
1) сотталушы айғақ беруден бастарқан кезде; 
2) іс сотталушы болмаған кезде қаралса; 
3)  сот  талқылауымен  алдын  ала  тергеу  барысында  берілген  айғақтардың  арасында  елеулі 
қайшылықтар болған жағдайда. 
Ал қылмыстық іс жүргізу заңына сəйкес, сот талқылауы сотталушының қатысуынсыз жүргізілуі 
мүмкін жағдайларды қарастырады: 
1)  ауырлығы  шағын  қылмыс  жасағаны  үшін  айыпталған  сотталушы  істі  оның  қатысуынсыз 
қарау туралы өтініш берсе (ҚР ҚІЖК 315-б. 1-б. 1-т); 
2) сотталушы Қазақстан Республикасынын тыс жерлерде болған жəне сотқа келуден жалтарған 
жағдайларда (ҚР ҚІЖК 315-б. 1-б. 2-т); 
3) күзетпен ұстаудағы сотталушы сот отырысына келуден бастартқан кезде (ҚР ҚІЖК 315-б. 1-б.); 
4)  егер  сот  отырысы  залынан  сот  отырысында  тəртіп  бұзған,  төрағалық  етушінің  өкімдеріне 
бағынбаған сотталушы шығарылып жіберілсе (ҚР ҚІЖК 327-б. 2-б.). 
Біздің  көзқарасымыз  бойынша,  егер  сотталушы  сот  тергеуінде  айғақ  беруден  бастартса,  онда 
алдын  ала  тергеу  барысындағы  жауап  алу  хаттамасын  сот  тергеуінде  жария  етіп  қана  қоймай, 
сонымен қатар сотталушыдан қандай да бір мəлімет алу мақсатында төрағалық етушінің дұрыс тəсіл 
қолданғаны  орынды.  Себебі  сотталушының  берген  айғағы,  сұрақтарға  берген  жауаптары,  істің 
тікелей жəне ауызша зерттелуінің орындалуы, сондай-ақ іс бойынша объективті шешім қабылдаудың 
бірден-бір кепілі. 
Айта  кететін  жағдай,  сотталушының  айғақ  беруден  бастартуы  оның  жағдайын  нашарлатуға, 
сондай-ақ қорғану құқықтарына теріс əсері болмауы тиіс. Сотталушының  айғақ беруден бастартуы, 
оның  сот  отырысы  залында  қалуына,  куəлардан,  жəбірленушіден  жəне  сарапшыдан  жауап  алуына 
қатысу  құқығын  шектемейді,  сонымен  қатар  іс  бойынша  қандайда  бір  өтініш  беруге,  қорғану 
сөздеріне  жəне  соңғы  сөзіне  құқығын  айырмайды.  Сотталушының  айғақ  беруден  бастартуына 
байланысты,  соттың  қандай  да  бір  шара  қолдануға  құқығы  жоқ,  сондай-ақ  дəлелдемелерді  оның 
кінəлігіне  қатысты  бағалау  немесе  жауапкершілікті  күшейту  сияқты  шаралар  қолдана  алмайды 
[4; 62]. 
Қылмыстық іс жүргізу заңына сəйкес тараптармен жауап алғаннан кейін сотталушыға сот сұрақ 
қояды, алайда нақтылау сұрақтары жауап алудың кез келген сəтінде қойылуы мүмкін (ҚР ҚІЖК 348-б, 
3-б.).  Демек  қылмыстық  іс  жүргізу  заңына  сəйкес  сот  негізгі  жауап  алу  барысына  қатыса  алмайды, 
яғни  тараптар  сотталушыдан  жауап  алу  барысында  олардың  ойын  бөліп  соттың  сұрақ  қою 
мүмкіншілігі жоқ (сұрақты алып тастау жағдайынан басқа). Ал тəжірибенің көрсетуіне сүйенсек, сот 
тергеуінде  басты  жауап  алушы  сот  болып  табылады.  Мұны  судьялар,  сот  тергеуі  барысында 
мемлекеттік  айыптаушы  жəне  қорғаушының  белсенділігінің  төмендігімен  байланыстырып  отыр,  ол 
сот  үшін  берген  айғақты  дұрыс  бағалауға  мүмкіншілік  бермейтінін  ескереді.  Сотталушыдан  жауап 
алу  қылмыстың  мəн-жайларын  анықтаудың  негізгі  қайнар  көзіне  айналмауы  тиіс  екенін  соттың 
ескергені  жөн.  Егер  сотталушы  алдын  ала  тергеу  барысында  берген  өз  айғағына  қарсы  айғақтар  берсе 
немесе бұрын берген айғағынан бастартса, онда сот бұл жағдайды терең зерттеуі жəне анықтауы тиіс [5]. 
Жауап беру барысында сотталушының қаншалықты дұрыс айғақ бергеніне қарамастан, ол өзінің 
пайдасына  бұрмалайды.  Бірнеше  процессуалистер,  соттың  сотталушыдан  жауап  алу  барысындағы 

248 
міндеті  тағылған  айып  бойынша  сотталушының  көзқарасын  толық  ашу  деп  есептейді  (егер 
сотталушы  айғақ  беруге  келісім  берсе).  Яғни  сотталушының  өз  əрекетін  немен  түсіндіреді,  қалай 
бағалайды  жəне  тағылған  айыпты  қалай  жоққа  шығарады  деген  пікірін  сот  анықтауы  тиіс.  Егер 
сотталушы өз кінəсін мойындаса, онда іске қатысы бар дəлелдемелерді мұқият тексеруі жəне зерттеуі 
тиіс.  Сотталушының  өз  кінəсін  мойындауы  басқа  дəлелдемелердің  жиынтығымен  зерттелмейінше, 
айыптау үкімін шығаруға негіз бола алмайды. 
Сотталушыдан  жауап  алу  барысында  соттың  оған  деген  көзқарасы  теріс  болмауы  қажет. 
Тараптардың,  əсіресе  соттың  басты  міндетінің  бірі  шындық  пен  жалғанды  бір-бірінен  айыра  білу. 
Əрине,  куəлардан,  жəбірленушілерден  жауап  алмас  бұрын  қасақана  көрсету,  жалған  айғақ  бергені 
үшін  қылмыстық  жауапкершілікке  тартылатыны  ескертіледі,  ал  сотталушы  қасақана  жалған  айғақ 
бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, оның да маңызы жоқ емес (ҚР ҚІЖК 27-б). 
Қасақана  көрінеу  жалған  айғақ  бергені  үшін  жəбірленушілерді,  куəларды  қылмыстық 
жауапкершілікке тартылатындығы туралы ескерту — ол шындық айғақ алудың бірден-бір маңызды 
құралы. Ал, іс бойынша жəбірленушілердің, куəлардың, əсіресе сотталушылардың берген айғақтары 
міндетті түрде сотпен жəне тараптармен бағалануға жатады. 
Сотталушының  өз  кінəсін  мойындауы  сот  үшін  қорытынды  шешім  болып  табылмайды,  ол  сот 
тергеуінде  басқа  дəлелдемелер  сияқты  ол  даусыз  тексерілуге  жатады.  Сондай-ақ  тəжірибеде  жиі 
кездесетін  жағдай,  ол  алдын  ала  тергеу  барысында  сотталушының  өз  кінəсін  мойындауы,  ал  сот 
тергеуінде кінəсін мойындаудан толық немесе ішінара бастартуы. Сотталушының қай сатыда берген 
айғағы шындыққа жанасатынын анықтау сот үшін өте қиын. Дəлелдемелерді ерікті бағалау теориясы 
судьялардың ішкі сенімі бойынша баға беруді қолдайды. Осыған орай қылмыстық сот ісін жүргізуде 
аталған  теориямен  бір  уақытта,  тараптар  ұсынған  дəлелдемелер  негізінде  адамның  кінəлі  немесе 
кінəлі емес екендігін анықтайтын алқабилер пайда болды, олар ар-ожданын басшылыққа алып жəне 
ішкі сенім бойынша баға береді. 
Мұндай  жағдайда  төрағалық  етуші  сотталушының  алдын  ала  тергеу  барысында  берген 
айғақтарын  жариялаумен  шектеліп  қана  қоймай,  іс  бойынша  айғақтарды  бір-бірімен  салыстыра 
отырып, дəлелдемелерді толық, жан-жақты зерттеуге жəне бағалауы тиіс. 
Заңды күші бар қылмыстық іс жүргізу заңы, əрбір дəлелдемеге қатыстылығы, жол берілушілігі, 
дұрыстығы,  ал  барлық  жиналған  дəлелдемелер  жиынтығында  қылмыстық  істі  шешу  үшін 
жеткіліктілігі тұрғысынан бағалануға тиіс деп атап көрсеткен (ҚР ҚІЖК 128-б., 1-б.). 
Дəлелдемелерді бағалаудың қағидалары болып ішкі сенім бойынша бағалау қағидасы, істің мəн-
жайын толық, жан-жақты, объективті зерттеу, дəлелдемелер жиынтығының жеткіліктілігі табылады. 
Ішкі сенім бойынша бағалау дегеніміз ол қылмыстық процесті жүргізуші орган, дəлелдемелерді 
бағалауда дəлелдемелердің жиынтығына негізделген орайда заңмен ар-ожданды басшылыққа алады. 
Судьяға,  прокурорға,  тергеушіге,  анықтаушыға  іс  жүргізуге  кедергі  жасаса,  оларды  қылмыстық 
жауапкершілікке  тартылуына  заң  кепілдік  береді  (ҚР  ҚК 339, 341-б).  Ішкі  сенім  бойынша  бағалау 
қағидасының жүзеге асырылуы қылмыстық іс жүргізу ережелерімен тығыз байланыста: судьялардың 
тəуелсіздігі  мен  дербестігі;  дəлелдемелердің  теңдігі;  қылмыстық  істің  тағдырын  анықтайтын 
қылмыстық істі жүргізуші құзыретті органдардың шешімдері. 
Дəлелдемелерді жан-жақты, толық жəне объективті зерттеу болып істің мəн-жайын жан-жақты, 
толық жəне объективті зерттеу қағидасы табылады. 
Іс  бойынша  жиналған  дəлелдемелердің  барлық  жиынтығын  бағалау  қылмыстық  іс  бойынша 
дұрыс қорытынды жасау үшін оның жеткіліктілігін анықтайды. Белгілі бір дəлелдемелер жиынтығын 
бағалау іс бойынша жекелеген мəн-жайларды анықтау үшін жүзеге асырылады, мысалы, оқиға болған 
жер.  Сондай-ақ  дəлелдемелер  жиынтығын  бағалау,  бірнеше  түрдегі  процессуалдық  жəне  басқа  да 
шешімдер  қабылдаудың  негізінде  жатыр.  Дəлелдемелердің  барлық  жиынтығы,  қылмыстық  іс 
бойынша  заңды  жəне  дұрыс  қорытынды  жасау  үшін  жеткіліктілігі  дəлелдемелердің  жалпы  жүйесін 
құрайды. Дəлелдеу пəніне кіретін, жекелеген мəн-жайларды анықтайтын дəлелдемелердің жиынтығы, 
қылмыстық іс бойынша дəлелдемелердің жеке жүйесі болып табылады. 
Демек  дəлелдемелерді  бағалау  ол  өзіндік  мақсат  болып  табылмайды,  ол  қылмысты  тергеу 
процесінде заңды жəне негізді шешімдер қабылдауға қызмет етеді. 
Сонымен қатар сот үшін аса қиындық тудыратын жағдайдың бірі, ол егер іс бойынша бірнеше 
сотталушы  болса,  олар  жасаған  əрекетін  бір-біріне  артуы  əбден  мүмкін,  яғни  қай  сотталушының 
айғағы шындық, ал қай сотталушының айғағы жалған екенін түсіну өте қиын. Сондай-ақ, керісінше, 
сот  шешімінің  жеңіл  болуын  сотталушы  көздей  отырып,  соттың  шатысуын  қалап,  сотталушының 

249 
жалғанды  жалпағынан  басатын  жағдайлары  тағы  бар.  Ал  сотталушының  дəлелдеме  ұсынуы  оның 
міндеті емес, құқығы екені белгілі. 
Сот  тергеуі  барысында  сотталушының  мінез-құлқына,  өзін-өзі  ұстауына,  тұрысына  соттың 
ерекше  көңіл  аударуы  тиіс.  Сотталушының  сот  тергеуіндегі  мінез-құлқы,  өзін-өзі  ұстауы, 
ұстамдылығы,  оның  шын  өкінуі,  шынайы  айғақ  беруі  іс  бойынша  ақиқатты  анықтауға  көмегін 
тигізетін  жағдайлары  да  тəжірибеде  аз  емес [4; 56]. Сот  тергеуі  барысында  басшылыққа  алынатын 
басты  қағиданың  бірі — ол  сот  талқылауының  тікелей  жəне  ауызша  болуы.  Осыған  орай,  өз 
алдарында  айғақ  беріп  тұрған  сотталушыны  сырттай  бақылау,  оның  ойлау  барысына  назар  аудару, 
сотпен,  тараптармен  қойылған  сұрақтарға  берген  жауабына  көз  жүгірту  керек.  Сот  тергеуі 
барысындағы  сотталушының  əрекеттерінің  ерекшеліктері  қандай  да  бір  əсер  қалдыратыны  сөзсіз, 
яғни ол сот талқылауындағы дəлелдемелердің тікелей зерттелген нəтижесін білдіреді. 
Тəжірибенің  көрсетуі  бойынша  сот  тергеуінде  сотталушының  белсенділігі  өте  төмен,  оны  сот 
тергеуі  барысына  сотталушының  адвокатының  қатысуында  деп  түсіндіреді.  Ал  сотталушының  өз 
белсенділігі тек олардан жауап алу барысында ғана танылуы мүмкін. Судьялардың айтуы бойынша, 
тəжірибе  барысында  кейде  адвокаттарға  қарағанда  сотталушылар  əлдеқайда  белсенділік  танытады 
екен. Мысалы, азамат К. ісі бойынша (іс адвокаттың қатысуы бойынша жүргізілген болатын) алдын 
ала  тергеу  барысында  жауап  алу  хаттамасына  қол  қою  өзінің  қатысуынсыз  жүргізілгенін  ескере 
отырып,  сот  тергеуінде  қолжазбалық  сараптама  тағайындау  туралы  сотқа  өтініш  білдіреді. 
Сараптамалық  зерттеудің  нəтижесі  хаттамаға  қойылған  қолдың  сотталушыға  тиесілі  емес  екендігін 
көрсетеді, соның нəтижесінде аталған жауап алу хаттамасы дəлелдемелік күшін жойды. 
Ал  сотталушының  сот  тергеуіндегі  белсенділігінің  төмендігі,  ол  заңмен  бекітілген 
құқықтарының  толық  білмеуі  жəне  құқықтарын  дұрыс  түсінбеуімен  байланысты [6]. Əрине, 
төрағалық  етуші  судья  сотталушыдан  жауап  алмас  бұрын  құқықтарын  түсіндіретіні  белгілі,  бірақ 
кейбір  құқықтары  тіпті  түсіндірілмейтін  жағдайларда  аз  емес.  Біздің  көзқарасымыз  бойынша, 
төрағалық  етуші  судья  сотталушыға  қосымша  мына  жағдайларды  түсіндіруі  тиіс:  сот  тергеуінде 
барлық  жауап  алынып  отырған  адамдарға  сұрақ  қоюға;  іс  үшін  мəні  бар  барлық  мəн-жайлар 
анықталғаннан  кейін  сарапшыға  жазбаша  түрде  сұрақ  беру  (ҚР  ҚІЖК 354-б. 5-б.);  заттай 
дəлелдемелерді қарауға қатысуға (ҚР ҚІЖК 356-б.). 
Сот  тергеуінде  дəлелдемелерді  жинау,  зерттеу  бойынша  əрекеттер  аяқталғанан  кейін,  сот 
тергеуін  толықтыруды  қалай  ма,  егер  қаласа,  сот  тергеуін  немен  толықтырғысы  келетіні  туралы 
өтініштерінің  бар-жоғын  тараптардан  сұрайды,  сот  тергеуін  толықтыру  туралы  өтініш  мəлімделген 
жағдайда,  сот  бұл  өтінішті  талқылайды  жəне  оны  шешеді,  егер  сот  тергеуін  толықтыру  туралы 
тараптардан  өтініші  түспеген  жағдайда  төрағалық  етуші  сот  тергеуін  аяқталды  деп  жариялайды. 
Төрағалық  етуші  тараптардың  өтінішін  тыңдағаннан  кейін  оны  қанағаттандыру  немесе 
қанағаттандырудан бастарту туралы шешім қабылдайды. 
Мұндай  жағдай  сотталушының  жеке  басын  анықтау  үшін  жəне  оның  жағдайын  жеңілдету 
немесе, керісінше, ауырлату үшін берілген өтініштер қанағаттандырылуы тиіс. Тараптардың өтінішін 
қанағаттандыру  немесе  қанағаттандырудан  бастарту  туралы  шешім  қабылдау  үшін  сот  кеңесу 
бөлмесіне кете алады немесе өз орнында шеше алады. 
Жоғарыда  көрсетілген  мəселелерді  қорытындылай  келе,  сотталушы  сот  тергеуінде 
дəлелдемелерді ұсынуда, зерттеуге қатысуда белсенді болуы тиіс, сондай-ақ сотталушыдан жауап алу 
барысында  тараптар,  əсіресе  сот  ерекше  белсенділік  танытуы  керек,  себебі  дəлелдемелердің  дұрыс 
зерттелуі жəне бағалануы — ол заңды жəне негізді үкім шығарылуының бірден-бір кепілі. 
 
Əдебиеттер тізімі 
1.  Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. — Алматы: Юрист, 2008. — 200-б. 
2.  Петелин Б. Допрос подсудимого: вопросы вины // Сов. юстиция. — 1992. — № 21, 22.  
3.  Чеджемов Т.Б. Судебное следствие. — М.: Юрид. лит., 1979.  
4.  Питерцев С.К., Степанов А.А. Тактика допроса в суде. — СПб., 1998.  
5.  Вишневский  К.В.  Исследование  доказательств  на  предварительном  следствии  и  в  судебном  разбирательстве. — 
Краснодар, 2001. — С. 95. 
6.  Нуралиева  А.С.  Роль  судебного  следствия  во  всестороннем,  полном,  объективном  исследовании  доказательств  по 
уголовному делу: Дис. ... канд. юрид. наук. — Алматы, 1999. — С. 98. 
 
 

250 
ƏОЖ 342. 553 (574) 
Б.Мырзағұлова 
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет